1.Симптоматикалық артериалдық гипертензия кезінде артериалды гипертензия синдромын ажыратпалы диагностика жүргізіңіз
2.Пневмонияның эпидемиологиясына, қоздырғышына, орналасуы, аурудың таралуына байланысты клиникалық ағым ерекшеліктерін талдаңыз
Пневмония - бұл респираторлы бөлімдерді қамтитын және интраальвеолдық қабынулық
экссудациямен жүретін өкпенің жедел ошақты инфекциялыққабынулық (негізінен бактериялық) зақымдануы.
Эпидемиологиясы
Пневмонияға өкпе ауруларының 54% келеді.
Пульмонологиялық өлім-жітімнің 2-ші орныналады.
Ауруханалық өлім себептерінің 1-ші орныналады.
Пневмониядан өлім еңбекке жарамды жастағыларда 61% дейін жетеді.
Жіктеуде
1. Аурудың даму жағдайы (қандай пневмония),
2. Ауырлық дәрежесі
3. Дерттің орналасуы
4. Асқынулары ескеріледі.
Сонымен, жіктеудің 1-ші кезеңінде аурудың даму шартына қарай
бөледі:
1. Аурухадан тыс пневмонияны (синонимдері: үйішілік, коммуналды, емханалық).
2. Ауруханалық (ауру науқастың стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан соң немесе ауруханадан шыққаннан кейін 4 апта ішінде дамығанда) (синонимдері: нозокомиалды, госпиталды).
3. Аспирациялық пневмонияны.
4. Иммундытапшылық пневмонияны (туа біткен иммунодефицит, ЖИТС-инфекция, ятрогенді иммуносупрессия).
Пневмонияның ауырлық дәрежесін бағалау
1. Интоксикациялық синдром айқындылығы бойынша. Дене қызуының 1 градусқа жоғарылауы ЖСЖ 8-10 соққыға, ТАЖ 2-3 тынысқа өсіреді. Сана бұзылысы интоксикациялық синдром ауырлығының куәсі. Интоксикациялық синдромның зертханалық көрсеткіштері: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қабыну көрсеткіштерінің өсуі, ШТҚҰ маркерлері.
2. Тыныс жеткіліксіздігінің айқындылығы бойынша. Клиникалық (тахипноэ, цианоз) және параклиникалық (оттегі сатурациясының төмендеуі, көмірқышқыл газ сатурациясының және кернеуінің жоғарылауы).
3. Асқынулардың дамуы бойынша: пневмонияның ауырлығын көрсетеді.
4. Зақымданудың ауқымдылығы бойынша: R деректерге сүйеніп.
Этиологоиясына қарай:
Бактериялық
Вирустық
Микоплазмалық
Хладмидялық
Легионелезездік
Саңырауқұлақтық
Паразиттік
Аралас сабепті пневмония
Қоздырғышы анықталмаған пневмония.
Пневмониямен ауыратын адамның басты шағымдары – жөтел, қақырық бөлу, кеуденің ауыруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі. Жөтел құрғақ және қақырықты болады. Қақырық кілегейлі, кілегейлі-іріңді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |