§20. Ғылым мен білімнің дамуы. 7 сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік


Өмір сүрген кезеңі - 1030-1090 жж



бет4/4
Дата05.02.2022
өлшемі149,43 Kb.
#22949
түріСабақ
1   2   3   4
Өмір сүрген кезеңі - 1030-1090 жж.

Қашғария қаласы


Толық аты Махмұд Хусейн ибн
Мұхаммед Қашғари

Білімі – М.Қашғари алғаш Қашғар қаласында
кейін Орта Азия мен Иранның ірі
қалаларында білім алды.Араб тілін жетік білген


Еңбектері Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын
«Түрік тілдерінің сөздігі» - «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайлардың аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мәліметтер алады.







Жүсіп Баласағұни


Өмір сүрген кезеңі - 1021-1075 жж.

Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласы
Толық аты Жүсіп Хас Хажип
Баласағұни


Атақты еңбегі – «Құт негізі - білік»
(«Құтадғу білік»). Бұл еңбек алғаш рет түрік
тілінде жазылған


Еңбектері Мәңгі өшпес мұрасы – 3 кітаптан тұратын
«Түрік тілдерінің сөздігі» - «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарияда аяқтаған Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның сол еңбегі үшін
Ұлы Хас Хажип деген лауазым берген.




Ахмет Игүнеки


Туған-өлген жылдары белгісіз.

Туған қаласының орны да белгісіз.


Толық аты – Әдіб Ахмет Махмұдұлы





Халық көзі тірісінде «ақындардың ақыны,
даналардың көшбасы» деп баға барген.


Бізге жеткен еңбегі - «Ақиқат сыйы».


«Ақиқат сыйы» дастанында халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.







Қожа Ахмет Йассауи


Өмір сүрген кезеңі - 1103-1167 жж.

Сайрам қаласында туған


Әкесі Ибрахим - ғұлама адам болған.
Шешесінің аты – Айша (бір деректерде Қарашаш).

Бала кезінен Йасы (қазіргі түркістан) қаласын
мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен
Ахмет Йассауи атанады.


Білімі – Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан білім алып,
Йасыға оралады. Арыстан бапты пір тұтады.


Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра «Диуани Хикмет», яғни
«Даналық кітабі» түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.


Шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім Ата атанағн
Сүлеймен бақырғани халықты имандылыққа шақырды.


V. Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар.

  1. Қазақ жерінде ғылымның дамуына себеп болған жағдай?

  2. Әл – Фараби туралы әңгімелеңдер.

  3. М. Қашғаридің сіңірген еңбегі мен әйгілі шығармасы туралы айтыңдар.

  4. Ж. Баласағұни туралы не білесіңдер?

  5. Қожа Ахмет Йассауи туралы не білесіңдер?



Сәйкестендір:
Әбу Насыр Әл-Фараби «Ақиқат сыйы»
Махмұд Қашғари «Музыканың үлкен кітабі»
Қожа Ахмет Йассауи «Диуани Хикмет»
Жүсіп Баласағұни «Диуани лұғат ат-түрік»
Ахмет Игүнеки «Құт негізі білік»


VI. Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау.


VІI. Үйге тапсырма: §20. Мәнжазба әзірлеу


Әйке орта мектебі




Пән мұғалімі: Абдиганиев Б.Р.


Сыныбы: 7


2011-2012 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет