Сабақтың
ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Дереке – өңделмеген әр түрлі фактілер, цифрлар. Өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған дерек ақпаратқа жатады. Программалау тілдерінің көмегімен деректерді өңдеу үшін оларды типтерге жіктейді. Сандық ақпарат сандық деректерден құрылады. Мәтіндік қапарат – символдық және жолдық деректерден құралады. Деректердің жіктелуі оларды компьютерде өңдеу кезінде маңызды рөл атқарады.
Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Деректердің типін білу осы типтегі айнымалылардың қолдану ауқымы (шегі) мен оған қолданылатын амалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректер типі ақпаратты қалай түсіну керектігін көрсетеді.
Деректер типі
Python-да қолданылатын деректер бүтін сан, нақты сан, жолдық және логикалық типтердің біріне жатады.
Оқулық $3.3, 83-бет, 1-кесте.
Сабақты толық түсіндіремін. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1-тапсырма
Топтық тапсырмалар
|