Астрономиялық құралдар — астрономиялық бақылауларға және оларды өңдеуге арналған жабдықтар. Астрономиялық құралдарды астрономиялық құбылыстарды бақылау аспаптарына, бақылауға арналған көмекші құралдарға, жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және демонстрациялық құралдарға топтап бөлуге болады. Соның ішінде телескоптарға тоқталар болсақ, телескоп (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоптар алыстағы денелердің кескінін үлкейту үшін қолданылады. Телескоптың басты және негізгі бөліктері – объектив пен окуляр. Объектив – бақыланатын объектіге, ал окуляр бақылаушының көзіне немесе фотопленкаға бағытталған.
Телескоптың негізгі бөліктері
Телескоптың басты және негізгі бөліктері – объектив пен окуляр. Объектив – бақыланатын объектіге, ал окуляр бақылаушының көзіне немесе фотопленкаға бағытталған. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық инфрақызыл және радиотелескоптар, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді.
Линзалы телескоптар. Біздің заманымызға дейін көп елдердің астрономдары күндізгі және түнгі аспанды құралсыз көзбен бақылай отырып, бірнеше қатар маңызды жаңалықтар ашты. Дегенмен күнді, содан соң жұлдыздар жүйесін жан-жақты зерттеулер осыдан 400 жыл бұрын басталған. XVII ғасырдағы голландиялық шеберлердің линзалық көру түтігін, немесе рефрактор сияқты құралдарды ойлап тапқанын 1609 ж. естіген итальян ғалымы Галилео Галилей 1610 ж. 7 қаңтарында дәл осындай құралды жасап, әр түрлі аспан жыныстарын жүйелік түрде бақылай бастады. Бұл мерзім ғылымда телескоптық бақылаудың бастау дәуірі болып саналады. Галилей немесе басқа бақылаушылар тарапынан қолданылған көру түтігі телескоп деп аталды.