Түгелбай Сыдықбеков Кеңсу ауылы, Қырғызстан республикасы, Ыстықкөл облысы, Түн ауданында туған. Қырғыз кеңес жазушысы. Қырғыз ҒА-ның академигі.(1954). Кедей шаруа отбасында туған. Әдеби қызметін 1928 жылдан бастады. «Күрес» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1933 жылы шықты. «Батырлар» (1936), «Ақын бұлбұл» (1938) өлең кітаптары басылды. Сыдықбеков 1935 жылы қырғыз әдебиетіндегі тұңғыш роман «Кеңсуды» жазды. (1-2кітап, 1937-38жылы жарияланды). 1939-40 жылы «Темір» романы жарық көрді. Сыдықбековтың даңқын шығарған –«Біздің заманның адамдары» атты романы (1948, Кеңестік мемлекет сыйлығын алған, 1949 жылы қазақ тілінде 1950). Бұл роман бірқатар шетел тілдеріне аударылды. Сыдықбеков шығарамаларында «Тау ішінде» романы ерекше орын алады. Оның 1-ші кітабы 1955жылы (қазақ тілінде,1961ж), 2-ші кітабы 1958 жылы (қазақ тілінде 1961ж) басылды. Бұл шығарма – «Кеңсу» романынның қайтадан өңделіп басылғын нұсқасы. Сыдықбеков 1955 жылы «Зайыптар» атты трилогиясының алғашқы екі кітабын жариялады. Ол қырғыз балар әдебиетін дамытуға да үлес қосқан жазушы. Бұл салада оның «Тау балалары » атты романның (1952, қазақ тілінде 1956) орны үлкен. Ең Қызыл Ту ордені мен және медальдармен наградталған.
Қ.с.энц.481бет 10 том.
№10 дәріс сабақ. Тақырыбы:Өзбек әдебиетіне жалпы шолу. Әлішер Науаи шығармашылғы.