Сабақтың тақырыбы Қазақ шешендік өнері тарихы бойынша тақырыптық тест Сабақтың мақсаты



Дата07.03.2017
өлшемі40,18 Kb.
#11130
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 11

Мұғалім: Сыздыкова Айгерім Сағатқызы

Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ шешендік өнері тарихы бойынша тақырыптық тест

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелілігі: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.

Білімділігі: Шшендік сөздердің түрлерін айтып түсіндіру

Дамытушылығы: шешендік өнер туралы ойлау қабілетерін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту.


Керекті құрал-жабдықтар

Шешендік сөздерге байланысты тест жинағы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Кіріспе

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .

- Оқушылармен амандасу (1 мин)

-Кезекшінің мәлімдемесі (1мин)

-Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту (3 мин)



Мұғаліммен амандасады, кезекші өзінің мәлімдемесін айтады.



Негізгі бөлім



ІІ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

30 бет, 26-жаттығуды тексеру және Күлтегін рефератын жасап келу.



Жаңа сабақ. Шешендік өнер.Тест(25 мин)

1.Шешендік өнер:


А) әдеби тілдің нормалары В) әңгіме өзегінің дәлелі С) жеке ғылым саласыД) әлеуметтік қызмет атқаратын іс әрекеттің атауы Е) шаршы топ алдында сөйлейтін сөз
2. . Шешеннің мағыналық қисынға байланысты туындайтын кідіріс
А) грамматикалықВ) психологиялықС) логикалық
Д) синтаксистік
3.«Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы - шешендік» деген пікірдің иесін табыңыз.
А) Әл- Фараби В) С. Негимов С) М. Балақаев Д) Ж. Баласағұни Е) К. Аханов
4. Ахмет Байтұрсынов еңбегіндегі шешендік сөздің құрылымы
А) басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, қорытындыВ) кіріспе, негізгі бөлім, оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешіміС) кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім
Д) эпилог, кіріспе, байланыс, оқиғаның дамуы, шиеленісуі, шешіміЕ) бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы....
5.«Өмір- теңіз, білім- қайық, білік- ескек бүгінде» құбылтудың түрі
А) метонимия В) дамыту С) эпитет Д) метафора Е) теңеу
6. Шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі
А) билік сөз В) тілек сөз С) түйін сөз Д) шешім сөз Е) шешендік сөз
7. "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді" деген пікірді айтқан
А) А. Байтұрсынов В) А.ҚұнанбаевС) М.Әуезов Д) Ә. БөкейхановЕ) В.В. Радлов
8.Билердің сайлану үрдісі, бидің болмысы жөнінде тұжырымы бар Абайдың қарасөзі
А) отыз жетінші қарасөзі В) жиырма жетінші қарасөзі С) он тоғызыншы қарасөзі
Д) үшінші қарасөзі Е) жетінші қарасөзі
9.Шешендік туралы Сәкен Сейфуллиннің еңбегі
А) «Қазақ әдебиеті» еңбегінің «Билер шешендігі» тарауыВ) «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Билер айтысы» тарауыС) «Шешендік өнер» монографиясыД) «Би һәм билік» , «Тағы да би һәм туралы»Е) «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту»
10.Шешеннің өзіне тән жеке стилінің қалыптасу жолы
А) сөздің эмоциялық, экспрессивтік сипатын сақтай білуіВ) сөздің тартымдылық, нәзіктілік сипатын үйренуС) үздіксіз іздену, шешендіктің үздік үлгілерін үйренуД) сөздің көркемдік, тартымдылық мәнін арттыру
Е) сөздің жігерлілік, қайраттылық мәнін игеру
11.Шешеннің әсер ала білу қабілетіне, ойлау парасатына байланысты кідіріс
А) морфологиялық В) синтаксистік С) психологиялық Д) грамматикалық Е) логикалық
12.Шоқан Уәлиханов тұжырымы бойынша би атағын алу үшін орындалатын екі шарт
А) ескі заңды заманына қарай өзгертіп, жетілдіріп отыру
В) халықтық дәстүр салттарды терең білу, ерекше шешен сөйлей білу
С) ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту
Д) таразы басын тең ұстап, қара қылды тең жаратын әділ төрелік айту
Е) сөз өнерін меңгеріп,биік дәрежеге көтерілу
13.Бұрынғы билердің шешендік үлгілері мен бүгінгі шешендікті жақындастыратын факторлардың бірі
А) ағайынның мүддесін қорғауы В) жеке бастың мүддесін қорғауы
С) отбасы мүддесін қорғауы Д) әлеуметтік мүддені қорғауы Е) биліктің мүддесін қорғауы
14. Қазақ шешендіктануына Б.Адамбаевтың енгізген жаңалығы
А) шешендік сөздерді іштей топтап, жіктеп, саралап көрсетті.В) қазақ шешендік өнерінің сыр-сипатын терең талдады.С) билердің қоғамдық-әлеуметтік рөлі туралы тұңғыш ой-пікір білдірді.Д) шешендіктің сөз мәдениетімен бірлігін таныды.
Е) «шешен сөз» ұғымын термин ретінде алғаш қолданды.
15.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай түрлері
А) монологтік, диалогтік, полилогтік
В) монологтік, диалогтік, жиынтық
С) монологтік, диалогтік, топтық
Д) монологтік, диалогтік, логикалық
Е) монологтік, диалогтік, пікірлестік

Үйге берілген тапсырманы айтып, талдайды.
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша оқушылар тақырыпты терең түсінеді және тақырып бойынша берілген 15 тест сұрағына жауап береді.

Сабақты бекіту кезеңі

Тест бойынша түсініксіз болды соны талқылау, коррекциялық жұмыс жасау(5 мин)

Оқушылар талқылайды, түсінбегенін дәптерге жазады.

Қортынды

Бүгінгі тақырып бойынша не білді?

Не білгілері келеді? (2 мин)



Жаңа сабақ бойынша өз түсінгендеріңді айтады.



Үйге тапсырма

Шешендік өнер тарауын қайталау.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады, орындайды

Бағалау

Оқушылардың білімдерін бағалау (2 мин)

Бүгінгі сабақта бағалағандарын көреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет