20 ж аралығында өткен тәжірибенің есебі атырау, 20


Үзіліссіз педагогикалық тәжірбие кезінде алынған



бет15/17
Дата08.02.2022
өлшемі94 Kb.
#121722
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ппппп

Үзіліссіз педагогикалық тәжірбие кезінде алынған
іскерліктер мен меңгерілген дағдыларды қорытындылау
Міндеттелген 2021 жылдың, 1 қыркүйегі мен 1қазаны аралығында практикадан көп нәрсені үйрендім деп айта аламын. Алғашқы күннен мектепке кіргеннен бастап, мектептің жай-күйін, жағдайын, өздігімше бағалап, сараптадым. Алғашқы күні мектепті аралап, танысып, мектеп директорымен, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен кездестік. Тәжірбиеден өту кезінде сабақтың қалай өткізу керектігін үйрендім. Жетекшіміз Айдана апайдың күнделікті сабақ жоспарымен де танысып, сабақ жоспарын қалай жасалатындығын да біле бастадым.Сабаққа қатыса отырып, мұғалім ретінде оқушыларға сабақ бере бастадым. Сыныптардың ішінен 9 сыныптарға биология пәні бойынша сабақ бердім. Апайым келесіп маған жаңа тақырыпты айтты. Сол сыныпқа барып «Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері.» «Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.» туралы сабағымды көрнекіліктерді пайдаланып өткіздім. Оқушыларды топқа бөліп, сабақ барысыда посттер қорғатқыздым.Оқушылардың бәрінің сабаққа қатысқанын бақыладым. Сабақ барысында оқушыларға топтық, жұптық және жеке тапсырмалар бердім. Назарымды аударған нәрсе « Сергіту сәті» болды. Аты айтып тұрғандай,осы тәсіл арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы артады, яғни, ойынды сабақпен байланыстырып , сабақ тақырыбын қызықты, көңілді өткізуге болатындығына көзім жетті. Және де мұғалімнің сабақ жүргізу әдісіне ,сөйлеген сөзіне, қимыл-қозғалысына, өзін-өзі ұстауына көңіл аудардым. Ұстаз шәкіртерінің алдына барған кезден бастап, өз ойын жинақтап , дұрыс және тиянақты сөйлеуі керектігін түсіндім.
Тәжірбиеден өту барсысында мамандығым бойынша жұмыс жасауға асықтым. Сыныпқа келіп сабақ берудің өзі маған ұнады. Тәжірбиеден өту барысында біраз нәрсе үйрендім, мұғалім ретінде мол тәжірбие жинақтадым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет