Сынып ұжымына педагогикалық мінездеме
Атырау қаласы, № 2 Ж. Нәжимеденов атындағы орта мектебінің 9«А» сынып оқушыларының жалпы саны 25. Оның 16-ы ұл бала, 9-ы қыз бала. Сынып жетекшісі биология пән мұғалімі Утешова Айдана Бектурсиновна. Әлеуметтік құрамы жақсы. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Жас шамалары 15-16 жас. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Сыныптағы оқушылардың сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы жоғары,тәртіптері жақсы.Сыныптағы оқушылар өзара бір-бірімен жақсы достық қарым-қатынаста.Үнемі бір-біріне көмектерін беріп отырады. Оқушылар сабақтан себепсіз қалмайды. Өздеріне берілген,жүктелген әр түрлі тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап,қызығушылықпен орындайды.Сынып оқушылары арасында өнерлі,спортқа қатысатын балалар бар.Сынып оқушылары мектепшілік шаралардың,түрлі жұмыстардың ортасынан көрініп жүреді. Мектепшілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Оқушылардың мақсаты ортақ,алдарына қойған бағыты айқын,шығар асуы әлі алда.Ер балалар мен қыз балалар арасында үлкен сыйластық қалыптасқан.Сыныпта барлығы да белсенді. Қыз балаларда ұл балаларда берілген тапсырманы мезгілімен орындап өздерінің тиісті бағаларын алып отырады.Оларда бір-біріне деген бауырмалдық,етене жақындық, бірін-бірі сыйлау жоғары қалыптасқан. Оқушылар өз ар-намысын биік қояды,бір-біріне адалдығы да қарым-қатынаста көрінеді. Сыныпта үлгермейтін оқушы жоқ. Сынып оқушыларының сабақта жəне сабақтан тыс уақыттағы тəртібі жақсы.
9 «А» сынып оқушылары болашағынан мол үміт күттіретін шәкірттер. Сынып оқушылары талапты оқушылар. Ата-аналарының артқан сенімін ақтай отыра, болашақта белгілі бір маман иесі ретінде еліміздің іргесінің бір кірпіші болып қаланып,жеке тұлға,үлкен азамат пен азаматша болатындығына сенемін!
.
Студент-практикант: Айпова.Л.А.
Достарыңызбен бөлісу: |