2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата23.12.2019
өлшемі23,49 Kb.
#54429
Байланысты:
2-тоқсан қазақ тілі БЖБ 5-сынып №1

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі бөлімі бойынша

жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А 3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және

қосымша ақпаратты анықтау.

Ж 6. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене

отырып түзету және редакциялау.

ӘТН3. Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне

сай қолдану



Бағалау критерийі Білім алушы

-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп,негізгі,қосымша ақпаратты

анықтайды;

- Мәтін құрамындағы сөздердің синоним, антонимдері мен

омонимдердің баламасын табады

-Мәтіндегі орфографиялық қателерді тауып, түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі Түсіну және қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз, негізгі,қосымша ақпаратты табыңыз.

1-мәтін

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.



(https://kk.wikipedia.org/wik)

2-мәтін

Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі  категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді.

(https://el.kz/kz/news/archive/content-)

3-мәтін

Үй жануарлары— жануарлардың қолға үйретілген түрлері.

Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

(https://kk.wikipedia.org/wiki/)

2-тапсырма

Мәтіндегі асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін, омонимін жазыңыз

Алоэ үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең таралған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірбиеде кең қолданылады.

Алоэ лалагүлділер тұқымдасына жататын жапырақты өсімдік, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді Мағынасы «ащы» дегенді білдіреді. Сондай - ақ, емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» деген де балама атқа ие.
Отаны Оңтүстік Африка.Жапырағы  шырынды,кедір бұдырлы,кейбіреуінің түсі алабажақ болады.Ұзындығы – 60 см. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады.

Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады. Екі үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады.Көшіріліп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы шарт емес.Ол үшін бақтағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады.

(https://bilim-all.kz/article/)



3-тапсырма. Берілген өлең жолдарынан орфографиялық,пунктуациялық қателерді табыңыз

Қой ғазына, мырзалық,


Қой атасы - Шопаната.
Сиыр - қанағат, ағтық,
Сиыр атасы – Зеңгбаба.
Жылқы – сәндіг мақтан
Жылқы атасы - Қамбарата
Түйе – байлық салтанад
Түйе атасы - Ойсылғара.

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі,қосымша ақпаратты анықтайды;


1

Мәтінге сай ақпараттарды ажыратады

1

Қосымша ақпаратты табады

1

Негізгі ақпаратты табады

1

Мәтін құрамындағы сөздердің синоним, антоним,омонимдердің баламасын табады

2


Антоним сөздердің баламасын табады

1

Синоним сөздердің баламасын табады

1

Омоним сөздердің баламасын табады

1

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады

3


Орфографиялық қателерді табады

1

Пунктуациялық қателерді табады

1

Мәтінді редакциялайды

1

Барлығы

9


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет