1. Науқасқа нақтама қойыңыз. 2. Аурудың этиологиясын айтыңыз. 3. Емдеу іс- шараларының реттілігін айтыңыз. Жауап.
1.Нақтама: Гипоплазия (көбіне туылғаннан кейін басынан кешірген ауруларына байланысты, кіреуке бұзылуында дақтар,люминицентті нақтамада метилен көгімен боялмайды)
2. Этиологиясы: Сонымен қатар гипоплазия баланың рахитпен, ауыр жұқпалы аурулармен, диспеепсиямен, эндокрин бездерінің жеткіліксіз жұмысынан және ана мен балаының түрлі зат алмасуын бұзатын ауруларының салдарынан болады. Гипоплазия амелобласттар мен одонтобластардың қызметінің бұзылуынан келіп шығады. Ол сүт және тұрақты тістердің гипоплпзиясы жүкті әйел ағзасындағы қызметтердің бұзылуынан болма, ал тұрақты тістердің гипоплпзиясы көбіне бала туылғаннан кейін басынан кешірген ауруларына байланысты болады. Сонымен қатар гипоплазияға бала ауырған кезде қайсы топ тістерінің минерилизациясы болып жатса, сол тістердің барлығында ақау пайда болады. Олар тіс сауытының топтарына қарай түрлі жерлерінде кездеседі. Келіп шығуына қарай гипоплазияны жүйелі, ошақты және жергілікті деп бөлеміз.
Клиникасына қарай - кіреукенің түсі өзгерген ( дақ түрі) , тістің қатты тіндерінің құрылысы өзгерген ( толқын сияқты, кесе тәрізді , науа тәрізді ), кіреукенің жұқаруы болып бөлінеді.
3.Емі:
Клиникалық көрініске қарай пломбалайды не беткейлер қырып тасталып жарықпен қататын пломба салынады. Препараттау кезінде тістің қатты тіндерін өте шектеулі алып тасталады. Тістер көп жейілгенде жасанды тіс сауытымен қапталады.
28. 20 жасар қыз жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Тістер түсінің өзгеруі балалық шағынан бар. Балалық кезінде асқазан ішек жолдарының ауруларымен көп ауырған. Қарап тексергенде алдыңғы тістердің тістер кіреукесі кесу беткейіне жақын жерлері сары түске боялған. Тістер жылтыр, тегіс ешқандай ауру сезімі жоқ.