20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру



бет85/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

1. Медбике дұрыс орындап жатыр ма?.
2. Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдері қанша?
3. Құрал –саймандарды өңдеу кезеңдерінің реттілігін айтыңыз.
Жауап : 1 Медбике стоматологиядағы құрал-саймандарды залалсыздандырудан алдыңғы өңдеу кезеңдерінде құрал-саймандарды 1 сағатқа дезинфектантқа салып, одан алып жуып дұрыс орындамады. Ол бірінші стерилизация алдыңғы кезеңді орындауы керек еді яғни, құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алып, механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойып, құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шаюы керек еді.
2 Құрал- саймандарды өңдеу кезеңдері 6 кезеңден тұрады.
1 – кезең )
Құрас – саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып – тазалап аламыз.
Механикалық өңдеуден өткізілген құрал- саймандарды дезинфектант салынған 2 ыдысқа 1 сағатқа салып жібітіп қоямыз. Құрал-саймандар 2 ыдыстан алынып, ағын суда шайылып алынады.
2- кезең )
Алдын жуу ерітіндісін дайындап аламыз. Жуатын ерітіндінің құрамы : 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құямыз. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітіледі. Шүберектен әр бір құралды ысқалап жуамыз.
3 – кезең )
Кейін 3-6 минут ағын суда шайылады.
4- кезең )
Бүркелген қанға азопирам сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса құрал-саймандар қайта 2 кезеңе қайтарылып жалғастырылады. Егер нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталиен сынамасы қойылады. Егер нәтиже оң болса қайтадан ағын суда шайылады.
5- кезең )
Теріс нәтиже болғанда олар дистелденген суда 10 минут қайнатылады.
6 – кезең )
Құрал – саймандар құрғақтық шкафында кептіріліп, жиылып, залалсыздандыруға жіберіледі.
3.

Инструкцияға сай қолын жуып, биялай мен бетперде киді

Лотоктан науқасқа қолданылған таңу материалдары және қоқыстарды «Б» қорабына салды.

Құрал-саймандарды, көзге көрінетін қан, дәрі, пломбалық материалдан тазалау үшін №1 дезинфектант құйылған ыдыста механикалық жолмен жуып-тазалап алды.

Механикалық өндеуден өткізілген құрал-саймандарды дезинфектант салынған №2 ыдысқа 1 сағатка салып жібітіп қойды.

Құрал-саймандар 2- ыдыстан алып, ағын суда шайды.

Алдын жуу ерітіндісін дайындап алды. Жуатын ерітіндінің құрамы: 1 литр жуатын ерітінді дайындау үшін 5 грамм жуатын ұнтақ + 20 мл. 33% пергидроль + 975 мл су құйды. Құрал саймандар 50-60 градусқа дейін ысытылған ерітіндіге 15 минутқа салып жібітті. Шүберекпен әр бір құралды ысқалап жуды.

Құрал-саймандар 3-6 минут ағын суда шайды.

Бүркелген қаңға азопирам сынамасын қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет