Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.
АЛГОРИТМДІК ТІЛДЕГІ ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР:
1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ и НӘТ –аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ –қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті– команданың соңы).
6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС –қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.
Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады. Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар көрсетіледі және олардың типі (integer, real, boolean) көрсетіледі.
Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар орналасады.