8.1-дәріс Информатика сабақтарында оқушылардың үлкен деректермен (Big data) жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Слайд
Мәтін
1
Сабақтың тақырыбы: Информатика сабақтарында оқушылардың үлкен деректермен (Big data) жұмыс істеу дағдысын дамыту.
2
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың мақсаты, әр балаға заманауи, сапалы тәрбие мен білімнің қол жетімді болуы, әр балаға колледжде, жоғары оқу орнында жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге, ғылыми зерттеулер мен шығармашылық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік болуы. Осы мақсаттарға жету жаңа білім беру стратегиялары мен мемлекеттік саясатпен қамтамасыз етіледі.
Білім беру жүйесіне ақпаратты талдау және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларға заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің негізгі білімдері, дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа бағдарлама енгізілді.
2018-2020 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және адами капиталдың дамуының жол картасы шеңберінде «Информатика» пәні бойынша пәннің мазмұнын тек оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеуді ғана емес, сонымен қатар STEM элементтерін (робот, виртуалды шындық, 3D басып шығару және т.б.) енгізуді және қазіргі заманғы мектеп білімінің нысандары мен мазмұнын қайта қарауды қамтиды. Пәннің оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
3
Жоғары сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады (жаратылыстану-математикалық бағыты мысалында).
4
Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
5
Осы міндеттерді шешу, оқушыны белсенді өмірге дайындауда ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытудың маңызы зор.
«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасының «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімінде қарастырылған оқу мақсаттары оқушының үлкен көлемді ақпараттар легімен жұмыс істеу дағдысын дамытуды қарастырады.