1 Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы



Дата09.04.2020
өлшемі14 Kb.
#62093
Байланысты:
Алгоритмдік тіл
Білім беру парадигмалары
1.6.Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

Мектепте оқып-үйренуге арналған алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.



Алгоритмдік тіл (ағылш. algorіtmіc — алгоритмдік және language — тіл) — ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл. Ол белгілер (символдар) жиынтығынан (Алгоритмдік тіл алфавитінен), синтаксистік ережелер мен семантикалық анықтамалардан құралған. Алгоритмдік тілдің негізгі белгілері латын не орыс алфавиттері әріптері, қандай да бір таңбалар мен шартты белгілер болуы мүмкін. Сөздерсөз тіркестері (фразаларсөйлемдер) , кестелер мен кестелер жүйесі Алгоритмдік тілдің құрылымы болып табылады. Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге асырылатын Алгоритмдік тіл машиналық тіл деп аталады. Алгоритмдік тіл табиғи тілден бірмәнділігі мен айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу машинасына Алгоритмдік тілін пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы — процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу, машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар, формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т.б. жұмыстарды атқарады. Алгоритмдік тілдің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана (мыс., алголкоболлиспПл/1ФортранПаскаль т.б.) кең тараған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет