16-Терапиялық стоматолгия бөлмесіндегі қауіпсіздік ережелері
17Терапиялық стоматология бөлмесіндегі залалсыздандыру мен зарарсыздандыру
Зарарсыздандыру - дегеніміз қоршаған ортадағы адамға қауіпті патогенді микроорганизмдерді толық, жартылай және селективті жою тәсілдерінің жиынтығы. Медициналық құралдарды зарарсыздандыру тәсілдері :
Қайнату тәсілі - дисталдық су қолданылады - 98ºС – 30 мин. - әйнектен, темірден, полимер материалдарынан, резеңкеден жасалған заттар зарарсыздандырылады.
Бумен – дымқыл тығыз бу Р = 0,5 Мпа - 110ºС – 20 мин. - әйнектен, темірден, резеңкеден, латекстен, полимерден жасалған заттар зарарсыздандырылады.
Ауамен – құрғақ ыстық ауа - 120ºС – 45 мин - әйнектен, темірден, жасалған заттар зарарсыздандырылады.
Химиялық - ,хлорамин – 1 %- 30 мин, 5% - 240 мин, 3%- 60 мин. Полимерленден және әйнектен жасалған заттар зарарсыздандырылады.
Пероксид сутегісі –. 18ºС - 3% - 80; 180; 12 мин.
Дезоксан – 1 – 0,1% - 15 мин.
Хлорцин - 18ºС – 0,5% - 30 мин; 3% - 240 мин; 1% - 60 мин
Ескерту:
• Химиялық тәсілмен залалсыздану тәртібі 3 вариантта берілген
• 1 – ші – науқастың қаны мен кілегейлі қабықтарымен байланыспаған заттарды зарарсыздандыруға.
• 2 – ші – туберкулез инфекциясымен инфекциясымен байланысқан заттарды зарарсыздандыруға.
• 3 – ші - науқастың қаны мен кілегейлі қабықтарымен байланысқан заттарды зарарсыздандыруға.
• Заттарды залалсыздандыру кезінде алжапқыш пен қолғап кию керек.
• Заттарды малып қойып зарарсыздандырғаннан кейін зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше жақсылап шаю керек.
• Зарарсыздандырылған ерітіндісі 1 рет қолдануы керек.
• Жаңа зарарсыздандырылған ерітіндісі ҚР. ДМ. Нұсқауы бойынша қолданылады.
Ине мен шприцті қолданғаннан кейін зарарсыздандыру.
Ол үшін бізге төмендегідей құрал – жабдықтар қажет:
• Зарарсыздандырылған ерітіндісі бар №1 ыдыс (3% хлорамин).
• Зарарсыздандырылған ерітіндісі бар №2 ыдыс (3% хлорамин).
• Зарарсыздандырылған ерітіндісі бар №3 ыдыс (3% хлорамин).
• Шприцтер мен инелер.
• Қысқыш.
Енді орындалу ретіне келетін болсақ алдымен:
1. Ине мен шприцтерді №1 ыдысқа 3% хлорамин ерітіндісіне бірнешелеп ине мен шприцтан сұйықтық өткізіп, ішіндегі қан мен дәрі қалдықтарын жуып шайып алу керек.
2. Инелерді шприцтен шешіп, қысқыш көмегімен №2 ыдысқа 3% хлорамин ерітіндісінде 60 мин, 1 рет қолданатын инелерді – 120 мин ұстау керек.
3. Шприцтерді бұзылған күйінде №3 ыдысқа ,3% хлорамин ерітіндісінде 60 мин, 1 рет қолданатын шприцтерді– 120 мин ұстау керек.
4. Шприц пен инелерді ағынды суға хлорамын иісі кеткенше жуып шайып, оларды көп қолданылатын шприцтерді залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуге жіберіп, ал бір рет қолданылатын шприцтерді жоюға жіберу тиіс.
Залалсыздандыру – медициналық құрал – жабдықтармен мен таңғыш материалдардағы барлық флора мен спораларды жою. Медициналық практикада науқасқа енгізілген дәрілер, диогностикалық препараттар, таңғыш материалдар шприцтер мен инелер, іш киімдер мен төсек орындар, науқасты күтетін заттардың барлығы залалсыздандырылады.
Залалсыздандыру және залалсыздандыру алдындағы тазалаудың сапасыз болатын жағдайда асқынулар: сывороткалық гепатит, абцесс, ЖИТС.
Технология жағынан залалсыздандыру процесі мына этаптардан тұрады:
• медициналық инструменттерді залалсыздандыру.
• залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өту.
• материалды жиыстырып контейнерге немесе стерилизаторға салуға даярлап, салу .
• залалсыздандыру .
• залалсыздандыру сапасын анықтау .
• залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
Қазіргі медициналық мекемелерде залалсыздандырудың бірнеше түрлері қолданылады:
Залалсыздандыру режимі
Залалсыз -дандыру камерасын -дағы будың қысымы атм. Залалсыздан -дыру камерасында -ғы жұмыс температурасы
- ºС Залалсыздан -дыруға жету уақыты, мин. Қолдану Залалсыздандырылған заттардың сақталу мерзімі
Сапасы жоғары темірлерден, текстильді материалдардан, резеңкеден жасалған заттарға арналған.
Резеңкеден, латекстен, полимер материалдарынан жасалған заттарға арналған Фильтрі жоқ биксте, пияз немесе пергамент қабында, қағаз қабында – 3 тәулік, фильтірі бар биксте
20 тәулік
Залалсыздандыру алдындағы тазалау:
І кезең – құрал – жабдықтарды бөлек ыдыста 3 % деохлор ерітіндісінде жуу.
ІІ кезең – бөлек күйінде 3 % деохлор ерітіндісінде малып қою.
ІІІ кезең – ағын суда 5 мин шаю
IV кезең – жуушы кешеніне 15 мин. малып қою.
VI кезең – мақта дәке тампонымен жуушы кешенінің ішінде жуу.
VII кезең – ағынды суда шаю.
• «Биолоттан» кейін – 3 мин. 15 мин.
• «Прогресстен» кейін – 15 мин.
• «Лотос», «Астрадан» кейін 10 мин.
• VII кезең —тұзсыз суы бар ыдыста шаю.
VIII кезең – ыстық ауа шкафында t - 80ºС құрғағанша кептіру. Майлы
шприц пен инелер бөлек өңделеді.
Залалсыздандыру сапасын бақылау
Залалсыздандырудан өткен заттардың барлығы залалсыздандыру сапасын анықтаудан өту қажет. Сол үшін емдеу және алдын алу мекемелерінде мынадай бақылау тәсілдері қолданылады:
• Физикалық - залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында
стерилизатор мен автоклавтарда орналастырған термотетрлер, таймерлер, мономерлер, түрлі түсті индикатор көмегімен бақылау жүргізіледі. Физикалық бақылау тәсілі температура, қысым және басқа залалсыздандыру процесінің параметрлері мағлұмат беріп отырады. Физикалық бақылау тәсілі бойынша заттар толық залалсыздандырудан өтті деуге болмайды, өйткені ол тек залалсыздандыру камерасының жұмысын ғана бақылайды.
• Химиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында
химиялық ингдикаторларды қолдану . Химиялық индикаторлар залалсыздандырылатын қораптардың ішіне немесе сыртына салынады. Егер индикатор түсін немесе еріп кетсе, онда заттар залалсыздандырылған, ал егер индикатор түсі толық өзгермейғ ерімесе, онда заттардың залалсыздандыруы болмаған.
• Биологиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында
қағаз қорабына салынған бактерия спораларын сіңдіріп, кептірген қағаз кесінділерді немесе пласьтинкалы флакон құрамында ұрықтары бар кесінділер
Достарыңызбен бөлісу: |