20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері



бет15/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

20. Ауыз қуысының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Ауыз қуысы (полость рта- cavitas oris),немесе ауыз (рот-stoma) ас қорыту жолының бастапқы бөлігі,алдынан және бүйірінен еріндерменғұрттармен шектелген,жоғарыдан қатты және жұмсақ таңдаймен, төмен жағынан ауыз табанымен шектелген.Еріндер бір-бірімен жанасқанда ауыз тесігі саңылауға ұқсас,ал ашқан кезде домалақ пішінге ие.
Ауыз қуысы немесе ауыз іші екі бөліктен тұрады: алдыңғы бөлігі-ауыз кіреберісі (преддверие рта- vestibulum oris) артқы бөлігі-нағыз ауыз қуысы немесе ауыз іші (собственно ротовая полость- cavitas oris propria).Ауыз кіреберісі алдынан және бүйірінен еріндер мен ұрттармен шектелген,төбесі және табаны ауыспалы қатпарлармен шектелген,ішкі жағынан тістермен,альвеола өсінділерінің кілегей қабығымен шектелген.Нағыз ауыз іші көмей арқылы жұтқыншақ қуысымен қосылады.
Ауыздың кілегей қабығы
Ауыз ішін кілегей қабық жауып жатады (тістерден басқа аймақтарын ) және үш қабаттан тұрады: эпителий,нағыз кілегей қабық немесе нағыз дәнекер тінді кілегей қабат,кілегей қабық асты қабаты.Ауыз кілегей қабығының жабынды эпителийі көпқабатты жазық эпителийге жатады.
Жазық эпителий мүйізгектенетін және мүйізгектенбейтін болып екі түрге бөлінеді.Мүйізгектенетін эпителий қатты таңдайды,қызылиектерді,еріндер жиегін,тілдің жіпке ұқсас бүртіктерін жауып тұрады.Ауыз ішінің басқа аймақтары мүйізгектенбейтін эпителиймен жабылған.
Мүйізгектенбейтін эпителий екі қабаттан тұрады: базальды және тікенекті қабаттар.
Мүйізгектенетін эпителийдің құрамына аталған екі қабаттар үстінде орналасқан түйірлі немесе дәнді қабат,ал оның үстінде мүйізгектенген қабат орналасқан.
Базальды қабат клеткаларының арасында бірен-саран лейкоциттер табылады және меланоциттер,Лангерганс клеткалары да болуы мүмкін.
Эпителийдің базальды қабаты мен нағыз дәнекер тін қабатының арасында оларды байланыстыратын базальды жарғақ орналасқан.
Нағыз дәнекер тін қабаты екі қабаттан тұрады: бүртікті қабат,шекарасы толқынға ұқсас эпителий қабатына кіріп жатады,капиллярларға бай борпылдақ тінге жатады.Оның астында торлы қабат орналасады және көлденең орналасқан коллагенді,ретикулярлы талшықтар шоғырынан және клеткалық құрылымдардан тұрады.Клеткалық құрылымдарға фибробласттар,толықша клеткалар,плазмациттер,сигменттіядролы лейкоциттер жатады.
Нағыз дәнекер тін қабаты астында кілегей қабық асты қабаты (подслизистый слой) орналасқан және борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.Мұнда көптеген қантамырлар,ұқсас сілекей бездері орналасқан.
Кілегей қабықасты қабаты ауыз ішінің барлық аймағында бола бермейді және ол қабат қызылиекте,қатты таңдайдың орталық тігісі,қызылиекке жақын аймағында,тілдің үстінде,еріндер жиегінде болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет