15-043У формасын толтыру Стоматологиялық науқастың медициналық картасы - № 43У тіркеу үлгісі (учетная форма) медициналық және заңды құжат. Мұнда науқастың төлқұжатының мәліметтері, аурудың нақтылы диагнозы, жүргізілген емдеу шаралары, оның нәтижесі тіркеледі және бірнеше бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – төлқұжаттың бөлімі. Бұл бөлім науқас ең алғаш стоматологиялық емдеу мекемесіне (емханаға немесе клиникаға) келген кезде тіркеу бөлмесінде (бөлімінде) толтырылады.
«Диагноз» графасын науқасты толық сұрап, қарап, тексеріп және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер-стоматолог толтырады.
«Анықталған аурудың дамуы (развитие настоящего заболевания)» графасын аурудың даму тарихын немесе ауру анемнезін жинау негізінде толтырады және қосалқы тексеру әдістерінің қорытындыларын толық тіркейді.
Арнаулы бөлім ауруды емдеу жоспарына арналған және жүргізілуге тиіс кешенді емдеу әдістерінің барлығы (хирургиялық, ортопедиялық әдістерді қоса) көрсетіледі.
Картаның «Күнделік – дневник» бөлімінде жүргізілген емдеу шаралары, олардың нәтижесі қысқаша және анық сипатталады.
Медициналық карта заңды құжат болғандықтан тіркеу бөлімінде 5 жыл сақталады да белгіленген уақыт озған соң мұрағатқа тапсырылады.
Тістерді қарап тексеру нәтижесін тіркеудің оңтайлы және қысқа болуы үшін арнаулы тістерді белгілеу үлгісін (зубная формула) толтырады. Тістерді белгілеу үлгісінің бірнеше жүйесі бар. Ертеректе қолданылып келгені – Зигмонди ұсынған австралиялық үлгі. Бұл үлгі бойынша екі жақ сүйектерін түзулер арқылы төрт шаршыға бөледі. Көлденең түзу тістердің жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне тік түзу олардың оң және сол жақ бөліктеріне жататындығын көрсетеді.
Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы- №043/е нысанды толтырылады. Алғашында аты-жөні толық жазылады. Туылған күні, жынысы, мекен-жайы, кәсібі толық науқас туралы жазылады. Кейінгі қатарында диагнозы, шағымы, бұрын ауырған басқада сырқаттары, обьективті зерттеу кезіндегі ақаулықтары жазылады. Ауыз қуысын ашып қарағандағы тістердің жағдайлары туралы, кейнгі қатарға белгілі өзінің белгілерімен аурудың түрін жазамыз. Мысалы кариес болса-С, пульпит- Р, пломба салынған болса- П және тағы сол сияқты. Пародонтоз- А, жасанды сауыт- К, жасанды тіс- Ж деңгейлерін белгілейсін. Тістем түрін ажыратасын. Кейінгі қатарда қызыл иек, таңдай жағдайлары белгілейсін. Рентгендік зертханалық зерттеулерін жазып көрсетеміз, емдеу нәтижиесі, ұсыныстар, емдеуші дәрігер аты жөні, бөлімше меңгерушісі қолы қойылады.