§20 білім алушының Өзіндік жұмысын ұйымдастыру ережелері жалпы ережелер


Білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата12.09.2020
өлшемі154,52 Kb.
#77962
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
§20 kaz

2. Білім алушының өзіндік жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар 

 

17.  Өзіндік  жұмыстың  мазмұны  академиялық  кезеңдегі  өзіндік  жұмыстың  көлемін, 

тапсырмалардың  саны  мен  сипатын,  олардың  еңбек  сыйымдылығы  мен  орындалу 

мерзімдерін,  ағымдағы  және  аралық  бақылау  түрлерін  көрсету  арқылы  оқу-әдістемелік 

кешенде, силлабуста анықталады. 

18. БӨЖ тапсырмаларын рәсімдеу талаптары: 

- пәнді оқудың толық кезеңіне арналған БӨЖ кестесі; 

- пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі; 

- рефераттар, баяндамалар, эссе, есептер және т.б. тақырыптары; 

- БӨЖ тапсырмаларының мазмұнына, көлеміне және рәсімделуіне қойылатын талаптар;  

- негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі; 

- кеңестікжәрдем түрлері; 

- бағалау критерийлері; 

- жұмыстың тапсырылу мерзімі. 

19. Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар: 

- тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студентжеке өз бетімен орындау 

керек; 

-  белгілі  тақырып  немесе  оның  бір  бөлігі  бойынша  өзекте  мәселелер  талқыланып 

шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;  

-  қарастырылып  отырған  мәселені  шешудегі  автордың  құзыреттілігін  көрсете  білу 

керек;  

- оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;  

-  белгілі  бір  ғылыми  жаңалық  элементтері  (егер  де  ол  ғылыми-зерттеу  еңбек  болса) 

болу керек. 

20. Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттарды 

міндетті түрде көрсету керек, яғни: 

-  қойылған  мақсат-міндеттерге  сәйкес  тақырыбы  көрсетілген  жұмыс  мазмұнының 

толықтығы мен тереңдігі бағаланады;  

- әдеби дереккөздерге шолужасау дәрежесі бағаланады; 

- жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады; 

- материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады; 

- жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;  

- пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады; 

- тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;  

- қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады; 

-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады; 

- өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады; 

- және т.б. 

21. Пәнді оқытудағы бір семестрдегі БӨЖ тапсырмаларының саны 5-тен аспауы керек. 

22. Әр БӨЖ тапсырмасы оқытушының белгілеген балы бойынша бағаланады.  




23.  Әрбір  білім  алушы  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  БӨЖ-ді  орындау  туралы 

қағаз  немесе  электронды  тасымалдағыштардағыәдістемелік  нұсқаулықтармен  қамтамасыз 

етілуі тиіс. Онда  

- тапсырмалардың мақсаты, тақырыптары мен мазмұны; 

- ұсынылатын әдебиеттер тізімі;  

- есеп формалары мен бақылау кестесі; 

- бағалау талаптары көрсетулге тиіс. 

24.  Пәнді  оқытудың  тиімділігі  үшін  білім  алушының  өзіндік  жұмысынкелесідегідей 

ұйымдастыруға болады: 

- негізгі қызмет білім алушыға жүктелетін аудиторияда тыс жұмыс (дәріс, практикалық 

және  зертханалық  сабақтарға  дайындық,  рефераттар  мен  баяндамалар  жазуы,  презентация 

дайындау, есеп шығару, басқа да үй тапсырмаларын орындау); 

-  негізгі  қызмет  білім  алушымен  қатар  оқытушыға  жүктелетін  белсенді  түрдегі 

аудториялық  жұмыс  (үй  жұмысына  дайындалумен  қатар,  сабақ  кезіндегі  жұмыс  –  тренинг, 

диспут, іскерлік ойындар, презентациялар, логикалық есептер, кейстер және т.б.). 

25.  БӨЖ-дің  орындалуы  мен  ұйымдастырылуын  бақылау  кафедраның  БӨЖ  кестесіне 

сәйкес жүзеге асырылады. 

26.  БӨЖ-ді  орындау  мен  ұйымдастырудың  барлық  түрі  кеңес  беру,  аралық  бақылау 

есептері,  оқытушының  БӨЖ  тапсырмаларын  қабылдау  және  т.б.  кестелердің,  жеке  пәндер 

бойынша БӨЖ бақылау журналдарының болуын талап етеді.  

27. Білім алушының өзіндік жұмысының жалпы көлеміне оқытушының басшылығымен 

жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) кіреді.  

28.  ОБӨЖ  көлемі  БӨЖ-дің  жалпы  көлемінің  25-50%  құрайды  және  оқытушының 

академиялық мерзімдегі педагогикалық жүктемесі бойынша анықталады:жүктеме 1-4 кредит 

болған жағдайда офис-сағаттар саны аптасына 1 академиялық сағатын құрайды, сәйкесінше 

5-9 кредит – 2 сағат, 10-15 кредит – 3 сағат.  

29.  Кәсіби  пәндер  бойынша  ОБӨЖ  академиялық  топтарда,  жалпыға  міндеттер  пәндер 

бойынша  білім  алушылардың  саны  50-ден  аспайтын  академиялық  ағымдарда 

ұйымдастырылуы тиіс.  

30.  Оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының  өзіндік  жұмысының 

кестесі негізгі оқу кестесінен бөлек құрастырылады. 

31.  ОБӨЖ  барысында  үй  жұмысын,  курстық,  семестрлік  және  бақылау  жұмыстарын, 

есептер  мен  басқа  да  тапсырмаларды  орындау  бойынша  кеңес  беріліп,  ағымдағы  және 

аралық бақылау жүргізіледі. 

32.  Егер  БӨЖ  тапсырмасының  орындалуы  қиындық  тудырмаса,  білім  алушы  кестеге 

сәйкес ОБӨЖ сабағына қатыспауына болады. 

33. ОБӨЖ кестесінде көрсетілген уақытта оқытушының аудиторияда болуы міндетті. 

34. ОБӨЖ семинарлар, практикалық немесе зертханалық сабақтарға алмастырылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет