Сабақтың презентациясын жүктеп алу: «Физика әлеміне саяхат» (pdf) «Физика әлеміне саяхат»



Дата08.06.2018
өлшемі42,28 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы:  «Физика әлеміне саяхат»  (интеллектуалдық сайыс сабақ)
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: «Физика әлеміне саяхат» (PDF)
«Физика әлеміне саяхат» атты сайыс сабағын өткізу үшін 10-11 сынып   оқушыларынан 2топ құралады. Әр топтың аты болуы керек. «Ойшылдар»,«Алғырлар»
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:   Оқушылардың ақыл ойының,шығармашылығының  дамуына жағдай жасау
Тәрбиелік:  Ойын барысында оқушылардың физикалық  терминдерді қолдану мәдениетін, сауаттылығын қалыптастыру, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың өту барысы:  1.Кіріспе бөлімі
2. Ойын кезеңдері
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:»Жеті жұрттың тілін біл»
Сұрақтың  жауабын үш тілде айту
III кезең:« Ғажайып алаң»  Сұрақтарға жауап беру
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған
сұрақтарға жауап беру
3. Қорытынды бөлім
Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.

-2-
1. Кіріспе бөлімі.


Таланттылар ойланып,толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын.
Көңілді тапқыштар,білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің  жеңімпазы болады.
2. Ойын шартымен таныстырылады:
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:»Жеті жұрттың тілін біл» Сұрақтың  жауабын үш тілде айту
III кезең:» Ғажайып алаң»  Сұрақтарға жауап беру
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған  сұрақтарға жауап беру
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»  1. Физика сөзінің мағынасы
Жауабы: Табиғат
2.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Жауабы:Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі
3.Жер төңкергіш ғалым
Жауабы: Архимед
4.»Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым
Жауабы: М.В.Ломоносов
5. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном
Жауабы: Галилео Галилей

-3-
6.«Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай,үйде отырып-ақ қалам ұшымен дәлелдеген» ғалым


Жауабы: Исаак Ньютон
7.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім?
Жауабы: Э. Резерфорд
8. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды?
Жауабы: 1609 жылы
II кезең»Жеті жұрттың тілін біл» Сұрақтың  жауабын үш тілде айту
1. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама
Жауабы: Энергия, energy
2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?
Жауабы:Материя, matter
3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?
Жауабы: Жол, дорого,road
4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Жауабы.Күш, сила,strength
5. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы
Жауабы: Диффузия, diffusion
6.Жердің жалғыз серігі
Жауабы.Ай, луна, moon
7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны
Жауабы: Жарық.свет, Iight
8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі
Жауабы:Күн. Солнце, sun
-4-
III кезең: Ғажайып алаң  Сұрақтарға жауап беру
1.Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де,жаяу да
Саралайсың,таңдайсың.
Жауабы: Жол
2.Суы бар стаканға мұздың кішкентай  кесегін тастап, жіп пен бір шымшым тұз арқылы мұзды қалай судан шығарып алады?
Жауабы: Диффузия құбылысына негіздеп айту
3.Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағнасын байытудатарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз
Жауабы:Әбу насыр әл-Фараби
4. 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды?
Жауабы:Сондай градуста
5. Егер Жер тартылыс күшінен айрылса не болар еді?
Жауабы: Жер секундына 30км жылдамдықпен әлем кеңістігін шарлап өтер еді.
6. Жерді ортасынан қақ бөлсе не болады?
Жауабы: Екі жарты шар.
7. 5 жұмыртқа 4минудта піссе,100 жұмыртқа неше минудта піседі.
Жауабы: Сондай
8. Бөлмеде отырып ауаның қысымын неге сезбейміз?
Жауабы: Сыртқы ауа мен адамның ішкі қысымдары тең
9. Мылтықтан атылған оқ  піскен жұмыртқаны тесіп өтіп кетеді. Ал,шикі жұмыртқаға оқ тисе не себепті быт-шыт болып жарылып жан-жаққа ұшып кетеді?
-5-
Жауабы: Паскаль заңы орындалады
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған  сұрақтарға жауап беру
«Ойшылдар» тобына қойылатын сұрақтар:
1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы:   Телескоп
2. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
3. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде
4. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз
5. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең
6. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
8. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен
9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр
10. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста
11. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр
12. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар
13. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу
14Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр
15. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/с
16. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең
17 Период қандай шамаға кері: Жиілікке
18. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі  қалай аталады: Шоқжұлдыз
-6-
19. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен  ығысуының мәні
20. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы
«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар
1.    Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика
2.    Әр түрлі заттардан нелер құралады? Денелер
3.    Температураның өлшем бірлігі:Градус
4.    Меркурий планетасының қазақша атауы: Болпан немесе Кіші Шолпан
5.    Жердің радиусы қандай шамаға тең? 6370км
6.    Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады? м/с
7.    Күш өлшейтін құрал қалай аталады?: Динамометр
8.    Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
9.    Еркін түсу үдеуінің мәні: 9,8н/кг
10.     Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?: 327 градуста
11.    Кернеуді қандай әріппен белгілейді, оның бірлігі,өлшенетін аспабы? U; Вольт;Вольтметр
12.    Сұйық қайнайтын температура.Қайнау температурасы
13.    Қатынас ыдыстарды ата: Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б
14.    Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Барометр-анеройдтар
15.     Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 11,2км/с
16.    Ньютонның екінші заңының өрнегі: F=m*a
17.     Период пен жиілік бір-біріне қандай шама: кері шама
-7-
18.    Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? 88
19.    Сұйықтың буға айналу құбылысы қалай аталады? Булану
20.    Астрономия грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Астрон-жұлдыз,номос-заң
Қорытынды:
Осымен  бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей отырып бүгінгі көріп тамашаланған «Физика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық ойын сабағы өз мәресіне жетті.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу