2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2-бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»
Оқу мақсаты:
|
7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
7.3.5.1 -оқылым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты:
|
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
|
1-тапсырма. Оқылым мәтініндегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені "Балық қаңқасы" әдісімен талдаңыз.
Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыры мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан.
Аққу кейіпті бұл аспаптың ыңыранып шыққандағы үнінің адам бойын баурап, алпыс екі тамырын идіріп әкететін тылсым күші ғалымдардың әлі күнге танданысын тудырып жатыр. Үніндегі ерекшелікті домбырадағы әнді қобызға салғанда байқауға болады. Мүлде басқаша дыбыспен, үнмен шығады. Қобызда созылыңқы дыбыс болған соң, ән өзгеріске ұшырайды.
Қобыздың бізге белгілі нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген деген түрлері бар. Сандай-ақ осы қатарға оркестірлер мен ансамбльдерде ойналып жүрген альт, прима қобыздарын жатқызуға болады. Ішегі жылқының қылынан жасалатын бұл аспаптың екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілері бар. Бұл қобыздардың барлығы бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Қоңыр дауысты сазды аспаптың үні табиғатқа өте жақын. Оның даусы қасқырдың ұлығанын, адамның даусын, желдің ысқырғанын, жебенің нысанаға тық етіп тигенін, аққу қанатының қағысын, судың сыңғырын бере алады. Табиғаттың қайталанбас дыбыстарын айна қатесіз бере алатын бұл аспаптың ғалымдар үшін жұмбағы көп. Тұтастай бір ағаштан ойып жасау үшін ұзындығы 70 см, ені 22 см, қалыңдығы 20 см ағаш алынады. Дыбыстың жаңғырып шығуы үшін беті жартылай терімен қапталады.
Қобыздың пішіні де ерекше мәнге ие. Оның аққудың тұлғасына ұқсап жасалуын академик Әлкей Марғұлан аққу құстың киелілігмен байланыстырады. Ғалым ежелгі қазақтардың аққуды қастерлеп, оның бейнесін өздерінің тотемі еткендігін негізге алады.
негізгі идеясы
мәтіннен дәйектер
автор көзқарасы
Көтерілген мәселе
2-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің қажеттісін синонимдерімен ауыстыра отырып, "Домбыра - қазақ мақтанышы" тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз.
Бағалау критерийі
|
№
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.
|
1
|
Көтерілген мәселені анықтайды;
Автор көзқарасын анықтап, мәтіннен дәлелдер келтіреді;
Мәтіннің негізгі идеясын қорытып шығарады
|
1
2
1
|
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.
|
2
|
сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады
оқылым материалы негізінде жинақы мәтін жазады
жинақы мәтін құрылымын сақтау, ой жүйелілігі
|
1
1
2
|
Барлығы
|
10
| Балл қою кестесі
|
Достарыңызбен бөлісу: |