Қазақ тілі 5-сынып Бөлім: Бос уақыт және хобби Сабақ-14 Тақырып: Бос уақыт Әзірлеген: Омашева Асем Рахмановна Нұр-Сұлтан қаласы №61 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақ тақырыбы: Бос уақыт
Оқу мақсаты: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты табу. Сабақ мақсаты: Оқыту стратегияларын қолданасыз: жалпы мазмұнын түсінесіз, негізгі ақпаратты табасыз.
Бағалау критерийлері: - мәтіннің мазмұнын түсінеді; - сұрақтарға жауап береді; - тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.
Оқушылар, бос уақыт дегеніміз – адамның үй шаруасына көмектесу, ұйықтау, сабақ оқуға кеткен уақыттың қалған бөлігі. Адам үшін ең қымбат нәрсе– уақыт. Ол алтыннан да қымбат.Уақыт– әркімнің өмірлік капиталы. Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Кісінің іскерлігі уақытты бос жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз. Жалпы адамға берілген мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биікке жетеді. Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеді. Адам уақытты сезгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты. Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақыттың ысырап болуы – шығын. Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Алтындай уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста. Өзіңді-өзің тәрбиеле.
1. «Топтастыру» әдісі Дескриптор: - мәтіннің мазмұнын түсінеді; - өз ойын дұрыс жеткізеді.
Бос уақытта не істеуге болады?
1. Жауабы:
Бос уақытта не істеуге болады?
спортпен айналысу
әр түрлі үйірмелерге қатысу
серуендеу
әдеби кітап оқу
2. Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар
Дескриптор: - мәтіннің мазмұнын түсінеді; - сұрақтарға жауап береді.
Бос уақыт дегеніміз не?
Уақыттың адам үшін маңызы қандай?
Адамның іскерлігі неден басталады ?
Өз уақытын пайдалана білген адам нені үйренеді?
2. Жауабы:
Бос уақыт дегеніміз – адамның үй шаруасына көмектесу, ұйықтау, сабақ оқуға кеткен уақыттың қалған бөлігі.
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Ол алтыннан да қымбат.
Кісінің іскерлігі уақытты бос жібермеуден басталады.
Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биікке жетеді.
3. «Тізбекті ой» әдісі Дескриптор: - негізгі ақпаратты анықтайды.
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт себебі сонымен қатар тағы да
3. Жауабы:
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт. Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
себебі
сонымен қатар Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биікке жетеді.
тағы да
3. «Жұдырық-алақан» әдісі (Сергіту) Дескриптор: - ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Сұрақтар
Жұдырық ( дұрыс)
Алақан ( бұрыс)
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.
Кім уақытын бағалай білмесе, сол ғана биікке жетеді
Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.
Уақыттың ысырап болуы – шығын
Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын бар
Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста
Кісінің іскерлігі уақытты бос өткізуден басталады
3. Жауабы:
Сұрақтар
Жұдырық ( дұрыс)
Алақан ( бұрыс)
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.
+
Кім уақытын бағалай білмесе, сол ғана биікке жетеді
+
Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.
+
Уақыттың ысырап болуы – шығын
+
Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын бар