2 зертханалық жұмыс


Қысқаша теориялық деректер



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#85297
1   2   3
Байланысты:
Диас Оцт

2.1 Қысқаша теориялық деректер
Микроконтроллерде сыртқы құрылғыларды қосуға арналған шығыстар бар. Шығыстары функционалдық топтарға біріктірілген - арнайы мақсаттағы регистрлер (АМР): PORTA, PORTB, PORTC, PORTD, PORTE. Порт шығыстарына кернеу орталық процессорлық кұрылғы (ОПҚ) арқылы жеткізілетін болады, немесе ол сыртқы көзден келеді. Порт биттерін нөмірлеу және порт регистрінің мазмұны 2.1 суретте көрсетілген. Кернеу бар болса - 1, ал жоқ болса 0 цифрымен белгіленеді.
Регистрдің барлық шығыстары оңнан солға, нөлден бастап нөмірленген және разряд (сан) немесе бит деп аталады. Жеке порт шығыстары белгілі бір деңгейдегі сигналды енгізу немесе шығару үшін бапталуына болады. Порт шығыстары технологиялық процестерді басқару аспаптарына немесе құрылғыларға қосылған тізбектер, немесе аналогтық немесе цифрлық ақпаратты енгізетін сенсорға бара алады. 2.1 суретте регистр сұлбасыкөрсетілген.



2.1 сурет – 8-разрядты регистрдің сұлбасы

2.1 суретте ұсынылған бірлік және нөл жиынтығы ресми екілік санау жүйесіндегі сан ретінде саналады. Сандағы цифрдың орны разряд (бит) деп аталады. PORTA, PORTB, PORTC, PORTD, PORTЕ регистрлерінің жеке биттерін кіріске немесе шығысқа баптау, TRISA, TRISB, TRISC, TRISD, TRISЕ регистрлерінің сәйкес биттері арқылы орындалады. Егер, мысалы, TRISC регистріне бірінші жарты байтына барлық нөлдер және екінші жарты байтына бірлік (энергия берген) жазылған болса, PORTC бірінші жарты байты МК - ден ақпаратты шығаруға жұмыс істейді, екінші жарты байтына ақпаратты енгізуге жұмыс істейді.


PORTC барлық 8 битіне ОПҚ энергиясының берілуі болса, онда PORTC шығысында энергия тек 0-3 биттерде болады. Ілмектің 4-7 биті [11] құрсауланады.
Кез келген регистрге тікелей қандай да бір санды (тұрақты) жазу мүмкін емес. Бірінші тұрақтыны MOVLW нұсқауы бойынша регистр-аккумуляторға жазамыз, содан кейін MOVWF нұсқауы бойынша қалаған регистрғе жіберіледі.
MК қосылғанда бағдарламаның орындалуы бағдарламалар жадысының h'00’ мекенжайынан басталады.
Микроконтроллер түйіспелеріне қосылған жабдықтарды таңдаған кезде, нақты микроконтроллердің электрлік сипаттамаларын басшылыққа алуға тиіс [11].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет