β-ыдырау кезінде зарядтық сан 1-ге артады, ал массалық сан өзгермейді:
, мұндағы,– электронның белгіленуі.
Массалық сан тек α–ыдырау кезінде өзгеретіндіктен уранның қорғасынға айналуында:
Жеті рет α – ыдыраудан кейін зарядтық саны 2·7=14-ке азаяды, ал β –ыдыраудан кейінNβ -ға көбейеді. Сонда, 92 – 14 + Nβ =82, бұл жерден β – ыдырау санын анықтаймыз: Nβ=4. γ – сәуле шығару
28. Қозған 81Se ядросы Е* = 103 кэВ қоздыру энергиясымен γ – квант немесе атомның К – қабықшасынан конверсиялық электрон бөліп шығарып, негізгі күйге көшеді. К – электронның байланыс энергиясы Ек = 12,7 кэВ. Екі жағдайдағы ядроның серпілу жылдамдықтарын анықтау керек.
Шешімі: Бірінші жағдайда ядроның серпілу импульсі
Мұнда,
себебі ауыр ядроның серпілу энергисы өте аз. Сонда:
. Екінші жағдайда, релятивтік қатынасты алуға болады: , мұндағы, ядроның импульсі p = mυ, Ke = E*-Ek = 90,3 кэВ яғни
29. Егер қалыңдығы 1 смқорғасын экраннан, толқын ұзындықтары 4,1·10-13 м және 8,2·10-13 м γ–сәулені өткізсе, оның әлсіреу дәрежесі қандай болады?
Берілгені: λ1 =4,1·10-13 м; λ2 = 8,2·10-13 м; x=1 см.
Табу керек:.
Шешімі: Алдымен γ – кванттардың энергиясын анықтаймыз. (1)
Графиктен (9 қосымша 272 бет) сызықтық әлсіреу коэффициентін анықтаймыз:
Заттағы жұтылу заңы бойынша
мұндағы, I0 және I – қалыңдығы х қабатқа түскен және өткен сәуленің интенсивтіліктері.
Сонда ,
Ал екеуінің қатынасы:
Сонымен, қысқа толқынды сәуле интенсивтігі ұзын толқынды сәуле интенсивтігіне қарағанда экраннан өткенде 1,12 есе үлкен болады.
30. Қоздыру энергиясы Eγ = 129кэВ, еркін тыныштықта тұрған иридий ядросы γ–квант шығарып, негізгі күйге көшеді. γ–кванттың ядроның серпілу нәтижесінде пайда болған энергиясының серпілу болмағандағы энергиясымен салыстырмалы өзгерісін есептеу керек. Иридий массасы MIr = 192,2 м.а.б.