5 орта мектеп,математика пәні мұғалімдері Исаева Алмагүл Майлыбайқызы,Қайдасова Гүлвира Мырзабекқызы «Математикадан сыныптан тыс іс-шаралар»



бет1/3
Дата29.01.2017
өлшемі0,51 Mb.
#8225
  1   2   3
5 орта мектеп ,математика пәні мұғалімдері

Исаева Алмагүл Майлыбайқызы,Қайдасова Гүлвира Мырзабекқызы

«Математикадан сыныптан тыс іс-шаралар»

Түсінік хат.

«Оқу - тәрбие саласындағы математика кештерінің ролі»

Жастарға білім мен тәрбие беру - әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар проблема. Жастарды, болашақ ұрпақты көзі ашық, көкірегі ояу, білім сапасы жоғары, ұлтын, жерін , елін қадірлейтін, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі мектептен басталады. Бұл жалпы орта білім беретін мектептің маңызды міндеттерінің бірі, оны жүзеге асыру мұғалімнің міндеті. Кез келген пэн мұгалімі пэн ғылымының мазмұны арқылы да шәкірттерін тәрбиелейді. Оқушылардың математикаға дайындығын жан - жақты жетілдіру үшін мектептегі математика курсының күнделікті практикалық өмір талабына сай жаңа мазмұнда оқытылуы жеткіліксіз. Оқу сапасы оқудың әр түрлі әдістерін шебер байланыстыруға жэне қажетті әдісті керек уақытында қолдана білуге байланысты. Оқыту әдістерінің біреулері оқушыны интенсивті ақыл-ой ізденістеріне ынталандырса, ойлау қабілетінің дамуына әкелсе, басқалары жаттанды жаттығуларды талап етеді жэне есте сақтау қабілеті мен дағдының дамуына ықпал етеді. Оқыту әдістерін таңдау, тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне тэуелді. Оқыту процесінде сабақ берудің барынша тиімді әдістерін жинақтап, оқушылардың өз бетіндік жэне шығармашылық қабілетін арттырумен бірге кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды да сапапы жүргізу кажет.

Математика пәні бойынша кластан тыс жүмыстар оқушылардың математикалық ойлау қабілетін

дамыту,теориялық білімін тереңдету, практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру, осы пэнге қызыгушылығын арттыру, оларды бүл ғылымның сырыи ұгуга икемдеу мақсатында жүргізіледі. Математикалық жаңа багдарламаның түсіндірмесінде оқушылардыц математикалық білімін байыту,олардың математикага деген сүйіспеншілігін тудыру математикадан дүрыс ұйымдастырылган жүмыстарға тікелей байланысты делінген.

Дұрыс ұйымдастырылған математикалық кластан тыс жұмыстар, біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін, шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді. Мектепте өткізілетін математикалық кластан тыс жұмыстардың бірі - математикалық кештер. Ол оқушы қауымын кеңінен қамтитын оқу - тәрбие шараларының бір түрі болып табылады. Жақсы дайындалып өткізілген кеш оқушылардың білімін толықтыра түседі, оларды тарихи мәселелермен таныстырады. Математика кештерінде оқушылар тек қана қызықты математикамен ғана айналысып қоймайды, сонымен қатар олар жалпы ой - өрісін дамытып, творчествалық инициативасын жэне тапқырлығын арттыра түсетін математиканьщ неғұрлым күрделі мэселелерімен танысады. Кешті дайындау, ұйымдастыру жэне өткізу алдын - ала үлкен дайындықты талап етеді, дегенмен дұрыс ұйымдастырылған кештердің үлкен тәрбиелік мэні зор.

Кешке дайындық жүмысына оқушылардың үлкен қауымы қатыстырылады, олардың барлығы ортақ бір міндетті орындауға жүмсалады. Бүл ортақ мақсат оларды жақындастыра түседі, бір - біріне деген достық, жолдастық қатынасының арта түсуіне себепші болады. Ортақ мақсат көзделетін топтық еңбек кезінде еңбекке мығым эрі берік үжым қүралады. Кешке дайындалуда оқушылардың өз бетімен қызмет етуіне кең мүмкіндік беріледі, яғни математикалық түрлі есептерді іріктеп алу, оларды шығару, баяндамаға өз бетімен даярлану, белгілі бір қүралдың моделін жасау, қабырға газетін шығару, мэнжазба жазу сияқты жұмыстармен айналысады. Мүнда оқушыларға біраз қиындықтар да кездесуі мүмкін, бүл табандылыққа тәрбиелеудің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Осылардың барлығын орындау, өздерінің шығармашылық еңбегімен жақсы нэтижеге жету, жүмыстарының пайдаға асқанын көру - оларды куанышқа бөлейді, пэнге қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттырады.



1.«Дарындылар додасы»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын,ынтасын,зейінін арттыру,алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа,жолдастыққа,алғырлыққа,белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, бағалау парағы.
1-жүргіруші:
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
2-жүргіруші:
Бүгін біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынысып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші
1-жүргіруші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
2-жүргіруші:
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы туры - «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге,бәйге бір көріңіз
1-жүргіруші:
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады.Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді.Әрбір дұрыс жауапқа 10 – ұпай

1-Тур. «Бәйге»


Рационал сандар жиынын нелер құрайды?
(Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)
а-ның n дәрежесі деп нені атаймыз?
(әр қайсы а- ға тең n – көбейткіштің көбейтіндісі)
Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?
(Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер иррационал сандар деп аталады)
Бірмүше дегеніміз не?
(Сандар мен әріптердің көбейтіндісі)
у=х^2 функциясының графигі қалай аталады?
(парабола)
Көпмүше деп нені атайды?
(Бірмүшелердің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады)
Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
(Жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама – қарсы таңбаларға өзгереді)
у=х^3 функциясының графигі қалай аталады?
( кубтық парабола)
Нақты сандар жиынын нелер құрайды?
(Рационал және иррационал сандар)
Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?
(Құрамында әріпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады)
2-Жүргізуші:
«Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл - өнер» бөлімін бастаймыз.
1-Жүргізуші:
Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал - мәтелдерден және геометриялық ұғымдардан сөз жасырылады. Жауабын үш тілде аудару керек.
Жауабын дұрыс тауып аударса 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, еш аудармасы жоқ болса 10 ұпайға ие боласыңдар.

2-Тур. «Тіл - өнер»


1.Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады
(түзу - прямая - straignt)
2. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура
(бұрыш - угол - angle)
3.Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі
(сәуле - луч – beamray)
4.Тік бұрыштан кіші бұрыш
(сүйір - острый – sharp(keep))

5.Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да


Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка,rule)
6. Мен бұрышты берілген
Тең екіге бөлемін
Жаралғалы ғылымда
Не атанып келемін? (биссектриса, биссектриса, bisector)
2– жүргізуші:
3– тур. «Формуланы білесің бе?»
Кездесті қандай формула
Айтып жібер ойланып тез.
Формула қандай болды кез.

Мына формулалар бойынша нені табуға болатынын айту керек.


S = ab, P =2(a+b), S =a^2,P= 4a
V= abc, C =πD, V =a^3, S =ϑ t
1 – жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғажайып үштік»
Оймен кәне көк теңізін кешіңдер
Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып зердеменен шешіңдер.
Бұл бөлімде оқушылар тақтадағы кесте бойынша сұрақтар таңдайды

Сайысушыларға ескертетініміз, осы бөлімнен кейін ұпайы аз оқушымен қоштасамыз.


20. Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала?
(8)
20. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?
(2-уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
20. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?
(14 км)
30. Үш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды?
(түйе құс ұшпайды)
30. Тек 6 цифрін 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте
(6 *6 – 6)
30. Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?
(10 және 100)
40. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында.
(рационал сандар)
40. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
(дәреже)
40. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан осіне қақ бөлуді
Сол саныңыз жараған.
(нөл)
2- Жүргізуші:
Ойыншыларымыздың алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, ойынымыздың келесі бөліміне көшейік.
1 – жүргізуші:
Сонымен, ойынымыздың келесі бөлімі «жанды сұрақтар» бұл бойынша сіздерге қойылатын сұрақтары үш нұсқада беріледі.
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан
Шәкірттердің білері алға шығады.
Асықпаңдар, ойланыңдар жақсылап,
Үш жауап бар біреуі оның шырағы.
Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауларыңыз керек.

Координаталық түзуді кім енгізді?


1. И.Ньютон.
2. Р.Декарт.
3. Э.Галуа.
2. Жиын теориясының негізін қалаушы?
1. Р.Декарт.
2. Э.Галуа
3. Г.Кантор.
3. Математикалық теңдеу туралы ғылыми еңбек жазған адам?
1. О. Жәутіков.
2. Қ. Исақов
3. С.Сыдықов
1- жүргізуші:
Сайысымыздың ең шешуі кезеңі «Дода» бөліміне көшейік.
Ең қиыны жарыстың «Дода» келді
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың соңғы кезең «Дода»

Бұл кезеңде сұрақ. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беруі керек.


Оқушы:
1) Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)
2) Қарама – қарсы сандардың қосындысы (0-ге тең)
3) π санының жуық мәні ( 3,14)
4) Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
5) Кез келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)
6) Теріс санның жұп дәрежесі (оң сан)
7) Ең кіші 3 таңбалы сан (100)
8) Нөлдің n дәрежесі (0)
9) Ең кіші натурал сан (1)
10) 11 санының квадраты (121)

Оқушы:
1) Айырмашылығымен тек таңбаларында ғана болатын сандар (қарама –қарсы сандар)


2) Теріс сандардың қосындысы (теріс сан)
3) Жүзден бір бөлік (процент)
4) Екі санның бөліндісі (қатынас)
5) Кез келген санның нөлінші дәрежесі (1-ге тең)
6) Теріс санның тақ дәрежесі (теріс сан)
7) Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
8) 1- дің n дәрежесі (1)
9) Ең кіші жай сан (2)
10) 4 санының кубы (64)

1- жүргізуші:


Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділқазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытынды. Көп ұпай жинаған оқушыға «Дарынды оқушы» атағы беріліп, марапатталды.



2.«Математика ғажайыбы»

1-бөлім. Таныстыру
Армысыздар ұстаздарым құрдас құрбым
Математика сайысына келіп тұрмын
Басталды «математика» атты сайысымыз
Айтайын біздер жайлы танысыңыз
8 А-ның тапқырлары Динара мен Анармыз
Тобымыздың нақты атын «Арифметика»деп алғанбыз
Математика ғажайыбын ақтарып бір қарайық
Апталықта жеңіл шықсақ алға әлі самғайық.
2, Армысыздар көрермендер қазылар
Өткізген осы апталықта ойым бар
Бүгінгі өткізілген бұл байқаудан
Өз бағымды сынап көрмек ойым бар
8 Б сыныбынан келдік біз
Бауыржан мен Айдана білімдіміз
Ұстаздардың білімінің арқасында
«Пифагор» тобымыз біз бұл сайыста
3-топ Тапқырлар тобы
4-топ Алғырлар тобы

2-БӨЛІМ.»Кім қырағы»сайысы.


Шарты; Интерактивті тақтадан математикалық терминдер көрсетіліп, қайта жасырылады.
Әр топ сол терминді атап, анықтама береді.
3-Бөлім «Тіл-өнер»
Шарты; Оқушы мақал мәтелдердің айтылмай қалған бөлігін тауып, орыс, ағылшын тіліндегі аудармасын айтады.
1....- жылда ел жаңа ( Елу-пятьдесят -... )
2 Ағайын – алтау, Ана -.....
3 Батыр бір өледі, Қорқақ.... өледі
4 Қызға..... үйден тыйым
5 Айдағаным.... ешкі, Ысқырығы жер жарар
Екі елі ауызға,... елі қақпақ
Ат баспаймын деген жерін,..... басады
Бір тал кессең,.... тал ек.

4-БӨЛІМ «Жорға»


Жүргізуші; Ақынжанды болмаған
Математикте бола алмас
Жақсы шумақ туылмай
Көңілге әсте қона алмас-дей келе Жорға бөлімінде оқушылардың
Математика пәні бойынша білім деңгейі анықталады.
7-сынып.
1. Тік бұрыш неше градус?
2. Шаршының неше қабырғасы бар?
3. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзу
4. 0-ден үлкен сандар
5. а2+в2 =?
6. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем.
7. Геометрия қай елдің сөзі?
8. Периметр деп.....
9. Алгебра қай елдің сөзі?
10. Сыбайлас бұрыштардың анықтамасы.
8-сынып.
1. Пифагордың теоремасын айт.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп....
3. Жазыңқы бұрыш неше градус
4. Қиылыспайтын түзулер
5. Катет қай үшбұрышта болады
6. Д=?
7. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп
8. Үшбұрыштың ауданы.
9. Трапецияның ауданы.
10. Үшбұрыштың орта сызығы.

5-БӨЛІМ.»Тапқырлар» сайысы.


1. Түнгі сағат 12 де жаңбыр жауып тұр, 48 сағаттан кейін күннің көзін көруге бола ма?
2. 86 санын қағаз бетіне жазбастан 12-ге арттыр.
3. Алманың жартысы неге ұқсайды?
4. Жылдың неше айында 28 күн бар?
5. Бір таяқтың неше ұшы бар?
6. 188 ді екіге бөлсек 100 шығады қалай?
7. Үш түйе құс ұшып барады, аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі қалды?
8. Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы қалады?

6-БӨЛІМ.»Жанкүйерлер» сайысы.


Ортаға әр топтың 2жанкүйері шығады да математикалық терминдер жазады.
Шарты; терминнің соңғы әрпі келесі сөздің бас әрпі балуы керек.

7-БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫ.


Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады
Ал қазір әділқазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады - дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріліп қорытындыланады.

3.«Атақты математиктер өмірінен қызықты сауалдар» жайында сыныптан тыс жұмыс.

Сыныптан тыс жұмыстардың танымдық маңызы зор екені белгілі. Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көрсетсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарында, сабақтың әр кезеңдерінде атақты математиктердің өмірімен таныстырып, қызықты әңгімелер айтып беру арқылы пәнге қызығушылықтары артады. Сондай - ақ қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып 9 - 10 сыныптар арасында жүргізілген «Атақты математиктер»жайында ойынының үлгі жоспарын ұсынып отырмыз.
Ойын ережесі: Ойналу тәртібі көгілдір экраннан көріп жүрген «Таңғажайып алаң» негізінде.
Көрнекілік: Компьютерді пайдаланып тапсырмалар экраннан көрсетіледі.
Ұяшықтарға бөлінген слайдтар дайындалады және әр ұяшықта ұпайлар саны жазылған, ойыншы ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді.
Ойынға қатысушыларды залда отырған көрермендерге сұрақтар қою арқылы таңдалып алынады
1 - сұрақ
Бұл атаудың барлық тілдерде аудармасы бар. «Сынған сан»мағынасында.
Бұл қай атау?( Бөлшек)
2 - сұрақ.
«Абцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін кім енгізген?( Лейбниц)
3 - сұрақ.
Ең алғашқы геометрия оқулығының авторы кім? Оның фамилиясымен грек медигінің фамилиясымен аттас.( Гиппократ)
4 - сұрақ,
Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы. (Герон)
5 - сұрақ.
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей - ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)
6 - сұрақ.
Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям).
7 - сұрақ.
Қазақтың ежелгі ғалымы 87 - 950 жылдар аралығында өмір сүрген.( Әбу - Насыр Әл Фараби)
8 - сұрақ.
7 - 11 сынып «Алгебра» оқулықтарының авторы.(Абылқасымова).
9 - сұрақ.
Дискриминант» қандай сөзден шыққан?( латынның «ажырату, анықтау»)
І - кезең. Алғашқы үш ойыншы ортаға шығады.
Бұл адамның еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздікті жібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екен «Математикада патша жолы жоқ». Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін көп жарияланып оқытылған. Бұл қай математик? (Евклид)
ІІ - кезең. Келесі үш ойыншы шығады
Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған. Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген.
Математиктің аты жөні кім?( Ферма)
ІІІ - кезең Соңғы үш ойыншы шығады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында? (Карл Гаусс)
Соңғы кезең. Үш кезеңнің жеңімпазы шығады
Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)
Жинаған ұпайлары бойынша сыйлықтар ұсынылып, таңдалады.
90 - 100 ұпай Қалың дәптер.
110 - 130 ұпай Кітап
140 - 150 ұпай Дискета
Үлкен ойын.
Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшысының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен. Бұл шифрді шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан. Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын ала біліп отырған. Осы математикті шайтанның көмегімен оқиды деп, оны тірідей өртенсін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.
Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейінен корольдің оң қолы болған. оның өміріндегі ең басты нәрсе математика болған. Ол бірнеше күндер ұйықтамай математика лық есептер шығарған екен.
Тірідей өртке жазаланған бұл қай математик? (Виет)

4.Сынып математигі сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Сайыс шартына сүйене отырып, оқушылардың жалпы білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру, есте сақтау қасиетін дамыту. Тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қабілеттерін ашу;
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Барысы:
Сынып оқушыларына төмендегі 5 сұрақ қойылады және сол сұраққа жауап берген оқушы әрі қарай сайыс шарттарына қатыса алады.


Сұрақтар:
1. Үшбұрыш дегеніміз не?
2. Санның кубы дегеніміз не?
3. Параллель түзулер дегеніміз не?
4. Көпмүше дегеніміз не?
5. Шеңбер дегеніміз не?
Осы 5 сұраққа жауап берген оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Бұл оқушылар - сайысқа қатысушылар, яғни сайыскерлер.
Енді сайыс шарттарымен және сайыс сарапшыларымен таныс болайық:

Сайыс шарттары:


І. Жедел сұрақтар
ІІ. Алгебраға саяхат
ІІІ. Геометриялық ұғымдар
ІV. Математикалық аукцион
V. Формулалар әлемі
VІ. Қорытынды

І. Жедел сұрақтар


Мұнда 10 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Ескерту: алғашқы екі турдан кейін ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

1. Санның 0 дәрежесі ------- 1


2. Теріс санның тақ дәрежесі --------- теріс сан
3. у=x2 функциясының графигі ----------- парабола
4. Санның 1 дәрежесі ------------ Сол санның өзіне тең
5. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тәсілдері нешеу? ------ 3
6. 900 - тан үлкен бұрыш? ----------- доғал
7. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға? ------- Гипотенуза
8. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? -------- 3
9. Хорда дегеніміз не? ----- Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесінді
10. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш? ------ Центрлік бұрыш

ІІ. Алгебраға саяхат


Әр дұрыс жауап 1 ұпай
1. Өрнекті дәреже түріне келтіріңіз: a3a4a6
А. a13 B. a12 C. a72
2. Ұқсас мүшелерін біріктіріңдер: 5x - 7xy+4xy
A. - 2xy B. 5x - 3xy C. 5x - 11xy
3. Көбейткіштерге жіктеңдер: 18pq3 - 9q4
A. 9p(q3 - 9) B. 9pq(2q - q3) C. 9q3(2p - q)
4. Көпмүше түріне келтіріңдер: (m+4) 2
A. m2+8m+16 B. m2 - 8m+16 C. m2+16m+8
5. Бөлшекті қысқартыңдар: 33y3/11ху
А. xy B. 3y2/х С. 3xy2
Енді ұпай саны аз оқушымызбен қоштасайық.

ІІІ. Геометриялық ұғымдар


1. Геометрияның негізгі ұғымдары (нүкте, түзу, жазықтық)
2. Бұрыштың биссектрисасы деген не? Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле
3. Үшбұрыштың периметрі деген не? Оның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы
4. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына байланысты түрлері? Әр түрлі қабырғалы, тең бүйірлі, тең қабырғалы
5. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары не деп аталады? Катеттері
6. Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайлары? 3

Аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығарылады.

ІV. Математикалық аукцион
(Кім көп ұпай тіксе, сұрақ соған сатылады, егер жауап бере алмаса, қарсыласына мүмкіндік бар)
1. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
2. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
3. Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
4. Графигі кубтық парабола болатын функция?
5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
6. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын түзу?
7. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер дегеніміз не?
8. 20+21 - 21
Аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығарылады.

V. Формулалар әлемі


Көп ұпай жинаған екі оқушы өздерінің білетін формулаларын жазып, сарапшыларға өткізеді.
VІ. Қорытынды
Сарапшылар «Сынып математигін» анықтап, оқушыларды марапаттайды.

5."Қызықты сағат"
Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
- Ойынды бастайық!!!
1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)

Бөлшектер


100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)

200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)


Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет