Өзін- өзі тану пәнінің басқа оқу пәндерімен интеграциясы Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды »



Дата02.01.2022
өлшемі14,24 Kb.
#107795
Байланысты:
Өзін өзі тану


Өзін- өзі тану пәнінің басқа оқу пәндерімен интеграциясы

Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып, оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.

Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.

Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, интеграциялау қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара интеграциялау, пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен басқа да пәндерді ықпалдастыру , кіріктіруді тиімді деп санауға болады.

Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы, кіріктірілуі олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:

– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;

– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;

– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.

Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен интеграциялауда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады. Мұғалім өз пәні арқылы оқушыларды қалай рухтандырады ? Мұғалім немен шабыттанады? Бұл сұраққа жауап беруде мен рухани-адамгершілік құндылықтарды әрбір пәнмен интергациялау мысалдарымен бөліскім келеді.

Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды, кіріктіруді әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне орай ойластыру қажет.

Жалпы оқушылар ересектерге, мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне үндеу тастаған: «Ұстаздар, мені сүйетін физика керек; мені жанындай жақсы көретін биология керек; мен десе жанын беретін математика керек! Маған мені қамқорлығына алатын, мен үшін өмір сүретін ғылым керек! Ол менімен маған ерекше етене жақын түсінікті тіл – жүрек тілімен сөйлесуі керек».

Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер алдымен міндетті түрде пәнді оқыту керек деп санайды, ал өзінің қызметі туралы сұраққа: «Мен математиканы оқытамын», «Мен физиканы оқытамын», «Мен тарихты оқытамын» және т. б. деп жауап береді. Бірақ дұрыс жауап «Мен балаларды оқытамын» болуы қажет. Қандай пәнді оқытсақ, та, бірінші кезекте балаларды оқытатынымыз есімізде болу керек. Сондықтан да тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинауы емес, ішкі ар-ұжданының үніне сәйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу үдерісінің ең маңыздысы болып табылады.



Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру .

Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет