Мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жүйелі сөйлей білуге, өзіндік талдау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру. Өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру
б) Тәрбиелік: Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Абайдың суреттері,музикалық әуен.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, шығармашылық, іздену.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
I. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн ұстаздар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Тай құлындай тебіскен,
Армысыңдар жас достар.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін сұрау.
ІІІ.Өткенді пысықтау
Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар
ІV. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
V. Жаңа сабақ
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді көздесең, жаттап тоқы көңілге ( С. Торайғыров)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!...
Абай болашаққа сөзін осылай арнады.
Абай 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келді.
Әкесі Құнанбай, анасы-Ұлжан, әжесі-Зере
Абай туралы толығырақ мәлімет беру.
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессің оған, сірә- деп М. Жумабаев айтып кеткендей Абайды танытқан, Абай арқылы қазақты әлемге танытқан Мұхтар екендігін айтып өту. Мұхтар Әуезов туралы слайдтан көрсету.
VІ. Түсінігін тексеру
1. Сахналық қойылым
2. Абайдың өлеңдерін оқу
3. Абайдың қара сөздері
4. Мақал- мәтелдер
5. Желсіз түнде жарық-ай Абайдың әнін тыңдау
VІI. Сабақты бекіту
VIІI. Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: М. Әуезовтың «Бала Абай» әңгімесін оқу, мазмұндау.