2 зертханалық жұмыс. I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары Жұмыстың мақсаты


Катиондардың қышқылды-сілтілік классификациясы



бет18/31
Дата11.06.2024
өлшемі140,02 Kb.
#203320
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
катион и анион

Катиондардың қышқылды-сілтілік классификациясы.

Қышқылды-негізді классификация бойынша барлық катиондар алты аналитикалық топқа бөлінеді. Әрбір топ кезегімен хлорлы сутек, күкірт қышқылдарымен, сілті ерітіндісімен тұнбаға түсіру арқылы бөлінеді.
Алтыншы топ иондары сілті ерітіндісімен, бесінші топ иондарымен тұнбаға бірге түсіріледі де, одан аммиактың судағы ерітіндісі арқылы аммиак комплексі түрінде ерітіндіге өткізу арқылы бөліп алады.
Бұл классификация көптеген реактивті қажет етпейді және аз уақыт алады. Қышқылдық-негіздік классификацияға элементтердің негізгі қасиеттерін, оның ішінде элементтердің қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеуі, гидрототықтардың амфотерлік және комплексті қосылыстар түзу қасиеттері кеңінен пайдаланылған.

Осы классификацияны таблица түрінде келтіреміз.


Катиондардың қышқылды-сілтілік классификациясы






Т о п т а р

I

II

III

IV

V

VI

Катион-
дар

Li⁺,
K⁺,
Na⁺,
NH4⁺

Ag⁺,Pb²⁺
Hg₂²⁺

Ca²⁺,
Ba²⁺,
Sr²⁺

Al³⁺,Cr³⁺,
Zn²⁺,As³⁺,
As⁵⁺,Sn²⁺,
Sn⁴⁺

Fe²⁺,Fe³⁺Mn²⁺,
Mg²⁺,Sb³⁺Sb⁵⁺

Cu²⁺,Ni²⁺,
Co²⁺,Cd²⁺,Hg²⁺

Топтық
реактив

жоқ

2 н
HCl

1 н
H2SO4

NaOH

NaOH

25%
NH4OH

Тұнбалар-
дың
қасиетте-рі мен
құрамда-
ры

--

MeCln
Қышқыл-
да ерімейді

MeSO4
Қышқыл-
дар мен сілтілерде ерімейді

Me(OH)n
Көп мөлшерде сілтілерде ериді

Me(OH)n
Сілті ерітінділерін-де ерімейді

n+
[Me(NH3)n]
аммиак ерітінділерін көп қосқанда ериді

Бірінші лабораториялық жұмыс.


Тақырыбы: I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары


Жұмыстың мақсаты: Na⁺, NH4⁺, Pb²⁺, Ca²⁺, Ba²⁺, Al³⁺, Zn²⁺, Mn²⁺, Fe²⁺, Fe³⁺, Mg²⁺, Cu²⁺, Ni²⁺ катиондарының өзіндік реакцияларын оқып үйрену.


1.1. Теориялық мәселелер.
Лабораториялық жұмысты бастаудан бұрын осы жұмысқа байланысты негізгі теориялық мәселелерімен танысып алу керек. Оның ішінде:
1. Д.И. Менделеевтің периодтық системасы және катиондық өзіндік химиялық реакциялары арасындағы диалектикалық байланыс.
2. Катиондардың қышқылдық-негіздік классификациясы, топтық реагенттердің қасиеттері және катиондарды тұнбаға түсіру шарттары.
3. Сапалық анализді орындау шарттары және аналитикалық химиялық реакцияларға қойылатын талаптар.
4. Тұнбаға түсу, қышқылдық-негіздік комплекс түзу, тотықтану-тотықсыздану реацияларының және амфотерлік катиондардың негіздік қасиеттері.


Сабақтың мазмұны:
1. Химиялық лабораторияда техника қауіпсіздігін сақтау қағидаларымен танысу.
2. Сапалық анализге қажетті химиялық ыдыстар мен приборларды пайдалану жалдарын меңгеру.
3. Лабораториялық жұмысты орындау жолдары туралы мұғалімнен қысқаша нұсқау алу.
4. Жұмысты орындау.
5. Жұмыс қорытындысын талдау және орындалған жұмысты ГОСТ ережесі бойынша толтыру.
6. Үйге берілген тапсырма: екінші лабораториялық жұмысқа дайындалу, яғни ерітіндідегі барлық аналитикалық топтардан тұратын катиондарды зерттеу жолдарын оқып үйрену.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет