Ішкі саясат бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары Қаңтар айы



Дата04.11.2016
өлшемі50,16 Kb.
#252
Ішкі саясат бөлімінің 2012 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары

Қаңтар айы

- Орталық қар қалашығында ұлу жылын қарсы алу шарасы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Серік Зинабекұлы арнайы қатысып, қала тұрғындарын жаңа 2012 жылмен құттықтады. Қала мөлтек аудандарындағы сырғанақтарды жасаушыларды қала әкімі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Балаларға арналған әкімнің мерекелік шыршасы өткізілді.

- 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті. 16 қаңтар күні жеңіске жеткен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жанынан құрылған аудандық штаб арнайы жиын өткізді.

- Зайсан қаласындағы прокуратура ғимаратының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.



Ақпан айы

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында баннер орнатылды, медиа-жоспар жасалынды.



- 14 ақпанда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толуына орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. Қала, ауыл мектептерінің оқушылары Ауған соғысы азаматтарының құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Наурыз айы

- 1 наурыз «Партия күні». Партияның құрылған күніне арналған акциясы болып өтті. «Нұр Отан» ХДП мүшелеріне құттықтаулар,ыстық лебіздер айтылып,грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Жастарға партия билеттері тапсырылды.

- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Әйел тіршіліктің шырайы,отбасының шырағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Алтын алқа», «Күміс алқаларымен» аналарымыз,сонымен қатар «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттармен» ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және өркендеуіне үлес қосқан қыздар мен ханымдары марапатталды.

- 22 наурызҰлыстың ұлы күні аудан бойынша үлкен іс-шаралар жасалып,қала,ауыл округтеріне мерекелік тапсырмалар беріліп,кең ауқымда аталып өтілді.

  • Сәуір айы

  • Сәуір айында аудан экономикасының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған алғашқы кәсіпкер, талай жарқын істердің бастамашысы болған марқұм Сағынтай Мейірманұлы Спамбетовтың 60 жасқа толуы туған күнінің қарсаңында туған туған жеріне, еліне деген ерекше қамқорлықтарының белгілерін кейінгі ұрпаққа паш етіп, дәріптеу мақсатында аудандық «Достық» газетіне марқұмның өмірбаяны туралы мақалаи берілді. Шағын футбол алаңында аудандағы жас футболшылардың С.Спамбетов атындағы турнирі өтті. Аудандық мәдениет үйінде С.Спамбетов атындағы жүлде үшін «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды. Зайсан қаласына кіре берістегі саябаққа С.Спамбетов аты беріліп, ескерткіш белгі ретінде тақта орнатылып, аудандық мәдениет үйінде еске алу кеші өтті.

  • Мамыр айы

  • 1 мамыр-Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесіне байланысты аудан бойынша Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 1 мамыр күні орталық стадионда мәдени-көпшілік шаралар өтіп, мерекелік шеру өтті. Бұл шеруге аудан бойынша 15 мекеме қатысты. «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен көпұлтты мемлекетіміздегі ұлттар достығын, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруын паш ететін ұлттар өнерінен көріністер көрсетілді.

  • 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ғимараттар, алаңдар мен көшелерді безендіру жұмыстары ұйымдастырылып, «Отанға қызмет етемін» атты сарбаздар тапқырлығын байқау конкурсы өтіп, әскери бөлімдерде «Ашық есік» күні белгіленіп, застава, комендатуралардағы сарбаздармен кездесулер ұйымдастырылды. ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне орай аудан әкімінің құттықтауын, ардагерлердің, шығармашыл зиялы қауымның сөздері газет беттерінде жарияланды.

  • 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай қала, ауыл округтерінде түрлі безендіру шаралары ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйі жанындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Орталық стадионда салтанатты митинг болып, әскери техника шеруі мен әскери бөлімнің дайындаған көрінісін және мерекелік концертті көпшілік тамашалады.

  • 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты қала, ауыл округтерінде саяси қуғын-сүргін ұрпақтарымен кездесулер өтіп, аудандық кітапханада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

  • Маусым айы

  • 1 маусым 2012 жылы аудандық білім мен мәдениет және тілдерді бөлімдерінің ұйымдастыруымен С.Зәкиев атындағы саябақта балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада балаларға арналған мерекелік концерт қойылып, кәсіпкерлер бүлдіршіндерге балмұздақ және басқа да тәттілерін сыйға тартты, асфальтқа сурет салу, веложарыс сияқты сайыстар ұйымдастырылып жұмбақ жасырылды.

  • 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл толу мерекесіне атты мәдени шара, Орталық алаңда аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мемлекеттік рәміздерге байланысты мағлұматтардан викториналар жүргізілді, ту ұстаушылар сайысы өтті. Еліміздің әнұраны шырқалып, шараға қатысқан қала мектептерінің 10 сынып оқушылары, белсенді жастардың руһтарына руһ қосылып, мереке соңы патриоттық әндердің концерттік бағдарламасына ұласты.

  • Аудан әкімінің қаулысына сәйкес жарияланған тазалықтың екі айлығы аясында Зайсан қаласында көптеген игі істер атқарылды. Жангелдин, Желтоқсан көшелерінің бойы абаттандырылып, көше бойларына гүлзарлар, газондар, шырша көшеттері, мүсіндер орнатылды. Саябақтар, Жеменей өзенінің бойлары тазаланып, қала көркейе түсті.


Шілде айы

6 шілде Астана күні мерекесі Орталық алаңда кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында аудан әкімі С.Зайнулдин жастарды «Нұр Отан» ХДП қатарына қабылдап, партия билеттерін табыстады. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Барлық қала, ауыл кітапханаларында кітап көрмелері мен ертеңгіліктер өткізілді.



  • 14 шілде күні қала орталығында соғыстан қайтпай қалған боздақтарға арналған «Батырлар» монументінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты облыс әкімі Б.Сапарбаев ашып, құттықтау сөз сөйлеп, ауданның сан түрлі саладағы жетістіктеріне ризашылығын білдірді.




  • 2012 жылдың 30 мамыр айында бастау алған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі » атты жастардың марафон эстафетасы 3 кезеңмен жүргізіліп, 16 тамыз күні аяқталды. Марафон-эстафетаға ауданымыздан 250-дей жас қатысып, қала, ауылдарымызды көркейтуге арналған көптеген жұмыстарды атқарды. Қатысушыларға әр кезең соңында арнайы сыйақылар мен алғыс хаттар табысталды.

  • Тамыз айы

  • 4 тамыз «Туған ел- алтын бесік» акциясы аясында Зырян қаласындағы Зайсан ауданының мәдени күндері аталып өтті.

  • 18 тамыз спорт және туризм күніне құттықтаулар мен аудандық газетке мақалалар жарияланып,мекемелер,округтер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

  • 15 тамыз«Шекарашылар – тыныштық күзетінде".Шекарашылар күніне аудандық газетке мақалалар жарияланып,.шекарашылармен кездесу ұйымдастырылып,аудандық мәдениет үйінде шекарашылар мен мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының мерекелік концерті болып өтті.

  • Рамазан айы-Ораза айт мерекесіне байланысты аудан әкімі мешітке барып, ауыз ашар берді.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет