2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы



бет50/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
5.2 Хамза Хакимзада Ниязи
(1889-1929)
Дүниеде бір адамдар болады. Олардың көктемнің нөсеріндей дүркіреп өткен қысқа да қызық өмірінсіз бүкіл бір халықтың тарихи мәдениетін көзге елестету мүмкін емес. Сондай ұлы тұлғалардың бірі – Хамза Хакимзада Ниязи еді.
Хамза еліміз тарихының ең бір күрделі кезеңінде өмрі сүріп, өлең жазды. Ғұмырының тұтас бір дәуірін адамзаттың бақытында арнады. Оның бүкіл болмысы жаңа мазмұндағы социалистік мәдениетіміз бен өміріміздің негізін салып, халыққа білім беруді жаңа жағдайда дамытуға жұмсалды.
Хазма 1889 жылы 6 мартта Қоқан шаһарында, дәрігер семьясында дүниеге келді. «Әкем көзі ашық, оқыған кісі болғандықтан, деп жазады ол өзінің өмірбаянында, - 1898 жылы өзбекше, парсыша сауатымды аштым,1899 жылдан 1906 жылға дейін медреседе ескі жүйемен білім алуды жалғастырдым». Бірақ медресенің дәрісі, діни схоластика (діни философиялық ілім) зерек Хамзаны тез жалықтырады да, ол енді өз бетінше оқып, ізденуге көшеді.
Өзбек әдебиетінің классиктері – Лүтфи,Науаи шығармаларын зерттеп оқу, парсы-тәжік, әзірбайжан классик жазушыларының творчествосымен танысу, Гүлхани, Мұқими, Фұрхат секілді патриот ақындарының мұраларын сүйіп оқу, өзбек халық әндерін, ертегілері мен дастаандарын зейін қойып тыңдау, ұлы орыс жазушыларының кітаптарына зер салу, сол кезде шығып тұрған газеттер мен журналдарды, революциялық листовкаларды жібермей оқу, ең бастысы – халықпен тығыз байланысып, бірге жасап, біте қайнасу – Хамза өткен өмір мектептері осылар еді.
Хамза 1908 жылы Наманганда оқып жүрген кезінде революционерлермен таныс болғанын еске алып, кейін былай деп жазды: «Қолмен көшіріп, кішкене кітапша, хабарландырулар шығарып жүретін бір татар жігітімен әңгімелесіп тұрушы едім. Сол жігіттің әсері ме екен, ұзамай мен ескі патшалар тұрмысынан «Шындық кімде?» деген ұлттық роман жазуға кірістім.Содан бергі жерде менің өлеңдерім ұлттық және революциялық рухта жазыла бастады».
Хамзаның күрделі де қиын, тыным алмай шарқ ұрумен өткен өміріне зер салып қараған адам, оның нағыз батыр болғанын көрер еді.
Шынында, Бұхара, Қаразым, Наманган, Қоқан өңірінде білім мен мәдениет жұмыстарын жолға қою, кездескен қиындықтарға, кедергілерге қарамастан, Қоқан, Әндіжан қалаларында алғашқы ұлттық театрдың негізін қалау, ұлттық музыка, театр өнерінде ірі ұмтылыстар жасау, азамат соғысы жылдарында Каспий сырты майданын бойлап үгіт поезында саяси-тәрбие істерін жүргізу, «Өлке өнері» труппасына жетекшілік ету, дін және ескі әдет-ғұрыптың ұясы болған Шахимордандағы дінбасылардың іс-әрекетін әшкерлеу, кедей шаруаларды коллективтендәру ісіне қатысу сияқты толып жатқан машақатты жұмыстарды Хамза өзінің жігерлілігімен, бейнетқорлығымен, бостандық пен әділеттілікті жан-тәнімен сүйе білуі арқылы ғана іске асырады.
Хамза әдебиетінің барлық жанрында еңбек етіп, бүкіл бір халықтың, қала берді көп ұлтты совет халқының мәдени игілігіне айналған үлкен мұра қалдырды. Ұлттық поэзиямыздың классигінің ең таңдаулы туындыларынан құралған 200-ге тарта ғазалдан тұратын «Нихон жырлары» («Девони Нихоний») топтамасы, 5 кітаптан тұратын «Ұлттық әндер үшін ұлттық өлеңдер жинағы» (1916-1919) кітаптары, «Жеңіл әдебиеті», «Оқу кітабы», «Қирағат»(дауыстап оқу) кітабы секілді педагогикалық шығармалармен қатар публисцистикалық мақалалар, қырыққа жаықн драмалық туындылар жазды. Бұл бар болғаны жағдайда жүріп, творчестволық еңбеке арнаған адам үшін аз жүк емес.
әрине, мұның бәріне Хамза өзінің асқақ дарыны, әдебиетке деген өлшеусіз құштарлығы, қыруар еңбегі арқылы жетті. Соның нәтижесінде ол үлкен бір елдің жаңа типті ұлттық әдебиетінің негізін салушы ірі тұлға, мәдениет және қоғам қайраткері ретінде сол халық тарихының тәрінен орын алды.
Хамза Хакимзаданың әдеби-әлеуметтік позициясының қалыптасыунда үлкен роль атқарған негізгі факторлардың бірі-терең гуманизмге толы өзбек классикаылқ әдебиеті болса, екіншісі – оның заңды жалғасы боп табылатын жаңа бағыттағы өзбек демократиялық әдебиеті еді. Хамза творчествосы қалыптаса бастаған ХІХ ғасырдың ІІ жартысы және ХХ ғасырдың басы рекациялық, феодалдық-клерикалық әдебитеніңі кемеліне келіп, бел алып, тұрған кезі еді. Феодалдық өмірдің қызылды-жасыл қызық күндерін мадақтап, мәнсіз-мағынасыздықты дәріптейтін сарай ақындары және тәркі дүниеден безіп, баршаны тәуелділікее үндеген дәни-мистикалық ақындардың шығармалары кең насихаттады. Міне, осы реакциялық әдебиетке қарсы күресте халықтың ауыз және жазба әдебиеті демократиялық сипатта бой көрсетіп, жүре келе жан-жақты толығып, ел арасында үлкен беделге ие болды. Хамза осындай тарихи жағдайда дұрыс творчестволық ізденіс жолына түсіп, өзбектің демократ жазушыларымен бірге сапта тұрды.
өзбек демократиялық әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-нақтылы ой түйіндеуге ұмтылуы, әлеуметтік мәселелерді бірінші кезекке қоюы, жақсы өмірге құштарлық сезімдерінің күреске үндеуге ұласып кетуі. Демократиялық әдебиеттің бұл тенденциясы Хамзаның алғашқы творчествосының беташар кезеңі үшін үлкен мәнге ие болды.
Хамза Хакимзада классикалық әдебиеттен және өмірден тұрмыстан алған әсерлерін өз творчествосында шебер тұңғыш өлеңдерін жазды. Мұның бәрі оның дүниетанымының өсуіне, қоғамдық өмірдегі теңсіздікті тереңірек ақын боп қалыптаса бастауы осы кезең еді.
Классикалық әдебиет нұсқаларына тән сатиралық элементтермен қоса теңсіздік, әділетсіздік, ілім-білім кенжелігі бұдан былайғы жерде ақын шығармаларының үзілмес арқауына айналды. Хамза аталмыш тақрыпты игеруде өзінен бұрыңғы ақындардың шеберліктерін жетік біле отырып, өз дәуіріне тән әлеуметтік мәселелемен байыта түсті.
Айтайын жарияға енді:
Дананы надан дедік.
Көз жасым дария болды
Жүрміз-ау адам болып,-
Деп «білім ачқ астында
Ақлғанына налыса, тағы бір тұста халықты, кедей балаларын оқыту, білімді ету жолына бөгет болған атқамінерлерді қара қарғаға теңеп, олардың білім нарқын ұқпайтын топастығын шенеп, мемлекет мекемелерінің солардың қолында қалғанына қынжылады.
Жыртқыштардың қан тырнағы,
Бүкіл елге сор мұнда.
Қара қарға қарқылдады,
Бұлбұл құстың орнында.
Дін және кесапат тәртіптерін әшкерлеу ақын творчествосының негізгі тақырыптарының бірі. Ол өзінің «Бір ишанның өкпесі», «Бір шерменденің айтқаны», «Ел құзғындары», «Бір қазірет ишан айтады екен», «Қазының сыры», «Сайлау алдында», «Бүгін – 8 март» атты өлеңдері нағыз атеист ретінде көрінді.
Хамза бұл жырларды халық арасында айтылып жүрген лайықтап жазды, мұның өзі аталған туындылардың ел ішіне тез таралып кетуіне мүмкіндік жасады. Мысалы, 1916 жылы жазылып «Қызыл гүл» топтамасына енген «Бір қазірет ишан айтады екен»атты сатиралық өлеңі жұртқа мәлім. «Ой, залым» деген әннің әуеніне лайықтап жазылды. «Әзімқожа ишан мен Тасқожа ишанның ауыз бекітуі» атты сатиралық өлең турады да осыны айтуға сөйлетеді, өздерін өздеріне әшкерлетеді. Ислам дінінің залал-зияны, шариғат тәртібінің зұлымдығы, ашкөздігі ишандар бейнесі арқылы шебер суреттеледі.
Ол кезде Түркістан аймағында 11 мың 964 мешіт болды, оларда 680 имам жұмыс жасады. Дін басыларының ақ дегені – алғыс, қара дегені –қарғыс боп тұрған сол дәуірде оларға белсене қарсы шығып, айып-күнәсін бетіне басып, халыққа уытты тілмен масқарлап беру үлкен ерлік болатын.
Ұлы Октябрь революциясы халықтардың һміріне, мәдениетіне, тарихына бұрын-соңды болмаған жаңа мазмұн, жаңа мән, жаңа дәстүр, жаңаша леп әкелгені баршаға мәлім. Революциялық кезеңнің рухына сай социалистік әдебиетте де жаңа даму тенденциялары кең құлаш жайды.
Міне, осындай кезеңде туып-қалыптасқан Хамза творчествосында Октябрь революциясының орыны зор.
Шайыр өлеңдеріндегі күрескерлік рух Октябрь революциясынан бұрын да байқалатын. Мұны февраль революциясынан кейін тізгінге жармасқан Уақытша үкімет, оның саясатын сынаған «Заман өзгереді» атты өлеңінен анық көруге болады. Бір ерекшелігі – Хамза Уақытша үкіметті сынпа қана қоймай, халықты онымен күреске шақырады.
Революциялық поэзияның саналатын-«Заман өзгереді» атты жырының да зор маңызы бар. Бұл - өзбек әдебиетінің саяси-әлеуметтік өмірдегі азаматтық позициясын айқын танытқан сара бағыттағы өлең. Шайыр қанаушыларды «қаңқор», «зұлым» деп атайды, еңбекшілерді «Қызыл ту» ұстап, қасық қаны қалғанша олармен шайқасуға шақырады. Ол халықтың тағдыры зұлымдардың қолында қалуы мүмкін еместігіне сенеді.Хамза Хакимзада Октябрь революциясына осындай сындардан өтіп, үлкен дайындықпен келді.
Революция ақынның әлеуметтік-эстетикалық идеалдарын нығайта түсті, оған жаңа заман үшін күрес жолдарын анық көрсетіп берді, социализм идеяларымен қаруландырды. Ақын енді өз дәуірінің белсенді күрескерлері жұмысшы-диқан және алдыңғы қатарлы интелегенттер ішінен жаңа кейіпкер тапты. Октябрь революциясының маңызы, халық өміріндегі өзгерістер – бостанды, теңдік тақырыптары Хамза творчествосының діңіне айналды.
Хамза жаңа социалистік өмірді, революция жеңістерін жырлауда көптеген формалық өзгерістер жасады. Бұл тәжірибе жақсы нәтиже берді. Мұны өлең ырғағынан, буын-бунақ, образ сомдауынан көруге болады. Осы тұста ойға В.Маяковскийдің «Октябрь жаңа әуенге салуды талап ететін жаңа күрескер идеялар берді» деген сөзі ойға оралады. Ол шын мәнінде «Жаңа нәрселер туралы жаңа сөздер» (В.Маяковский) айта білді.
Атақты совет ақыны Николай Тихонов Одақтар үйінің колонналы залында өткен Хамзаның мүшел тойында (1960ж.): «Владимир Маяковский, Демьян Бедный және революция арқылы дүниеге келген өзге шайырлар орыс поязиясында жаңашылдық жолдарын іздеген сол кезеңде Хамза өзінің ұлттық әдебиетінде сол жолдарды дұрыс тауып, еркні қадам басты, біз поэзияда реформа жасаған. Халқының белсенді революциялық ұмтылыстарын шеберлікпен жырлай білген ақын алдында бас иеміз»- деген еді.
Хамза тақырыптық және идеялық жағынан жаңа өлеңдерінде халықтың әлеуметтік көкейтесті проблемаларын жырлаумен қатар әдебиетімізге халықтар достығы, пролетарлық интернационализм идеяларын ала келді.
Өз заманының ең өткір, ең өзекжарды мәселелері Хамзаны әрдайым толғандыратын. Оның шығармаларының әлі күнге мәнін жоймай келе жатқанының бір себебі осы болса керек. Қанау мен қорлау үстемдік алған елдер системасының іріп-шіруі, Азия, Африка халықтарының империалситер бұғауынан тез арада құтылуы жөнінде оның бұдан 50 жыдлан астам уақыт бұрын «Әлем капиталаның соңғы күндері» пьесасында айтқан пікірлері бұл күнде жүзеге асуда.
Хамза өте бай творчестволық мұра қалдырды. Ол түрлі жанрдағы өлеңлдерге қоса қырықққа жақын драмалық шығармалар жазғаны мәлім.
Хамза өзбек музыкасы мәдениеті тарихында бірінші болып ұлттіқ мұрамызды зерттеп, байытып және туысқан халықтар музыка мәдениетінің ең таңдаулы туындыларын пайдалана отырып, өзбек совет музыкасының негізін қалаған адам.
Оның театр өнеріне қосқан үлесі туралы да осыны айтуға болады. Ол бірінші болып өзбек еңбекшілерінің мақсатын көздейтін профессионалды театр әлеміне жол салды.
1926 жылы Өзбек ССР Орталық Атқару Комитеті Х.Х.Ниязиға «Халық ақыны» деген құрметті атақ беріп өмірлік пенсия тағайындады.
Бірақ ол ұзақ өмір сүре алмады. 1929 жылы 10 март күні - әлеуметтік күрестің ең қазған шағында, твочествосының шырқау биікке көтерілер тұсында халық дұшпандары қолынан қаза тапты.
Хамзаның таңдаулы туындыларының дүниеге келгеіне 70 жыл болды. Бірақ бұл шығармалардың эстетикалық әсері, адам бойында мәрттік, күрескерлік қасиеттерді тәрбиелеуге үндейтін идеялары өз маңызын жойған жоқ, қайта уақыт өткен сайын жаңғырып, жасара түсуде. Хамзаның өзбек халқының зұлымдарға қарсы көтерілісін сипаттайтын «Бай мен жалшы» драмасы,өзбек қыз-келіншектерінің надандыққа қарсы күресін бейнелейтін «Майсараның айласы» атты комедиясы Москвада, өзге де бауырлас республикалар театры сахнасында қойылуда.
Ғаффар Момынов,
филология ғылымдарының кандидаты,
Бируни атындағы Өзбек ССР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет