Сабақтың тақырыбы: Тың эпопеясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру жұмысының барысы мен нәтижелері туралы ұғындыра отырып , тың игеру саясатының мәнін, мақсатын, маңызын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға. өз көзқарасын нақты дәлелдер арқылы дәлелдеуге, жүйелі сұрақ қоя білугеқалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға, өзге адамдардың сөзін тыңдауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, мерзімді басылымдар, карточкалар
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы
Балама тест ия немесе жоқ
1.1954 ж Екібастұз бассейнінің қалын қабаттарынан көмір өндіріле бастады. ия
2.1960 ж Қазақстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3 орынға шығуға мүмкіндік жасады. Жоқ 1958ж
3.Республиканың оңтүстігінде жаа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды. Жоқ батысында
4.Тамақ өнеркәсібінде 60-ж соңына қарай 40 астам жаңа кәсіп орын салынып іске қосылды ия
5.1960ж өнеркәсіпті және құрылысты басқаруды аумақтық принцип бойынша қайта ұйымдастыру іске асырылды жоқ 1957ж
6.Республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынды ия
7.Өнеркәсіптердің салынуына байланысты қала халқының саны 55 пайызға жетті жоқ 44
8.1960ж Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 15000 мың км жетті жоқ 13 120км
9.Қазақстан картасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды ия
10.Ақмолада Киров атындағы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығарып отырды жоқ Алматыда
ІІ. Сұрақ-жауап
1. Тың игерудің негізгі мақсаты не болды?
2. Қазақстанда қанша жер жыртылды?
3. Тың игеру қашан басталды?
4. Тың игеру республиканың қай аудандарында жүзеге асырылды?
5. Одақ бойынша ше?
6. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға қанша адам келді
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «ЖИГСО» әдісі.
І. топқа. Тың игерудің барысы.
ІІ топқа. Тың игерушілерді қоныстандыру.
ІІІ топқа.Тың игерудің жағымсыз салдарлары.
2. Ой дамыту.
І топ
Тың игерілген облыстарды атап, картадан көрсет.
Сырттан келген тыңгерлерге қандай көмек көрсетілді?
ІІ топ
Мал шаруашылығын өркендету үшін қандай шаралар іске асырылды?
Келуші тыңгерлер саны туралы мәлімет.
ІІІ топ
Тың игеру кезіндегі мемлекет басшылары.
Қазақстанда жыртылған жер көлемі мен тың игеруге бөлінген қаржы.
3. Қызығушылықты ояту
І топқа. Тарихи диктант
1946-1950 жылдары..................................................... орта есеппен 5-6 ц ғана болды. «...........................................................» деп санаған республика партия ұйымының басшылары................... . ....................................... туралы шешім 1954 жылы көктемде қабылданды. 1954-1955 жж тың жерлерді игеру есебінен дінді дақылдар егіс аумағын................................ , ол жерлерден.......................... пұт астық, соның ішінде, .............................. ............. алу көзделді. Тың игеру республиканың......., .........., ........., ..............., ..............., ............. облыстарында жүргізілді. 1954 ж өзінде –ақ ........................ артығымен орындалды. .................................... тың жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері............ жетті.1956 ж республикада................астық жинады, мұны даңғазалықпен........................................... .
ІІ топқа. Сәйкестендіру
1.1954ж а. Қазақстанда 15 жаңа қала,86 қала пайда болды.
2.1956ж б, Жергілікті ұлт өкілдерінің саны 29% болды.
3.1940-1950 ж ішінде с. Мал басы 67,4%-ға көбейіп, жалпы саны 39 млн-ға жетті.
4.1960 ж басына дейін д.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды
5.1959 ж е. Республика 16 млн тонна астық жинады.
6.1965 ж ж.Қытайда тұратын қазақтардың 200 мыңы Қазақстанға оралды.
ІІІ топқа. Хронологиялық жұмыс.
1 1954 ж көктемінде........
2. 1953ж соңында.........
3. 1956-1958 жж.........
4. 1956-1960жж........
5. 1959-1965жж........
6. 1958ж соңына дейін............
4. Кесте толтыру.
Тың және тыңайған жерді игерудің пайдасы мен зияны
|
Пайдасы
|
Зияны
|
ІҮ. Термин сөзге анықтама
Тың игеру-
Топырақ эрозиясы-
Экстенсивті-
Аграрлық дағдарыс-
Ү. Кесте толтыру:
Қазақстандағы тың игерілген облыстар
|
Ақмола Солтүстік Қазақстан
|
Павлодар Қостанай
|
Көкшетау Торғай
|
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысы туралы кесте
Басталған жылы
|
1954 жылы (қаңтар- наурыз пленумы
|
Идеяны ұсынушы
|
Үкімет
|
Одақ бойынша жыртылған жер
|
Солт. Кавказ,Орал,Оңтүстік сібір,Еділ бойы, Қазақстан
|
Қазақстан бойынша жыртылған жер
|
Павлодар ,Көкшетау,Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,Қостанай облысы
|
Тыңгерлерді материалдық ынталандыру
|
Дүние мүлкі тегін көшірілді.
Отбасшы басшысына 500-100 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді.
Үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді. (35 % -ін мемлекет өз қарамағына алды.)
Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие берілді.
1,5 центнер астық немесе ұн ,азық – түлік берілді.
2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.
|
Тыңгерлер саны
|
1954-1955 жылдары өнеркәсіпке , көлікке жұмыс істеу ішін 0,5 млн адам
Ақмола облысына 20000 адам
Солт. Қазақстанға 150000 адам келуі керек еді , артығымен 650000 адам келді.
1954-1962 жылдары жалпы 2 млн адам келді.
|
Жыртылған жер көлемі
|
1954 жылы 6,5 млн гектар
1955 жылы 9,4 млн гектар
Жалпы 25 млн гектар
|
Бөлінген қаржы
|
1954-1959 жылдары 20 млрд.
|
Пайдасы
|
Ұлттық маман кадрлар көбейді.
Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды
Мәдени ошақтар пайда болды
Техниканы меңгеру басталды.
Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнап,
Басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді.
Басқа салалардың дамуына әсер етті.
Одақ бойынша астықты аймаққа айналды.
|
Зияны
|
Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.
Қазақ мектептері жабылды.
Демографиялық күйзеліс басталды.
Экстенсивті әдіспен жүргізілді
Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.
Топырақ эрозиясы күшейді.
Жердің құнарлы қабаты желге ұшты
Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.
Пайдакүнемдер көбейді.
|
УІІ. Сабақты қорытындылау.
Кім жылдым?
Тың игеру басталды.
Тың игеру жүргізілген облыстар
Тың жерлердің игерілуі басым көпшілігі негізінен Қазақстанның қай аймағында жүзеге асты?
Тың игеруге 1954-1962 жж қанша адам келді?
«Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі,күріштен рекорд өнім алған
Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысы қалай аталды?
1959ж жергілікті ұлт өкілдерінің саны
Ол Қазақстанды мекендеген барлық тұрғындардың қанша пайызын құрады?
Егіске жарамды жерлерді зерттеу жұмыстарын кімдер жүргізді?
Тест
1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды ?
А) қарқынды; Ә) Экстенсивті; Б) Наврықтық; В) Қайта құру;
2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық комитеттің Бірінші хатшысы болып кім сайланды ?
А) Брежнев; Ә) Қонаев; Б) Пономарев; В) Жүніспаев ;
3. Тың игеруге байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды ?
А) 4,3 млн га; Ә) 6,5 млн га ; Б) 7,6 млн га ;
4. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды ?
А) 10 млн ; Ә) 16 млн ; Б) 18 млн ; В) 20 млн ;
5. Тың және тыңайған жерді игерудің келеңсіздіктері болды ?
А) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты; Ә) Топырақ эрозиясы күшейді ;
Б) жоғардағылардың барлығы дұрыс ;
6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты ?
А) Қостанай ,Ақмола, Солт. Қаз. Көкшетау, Торғай ,Павлодар;
Ә) Қостанай, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Семей;
Б) Алматы, Талдықорған, Оңт. Қазақстан, Қызылорда;
В) Қостанай, Солт. Қазақстан, Торғай, Оңт. Қазақстан, Өскемен;
7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қагша жылда орындалды ?
А) 2 жылда; Ә) 1 жылда ; Б) 3 жылда ; В) 5 жылда;
8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді ?
А) 1 млн ; Ә) 1,7 млн ; Б) 2 млн ; В) 2,5 млн ;
9. 1965 жылы республика мал саны қанша болды ?
А) 32 млн : Ә) 34 млн ; Б) 39 млн ; В) 42 млн ;
10. 1959 жылы республика тұғындары арасындағы қазақ халқының үлес салмағы қандай болды ?
А) 30 % ; Ә) 42 % ; Б) 56 % ; В) 85 % ;
Бағалау: Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма:36оқу, кесте «Тың қазақ халқына не берді?» Эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |