Қалқанша бездің қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар.
Микседема
Жемсау (зоб) ауруы — бұл қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.
Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.
Зоб
Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ).
Зобты қалайша алдын алып емдеп жазуға және кретинизмді қайтіп болдырмауға болады:
Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.
Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор. Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да пайдалы. Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз.
Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз. Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым пайдалырақ.
Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға организмнің бейімділігін сезініп, тіпті алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста мен маниока жеуді тоқтатыңыз.
Ескертпе: Егер зоб ауруымен ауыратын адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде білікті дәрігер маманға көріну қажет.