2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы



бет51/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Махаббат жырлары
Шарасыз күйге түстім мен
Сені көріп қалдым қатып, есі ауысқан немедей,
Кірпіктерің жүрегіме қаладаы жебедей.
Әдемі наз, әсем күлкі, ей, сиқырлы дүние,
Қинадың ғой, қинадың ғой, бір сәт тегі елемей.
Бір қарашы мен сорлыға, көзімде-мұң, жанымда-от,
өзімді-өзім тоқтатамын, сап, сап, көңілім, сабыр деп.
Сенің әрбір басқан ізің жүрегіме көшеді,
Тауыс сынды түрленсең, гүлге енесің сағым боп.
Бал-шекерден тәтті сөзің ести алмай дал болдым,
Нұр жүзіңді тым құрыса бір көруге зар болдым.
Жанымды да аямас ем, десең жан бергін,
Сары запыран болып атқан сап-сапры ала таң көрдім.
Кімге креке бұл Нихонның жылап жазған өлеңі?
Бәрі бекер, бекер бәрі, тыңдамайсың сен оны.


Бір келіп кет
Жүрегімнің іңкәрі – бір келіп кет,
Сұлулықтың сұлтаны – бір келіп кет,
Шуақ күткен көктемде, дүние өзгеріп,
Долы дауыл бұрқады – бір келіп кет.
Қанша уақыт нұр жүзің сағындырды,
Сағындарды, жан сәуле, жаным мұңды.
Қапас дүние тынысын тарылтқанда,
Қара түнек дедім мен лагыл күнді.
Жырларыңмен кел маған, сырларыңмен,
Қанжармен кел болмаса – құрбаның мен.
Қабылстан хакімі секідімін,
Зілзалада құм көмген гүл бағын кең.
Ділге қуат, дертіме дауа да сен.
Сен сөйлесең көктен нұр жауады әсем.
Адам болып айыбым мойындасам,
Бар кінәмді кешірер Хауа да сен.
Не жазып ем мұншама қанағандай,
Кемем менің дауылда қирағандай.
Нихон шайыр көз жасын таусар болды,
Күлкі сыйла, шөлге су сыйлағандай.


Бір перизат
Ару, құсым,
Бақшаңа қон, тұрақта,
Мен шырмалдым, шым-шытырық сұраққа,
Көрдім талай өлкелердің сұлыун,
өзің теңдес жан таппадым бірақ та.
Мың жыл өмір берсе маған тәңірім,
Сені ғана жырлар едім, жарығым.
Сен жарқ етіп шыға келсең сарайдан,
Сүлеймен де жоғалтқандай сабырын.
Гүлстанда тауыс құсы сен болып,
Жолыңда мен гүл боп тұрсам тербеліп,
Бақша барсаң – назарыңа түсуге,
Көбелек боп ұшар едім сенделіп,
Ерік-күштен айырдың алды сені кім?
Жолға шықсаң сары шілде кезінде,
Бұлақ болсын менің ақын көңілім.
Тірлігімде
Мәңгі маздап жанасың,
Егер өлсем,
Кебін болып жабасың.
Жер жүзінің тәуіптері жиналса,
Таба алар ма бұл дертінің дауасын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет