20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру



бет1/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet


20 балл
1.Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру.
Дәрігер стоматологтың өз міндетін жақсы орындау, жұмыс орнының жабдықталуы мен жұмысын ұйымдастыруына байланысты. Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады.
Ереже бойынша бір стоматологиялық құрылғы орнату үшін бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған стоматологиялық құрылғы үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру үшін кварц шамы болуы керек.
Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт.
Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық құрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі – дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек. Соңғы кезде дәрігерлерден науқас жайындағы мәліметті компьютерге енгізу және электронды вариантта есеп – қисап жұмыстарын жүргізуді талап етіліп жүргендіктен, бөлме арнайы компьютер үстелдерімен де жабдықталуда. Медбикенің жұмыс орнында құрал – саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданылатын дәрі – дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.
Стоматологиялық бөлмеде ең қажет болып саналатын аппарат бормашина болып есептеледі. Алғашқыда олар аяқпен жұмыс істейтін болып, кейін келе жетілдіріліп мотормен, соңғы кездерде турбиналы болып шыға бастады.
Стоматологиялық құрылғы – соңғы кездерде күрделендіріліп, автоматизацияланған. Құрылғыда науқас үшін орындық, жасанды жарық көзі, гидроблок, монитор және керекті іс – әрекеттер орындау үшін қолданылатын ұштықтар ( наконечник ) орнатылған үстелден тұрады. Ұштықтардан тістің қатты тіндерін препараттауда, тіс жегі қуыстарын қалыптастыруда, тіс қақтарын алуда, арналарды пломбалық материалдармен толтыруда пайдаланылады. Препараттау үшін ұштық ұшына түрлі жылдамдықта айналатын құралдар, яғни борлар орнатылады. Іс – әрекеттер үстелінде 2 – 3 түтік болып, оның бірі микромоторға барады. Ол минутына 2000 – нан 1500 – ға дейін айналым жасайды. Ал турбиналы ұштық үшін басқа түтік келеді. Мұнда оның айналу жылжамдығы минутына 300000 – 450000-ға дейін жетеді. Құрал – саймандар үстелінде ультрадыбыспен тіс тастарын алатын ұштық және ауа мен су беру үшін пистолет, сілекей сорғыш, бар. Гидроблокта түкіргіш, су және сілекейді сорып алу үшін ұштық болады.
Орындық түрлі жазықтықтарда қозғалып, дәрігер үшін науқасты емдеуге қажетті жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет