Тіл(язык- lingua)
Еттен тұратын ағза,ас шайнауға,жұтуға,соруға,сөйлеуге,дәм сезуге қатынасады.Тілдің ұшын,денесін,түбірін,беттерін (үстіңгі,астыңғы,бүйір беттері) ажыратады.Төрт түрлі бүртіктермен қамтылған: жіпке ұқсас,саңырауқұлаққа ұқсас,жапыраққа ұқсас,науаға ұқсас.
Жіпке ұқсас бүртіктер-нитевидные сосочки (papillae filiformes) 500 тал 1 кв.см-де.Оларға тактильді сезімталдық тән.
Грибовидные сосочки –papilae fungiformes.Қантамырларына бай,дәм сезу баданалары орналасқан.
Жапыраққа ұқсас бүртіктер- papille foliatae.
Науаға ұқсас бүртіктер- papillae vallatae.Саны 9-11.
Кілегей қабықтың адам жасына байланысты өзгерістері : эпителий қабаты жұқарады,клеткалы құрылымдардың көлемі кішірейеді,эластикалық талшықтар қалыңдайды,коллаген талшықты шоғырлар тарамдалады.60 жастан асқаннан кейін базальды жарғақтың бүтіндігі бұзылып,эпителий қабаты дәнекер тін бағытында өсе бастайды.
Ауыз кілегей қабығының қызметі: қорғаныс құру,сезу (ыстықты, суықты, дәмді, тактильді-сезіну), сіңіру-сору (органикалық, бейорганикалық заттарды, аминқышқылдарын, антибиотиктерді, дәрі-дәрмектерді).
Сілекей
Сутегі иондарының концентрациясы (РН) қалыпты жағдайда 6,5-7,5 тең.Кейбір авторлар 6,8-7,0 тең дейді (орта есеппен).
Сілекейдің құрамы: 99,0-99,4 % судан,1,0-0,6% онда еріген органикалық және минералды заттардан тұрады.
Бейорганикалық заттар: кальций тұздары,фосфаттар,калий және натрий қосындылары,хлоридтер гидрокарбоиоттар,фторидтерроданиттер.Кальцийдің концентрациясы 1-2 ммоль/литріне ,фосфордікі 4-6 ммоль/литріне және белоктармен тығыз байланысқан.
Сілекей гидроксиапатитпен және фторапатитпен аса қаныққан.
Сілекейдегі кальций мөлшері (1,2 ммоль/л) қан сарысуындағыдан аз,фосфордікі (3,2 ммоль/л,қан сарысуындағы мөлшерден 2 есе көп).
Ауыз сұйығында фторда бар,ол ішетін судағы мөлшеріне байланысты.
Сілекейдің органикалық құрамы: Белоктар, ферменттер құрылады,
гликопротеидтер, амилаза, муцин, «А» класындағы иммуноглобулиндер.
Сілекейде белоктардың 17 фракциясы анықталған.Аралас сілекейде ферменттердің негізгі 5 тобы анықталған: карбоангидраза,эстераза,протеолиздеуші ферменттер,тасушы және аралас ферменттер.Олардың 60 түрі анықталған: фосфатаза,лизоцим,4-амилаза гиалуринадаза калликреин,пептидаза,РНК-аза,ДНК-аза.
Достарыңызбен бөлісу: |