20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


-Тіс жегі қуыстарын Блэк бойынша жіктелуі



бет61/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

18-Тіс жегі қуыстарын Блэк бойынша жіктелуі.
Орналасу ерекшеліктеріне қарай Блэк тісжегі қуыстарын 5 классқа бөледі:
I класс – барлық тістердің табиғи жүлгелері (фиссураларында) мен ойықтарында (көбінесе кіші және үлкен азу тістердің, жоғарғы екінші күрек тістердің тұйық тесіктерінде) орналасқан тісжегі қуыстары.
II класс – кіші және үлкен азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары;
III класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларына ауыспаған немесе оларды бұзбайтын тісжегі қуыстары;
IV класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан, олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуына әкеп соғатын тісжегі қуыстары;
V класс – барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары;
Қазіргі кезде VI кластық тісжегі қуыстарын да қарастырып жүр.
VI класс – жоғарыда көрсетілген шартты аймақтардан басқа жерде орналасқан, аумағы мен тіс тіндерінің жараққаттану ерекшеліктері жағынан жоғарыда келтірілген анықтамаларға сай келмейтін тісжегі қуыстары. Алтыншы кластық тісжегі қуыстарын атипиялық қуыстар немесе атипиялық тісжегі ( атипичный кариес – caries atypica ) деп атауға болады. Бұл тісжегі тіс сауыттарының тісжегіден басқа аурулары (тістер гипоплазиясы, тістер флюорозы, сынаға ұқсас ақаулары т. б.) орналасқан аймақтард, шайнау төмпешіктерінде, тістеу қырларында дамиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет