12. Блэк бойынша 3ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау. Блэк бойынша үшінші сыныпқа кесу беткейлері бұзылмай, күрек пен ит тістердің түйіскен беткейлерінде орналасқан тіс жегі қуыстары жатады. Үшінші кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса, жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Тістер тығыз орналасқан және көрші тіс болған жағдайда тісжегі қуысына жол ашып алады. Ол үшін таңдай немесе тіл жақ бетінен тісжегі аймағындағы бұзылмаған кіреуке мен дентин қабатын алып тастап, қуысты аталмыш беттерге шығарып алғаннан кейін ережеге сай егеп-тазалайды. Қуыстың ерін жақ қабырғасындағы бұзылмаған кіреукені барынша сақтап қалуға тырысу керек.Үшбұрыштың табанын қуыстың қызыл иек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады
Бұл алдыңғы тістердің түйіскен беткейлерінде тіс жегі қуысын жасау болып, дәрігер үшін өте қиындыққа алып келеді. Егер зақымданған тістің қасында тіс болмаса, қуысты қалыптастыруда қиындық болмайды. Қуысқа үшбұрыш формасы беріліп, табаны жоғары қаратылады. Егер бүйір беткейден қуысты жасау мүмкіндігі болмаса, онда қуыстың тіл не таңдай беткейі тесіп ашылып, кейіннен қуыс қалыптастырылады. Косметикалық жағын ескере отырып кіреберіс беткейінде жұқа кіреуке қабаты қалса да, оны сақтап қалуға әрекет жасау керек. Жұмыс істеу кезінде борлардың кіші мөлшері таңдалынып алынады.