Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен



Дата19.02.2017
өлшемі26,99 Kb.
#10671
түріСабақ
Сабатың тақырыбы:Абай Құнанбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен

таныстыра отыра,оқушылардың білімдерін тереңдету.



Тәрбиелік:Қазақтың ақын-жазушыларын сыйлауға,бірін-бірі

сыйлауға тәрбиелеу.



Дамытушылық:Ауызекі сөйлеуін,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,аударма.

Пәнаралық байланыс:Орыс тілі,орыс әдебиеті,тарих.

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтық тақырыптар

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру:
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,күнді тақтаға жазу.

2.Үй тапсырмсы:Қайталау.

3.Жаңа сабақ:Абай Құнанбаев.

4.Жаңа сабақты бекіту:

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Қазақтың атақыт ақын-жазушысы Абай Құнанбаев 1845 жылы,

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы,Абай ауданында дүниеге келді.Абайдың шын есімі «Ибраһим».Абай бала кезінде әжесінің дастандарына қанып өсті.Оны 10 жасында әкесі Семей қаласындағы медресеге оқуға жібереді.

Абайдың еңбектері: «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Көктем», «Қыс», «Жасымда ғылым бар деп ескердім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр.»

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев 1904 жылы 23 маусымда қайтыс болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.А.Құнанбаев қай жерде туған?

Ш.Қ.О Семей қаласы Абай ауданында туды.

2.Абайдың шын аты кім?

Шын аты «Ибраһим»

3.Абай қанай білім алған?

Абай діни білім алған.

4.Абай қай жылы қайтыс болды?

Абай 1904 жылы 23 маусымды қайтыс болды

Қыс


Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе,қар жауып,мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.


Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.


5.Сергіту сәті:
Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап,қой қоздап – қора да шу,

Көбелекпен,құспенен сай да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып,бұраңдап ағады су.


Жазғы жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

Қырда торғай сайраса,сайда – бұлбұл,

Тастағы үнін қосар байғыз,көкек.


6.Жаңа сабақты қорыту:
Абай Құнанбаев кім?

Жазушы,ақын,аудармашы,қазақтың аса көрнекті өкілі,ағартушы.

Абайдың шын есімін ата

Шын есімі «Ибраһим»

Әжесінің есімі кім?

Әжесі Зере

Әкесі кім?

Әкесі Құнанбай

Шешесі кім?

Шешесі Ұлжан



7.Үй тапсырмасы:

Абайдың өмір жолы.



«Қыс» немесе «Жазғытұры» жаттау.

8.Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет