24 Тістердің гистологиясы . Тістердің негізгі салмағы тіс сауытынын аймағындағы кіреукемен капталған дентиннен түрады, ал түбір аймағы цементтен. Tic куысында ұлпа орналаскан. Түбір цементімен альвеола кабырғасында сүйек тінінін арасында орналаскан периодонттың көмегімен тіс үяшыкта орналаскан.
Кіреуке (enamelum)
Кіреуке бейорганикалык (96—99%) және органикалык (1—4% — нәруыз және су) заттарынан күралған. Нәтижесінде кұрамында көптеген минералды тұздары бар кіреуке ағзанын өте катты тіні болып табылады. Кіреукенін негізгі кұрылымдык түзілісі диаметрі 4—6 мкм кіреукелік призма. Кіреукелік призма көлденен кескінде аркадо тәрізді пішінді болады. Призмалардын саны бірнеше миллионды кұрайды. Әрбір призма әктастанған ультра жіңішке фибриллаларға келеді. Tic сауытының әр түрлі бөлімдерінде кіреукелі призмалардын үзындығы бірдей емес, көп жағдайда кіреуке кабатынын көлемінен үлкен болып келеді. Кіреукелі призмалар дентин кіреукелі косылыстан басталып, тіс сауыты бетінде аякталады. Кіреукелі призмалар топталып, S-тәрізді иілуді түзеді Кіреукенің сырткы кабатының кұрамында көп көлемде фтор, корғасын, цинк, темір жэне аздап натрий, магний, карбонаттар бар. Кіреукенін призма аралык заты призма сиякты кристалдардан тұрады, бірак ориентациясымен ерекшеленеді.
Кіреукелі призманын кристаллдарынын гидратты кабыкшасы болады — (OH ) иондарымен байланыскан калыңдығы — 1 нм. Байланыскан судан (кристалдардың гидратты кабыкшасы) баска, кіреукеде микрокеңістікте орналаскан бос су болады. Cy биологиялык рөл аткарады, кіреуке арасындағы, ауыз куысынын ортасындағы жэне ұлпанын ион алмасуын камтамасыз етеді. Кіреукенін сырткы кабатынын жэне дентинді кіреукелі шекарасынын ішкі (5—15 мкм) кабатынын кұрамында призма болмайды (призмасыз кіреуке). Осы кабаттарда ұсак жэне өте ipi пластинкалык кристалдар болады.
Кіреукеде, сонымен катар кіреукелі пластинкалар болады (ламеллалар) жэне шоғырлар бар, олар минералдануы аз призма аралык заттар сиякты. Пластинкалар кіреукенін калын кабатынан өтеді. Шоғырлар ен басты дентин кіреукелі шекарада орналасады. Бұл түзілістер бактерияның ену какпасы болып жэне тісжегінін дамуына жол ашады (4.25-сурет).
Келесі кіреукенің элементі эмальды үршық — эмальға дентин кіреукелі косылыстар аркылы өтетін одонтобласттардын колб тәрізді өсінділері болып табылады. Ұршык кіреукелі призмалары арасында орналасып, кіреукенің тро-фикасына катысады (4.26-сурет).
Кіреукенің ен калын бөлімі төмпешіктер аймағында (1,7 мм), ең жіңішкесі тістін мойнында (0,1 мм). Клреуке калыны фиссуранын шайнау бетінде 0,6-0,7 мм.
Кіреукенің өзін егеген кезде ауырсынбайды, бірак мойын аймағын тазалау барысында бордын дентинге тез кіруі жиі сезімталдыктын жоғарлауын туды-рады (кіреукелі-дентинді байланыстан өтетін). Кіреукенің минералдылығы жоғары болғандыктан бормен кесілмейді, әрленеді, сондыктан оны тек әрлейтін кұралдармен тазалау кажет
Кіреуке жоғары берік және біршама нәзік болып келеді. Бұл жағдайды куыстын калыптасуы кезінде ескеру керек, ол дегеніміз механикалык жүктеме түсетін жерде әлсіреген кіреукенін бөліктерін сылып алып тастау керек. Tic сауытынын кескіш бөліміндегі төмпешіктер аймағындағы кіреукені жұлуға болмайды. Кіреуке беріктігі онын призмаларынын кристалдык кұрылымымен байланысты, негізін кристаллы гидроксилапатит кұрайды (фосфорлы-кышкыл кальций). Кіреукеде регенеративті касиеттері болмайды, бірак реминералдану касиеті бар, ол иондык алмасуға сілекейден кальций тұздары, фосфор және микроэлементтердін түсуіне байланысты. Кіреукенін реминералдануын кли-никада тісжегіке жэне баска патологиялык үдерістерге кіреукенің резис-тенттілігін жоғарлату үшін колданылады. Сонғысы онын бетіне фтор препа-раттарын, кальций түздарын және фосфорды жағу аркылы жүзеге асады.
Жоғары механикалык беріктіккс карамастан, тістің кіреукесі кейбір органикалык және бейорганикалык кышкылдардын әсерінен жеңіл бүлінеді. Шайнау төмпешіктерінін және кескіш бөлігінін кіреуке призмасы аймағында параллель тіс осьтері жатыр, ал бүйір беттерінде олар біртіндеп жазыктыкка айналады, тіске перпендикулярлы осьте. Осы кіреуке призмаларынын орнала-су ерекшеліктерін кіреукені егеу барысында ескерген жөн. Тісжегілі куысты тазалағаннан кейін кіреуке cay тіске сүйенуі керек.
Кіреукенің қасиеттері:
тамырсыз, жасаушасыз және ағзаның ен катты тіні;
кіреуке жартылай мөлдір, оның түсі сарғыштаудан сүр түс аралығында өзгеріп отырады, кіреукенін әр түрлі түсте болуы онын калындығына және мөлдірленуіне байланысты, сонымен катар дентинге тиісті түс мөлдірлігі төмен, кіреуке гипоминералданған болып келеді;
онын кұрылымдык элементі кіреукелі призмалар болып табылады;
дентин мен ұлпаға корғаныштык рөлін аткарады;
ауыз куысында тағамды ұнтактау кызметін аткарады;
ионды алмасуға және реминералдануға өткізгіштік кызметіне ие болады;
деминералдану үдерістері жүруі мүмкін (кіреуке компоненттерінің аза-юы — Ca, P жэне т.б.);
кіреукеніңжоғары беріктігімен катар, түбегейлі сынғыштыкка ие болады;
кіреукенің беткі кабатында көп көлемде фторапатиттің болуына байланысты жоғары беріктікке байланысты.