2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10-сынып
«Ұлттық экологиялық мәдениет»,«Мұхит-тіршілік мекені» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқылым
Жазылым
|
Оқу мақсаты 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерді түсіну, талдау;
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерге сүйеніп,эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
-тақырыпқа
сай жазады;
-аргументтер
келтіреді;
-қажетті лексиканы қолданады.
Біздің жер шарының үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар
мен теңіздер алып жатыр,олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам көздері болып табылады.ОларЖер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіл әлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді.Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі.Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311млн.тонна шамасында су мөлшерінен келеді.
Атмосфераның газдық балансындағы әлемдік мұхит фитопланктондарының рөлі жоғары.Ол–оттегінің негізгі көзі.Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі—антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы.Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді.Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан.Ол орта түзуші,кәсіптік,шикізаттық,рекреациялық,көлік және т.б.қызметтерді атқарады.
Әлемдік мұхиттың
маңызын қарастыра отырып,балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды
рөл атқаратынын көреміз,олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55млрд. доллардан асады.
Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері жылына 150млрд.доллардан асады.Ол теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді.
Теңіздер мен мұхиттар—бүкіл
адамзаттың игілігі,бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді.Бір
өкініштісі,бірнеше елдерден ағып өтетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес.Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе.
Бұл мәселелер ЮНЕСКО-да қарастырылады.