Орындау уақыты 25 минут
1-нұсқа
1.Серіппеге ілінген жүктің әсерінен ол созылды. Серіппенің созылуына қандай күш себеп болды? [1]
А) ауырлық күші. Б) Үйкеліс күші.
В) серпімділік күші. Г) салмақ салмағы
2.Электровоз вагондарды F1 = 320 кН горизонталь күшпен тартады. Қозғалысқа қарсы кедергі күш F2 = 240 кН.
a) осы денеге әрекет ететеін тең әсерлі күшті есептеңіз [1]
b) тиісті масштабты таңдау арқылы күштерді бейнелеңіз (1 см = 80 кН). [1]
3. Бір кірпіштің массасы m=4,0 кг, кірпіштен жасалған қабырғаның салмағы қандай, егер қабырға құрылысына 130 кірпіш қажет болса? g=10 Н/кг [2]
4. Резеңке 10 Н күштің әсерінен 10 см ұзарды. Оның қатаңдығы қанша?
[2]
5. Суретте көрсетілген деформация түрлерің жазыңыз [3]
6. Үйкелістің қандай түрі келесі мысалдарда сипатталған:
a) бала таудан шанамен сырғанайды [1]
b) неліктен үлкен шкафты орнынан жылжыту қиын [1]
c) велосипедші құммен жүреді [1]
7. Массасы 10 кг қорап көлденең еденде тұр. Еден мен қорап арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,25 құрайды. Қорап пен еден арасындағы үйкеліс күші қандай? [2]
Барлығы: 15 ұпай
7 сынып. 2-тоқсан
«Денелердің өз-ара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
* Инерция, пластикалық және серпімді деформацияға мысалдар келтіреді;
* Есептерді шешуде Гук заңын қолданады;
* Сырғанау, домалау, демалу кезіндегі үйкелісті сипаттайды;
* Күштерді графикалық түрде бейнелейді және олардың мағыналарын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |