2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10.2А «Термодинамикаға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты: 10.3.1.2 Химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну
10.3.1.3 Реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу
10.3.1.6 Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер бойынша есептеу
10.3.1.7 Термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау
Бағалау критерий Білім алушы
Химиялық реакциялар байланыстың үзілу және түзілуі нәтижесінде жүзеге асатынын сипаттайды
Стандартты жану мен түзілу энтальпияларын анықтауда қолданып, анықтамалық деректерді қолдана отырып есептеу жүргізеді
Гесс заңын түсіндіріп және оны энтальпия өзгерісін анықтауда қолданады
Гиббстің бос энергия өзгерісін сипаттап, оны реакцияның жүру мүмкіндігін анықтау үшін пайдаланады
Экзотермиялық процестердің барлығының, ал эндотермиялық процестердің кейбіреуінің ғана спонтанды болу себебін түсіндіре
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма (а) Заңның атауы мен заңның тұжырымдамасы арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:
А) Термодинамиканың екінші заңы
1.Заттың түзілу жылуы мен оның айырылу жылуының абсолюттік мәндері тең, ал таңбалары қарама қарсы болады
В) Гесс заңы
2.Процестің бағытын, оның осы жағдайда қандай шекке дейін жүретінін және тепе-теңдіктің жағдайын анықтайды
С) Энергия сақталу заңы (Лавуазье-Лаплас заңы
3.Реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек заттардың бастапқы және соңғы күйіне тәуелді
А)________ B) ________ C)_______
(b) Хлорэтанда CCl- арасында байланыс үзілуі гомолиттік үзілу деп аталады және келесі теңдеумен сипатталады: CH3Cl → CH3• + Cl• Түзілетін екі бөлшек …
A) атомдар B) молекулалар C) бос радикалдар D) иондар
с) Молекуладағы байланыс .................үзілген жағдайда электрон жұбы молекуланың бір бөлігіне ауысып теріс зарядталып, ал қалған бөлігі оң зарядталады
A) гомолиттік үзілу B) гетеролиттік үзілу
C) тізбектің айырылуы D) тізбектің өсуі
2. (а) FeCO3 →FeO+CO2 осы реакцияның теңдеуі бойынша оған қатысатын заттардың түзілу энтальпиялары арқылы реакцияның жылу эффектісін есептеңіздер
∆Н FeCO3= - 750 кДж; ∆НFeO = - 272 кДж; ∆Н CO2 = - 394 кДж
(b) 2 H2 + O2 → 2H2O реакциясы үшін энтальпияның өзгерісі ∆H0 = -572 кДж
N2 + O2 →2NO реакциясы үшін энтальпияның өзгерісі ∆H0 = +180.5 кДж
болса қай реакцияда жылу бөлініп, қай реакцияда жылу сіңіріледі