ХХ ғасырдың бас кезінде ортағасырлық ұйқыда жатқан алаш қауымы арасынан ат төбеліндей азаматтар суырылып шығып, болашағы бұлдыр көшпелі қазаққа бағдаршам болды. Қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интеллегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлкеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді.
Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы – Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты. Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының ең басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың, тіпті ең қатерлі кездің өзінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік орната алмауынан көреді. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан шығарған "Иртышъ" пен "Омичъ" газеттері. «Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, – деп жазады Әлихан Бөкейхан, – күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті». Ол, 1905 жылдан бастап аса ықтиярлықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ. Онда алаш қайраткерлерінің барлығының демі мен аңсары бар, ал, ол идеяның ұйтқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ятсені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын. 1917 жылы шілде-тамыз айларының арасында Жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.