2 зертханалық жұмыс. Судың қышқылдығын анықтау



бет2/3
Дата18.12.2021
өлшемі20,91 Kb.
#102549
1   2   3
Байланысты:
ЗЖ№2

2.2  Анықтауды орындау

Сыйымдылығы 250 см3 конустық колбаға талданатын судың 100 см3 сынамасы алынады. Сынамаға 5 тамшы метилоранж индикаторын қосып,  қызыл түске боялған ерітіндіні 0,1н натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді, судың қышқылдығы  0,5 мг-экв/дмболса, титрлеуді ерітінді қызғылт-сары түске өзгергенге дейін 0,01н натрий гидроксидінің ерітіндісімен жүргізеді. Титранттың шығындалған көлемін (Vмо ,см3) белгілеп алып, бес тамшы фенолфталеин индикаторын қосады да, сұйықтық тұрақты қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Бұл көлемді Vффсм3 деп белгілейді. Сенімдірек нәтижелерді алу үшін талданатын судың екіден кем емес параллель сынамаларын титрлеу ұсынылады. Параллель анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,1 см3-ден артық болмауы қажет.

Көмір қышқылы бар қышқылдықты анықтау қажет болса, сыйымдылығы 250 см3 конустық колбаға 0,1н натрий гидроксиді ерітіндісінің тура мөлшерін құйып алады және колбаға бірден 100 см3 талданатын суды құяды, одан соң 5 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып, араластырады және сұйықтықтың түсі қызғылт немесе қызыл күреңнен түссізге өзгергенге дейін 0,1н қышқыл ерітіндісімен титрлейді және титрлеуге шығындалған қышқылдың көлемін Vқ, см3 деп белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет