- Жоспары:
- Алгоритмдер және шешімдерді іздеу
- Алгоритмдер қасиеттері
- Негізгі алгоритмдер түрлері
- Алгоритмдерді орындау
- Сабақтың тақырыбы:
- ЕСЕПТЕУДІҢ АЛГОРИТМДІК ШЕШІМІ
- АЛГОРИТМДІК КҮРДЕЛІКТІ ТАЛДАУ
- Алгоритм түсінігі – бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
- «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық үлгідегі - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдайды.
- Алгоритм дегеніміз – бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.
- Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.
- Алгоритмдік процесс дегеніміз – шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.
- Алгоритмді ұсыну құралдары:
- ауызша (алгоритмдік тілде);
- блок-схема түрінде;
- бағдарламалау тілінде.
- Алгоритмдеу – ЭЕМ-де есепті шығаруға арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды құру техникасы.
- Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз – алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |