2009 ж. Дайындық бағыты: 6N0701 – биотехнология



бет6/6
Дата13.02.2022
өлшемі153,5 Kb.
#131637
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биология

2008-2009 ж. 6N0607 – биология (жаратылыстану ғылымы) бойынша магистратураға түсу емтихан бағдарламасы

  1. Тірі жүйелерді құрылуының негізгі принциптері (тірі ағзаның құрамы, тірі ағзаның химиялық негізі, тірі ағзалардың құрылысының қалыптасуы).

  2. Термодинаміка және термодинаміка жүйелері. Мысалдар. Тірі ағзалардың энергия көздері. Энергияның сақаталу заңын тірі ағзаларға қолданылуы.

  3. Тірі организмдердегі коммуникациялық жүйелер мен ақпараттың таралуы.

  4. Биология саласында қолданылатын қазіргі кездегі физико-химиялық әдіс-тәсілдер.

  5. Химиялық байланыстар және молекулалар арасындағы өзара әсерлер. Белоктардың құрылымы, конформациясы және физикалық-химиялық қасиеттері.

  6. Нуклеин қышқылы – тұқымқуалушылықтың материалдық негізі. Уотсон мен Крик ашқан ДНҚ құрылымының моделі. ДНҚ қос тізбегінің әртүрлі құрылымдық формалары. Хромосомалардағы ДНҚ құрылысы. ДНҚ репликациясының жалпы ерекшеліктері. РНҚ-ның түрлері және құрылысы, “Мир РНК” концепциясы.

  7. Көмірсулар: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың ыдырау жолдары.

  8. Липидтер: майлар, фосфо- және гликолипидтер.

  9. Клеткадағы зат алмасу және энергия. Биокатализ.

  10. Қоршаған орта мен клетка арасындағы зат алмасу. Еркін тасымалдану. Арнаулы тасымалдаушылар арқылы тасымалдау.

  11. Диссимиляция - энергия көзі. Диссимиляция үдерісіне шолу.

  12. Биологиялық тотығу. Тотығу–тотықсыздану потенциалы. Тыныстық тізбек.

  13. Фотосинтез (жалпы шолу).

  14. Хемосинтез. Гетеротрофты ассимиляция.

  15. Клеткадағы ақпараттардың тасымалдануы. ДНҚ және РНҚ синтезі. Белок синтезі.

  16. Генетикалық код. Генетикалық кодты оқу. Биохимиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен кодты талдау. Генетикалық кодтың құрылу ерекшеліктері. Терминаторлық кодондар. Митохондрияның генетикалық коды.

  17. Клетка - құрылымдық бірлік өлшемі: эукариоттар, прокариоттар, вирустар.

  18. Клеткаларды зерттеу әдіс-тәсілдері (морфологиялық, биохимиялық, цитохимиялық, физиологиялық).

  19. Клеткалық теория, оның биологияны дамытудағы мәні.

  20. Реттелу теориясы. Байланыс теориясы.

  21. Генетикалық ақпараттың жүзеге асуы. Гендердің әсері.

  22. Митоз және мейоздың биологиялық маңызы. Гаметогенездің ерекшелігі. Клеткалық цикл.

  23. Моноцитогендік жыныссыз көбею. Полицитогендік жыныссыз көбеюі.

  24. Жыныстық көбею (гамогония, гологамия, мерогамия). Жыныс клеткаларының түзілуі. Ұрықтану процесі. Партеногенез. Клондау.

  25. Көпклеткалы өсімдіктердің дамуы. Көпклеткалы жануарлардың дамуы.

  26. Биологиялық мембраналар. Олардың құрылымы, қасиеті және оларды зерттеу әдіс-тәсілдері.

  27. Цитогенетиканың клеткалық негіздері. Клеткалық бөліну. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық негіздері.

  28. Хромосомдық теория және оның биологиялық құрылымдар принциптерін танып білудегі мәні.

  29. Белок биосинтезінің этаптары (трансляция эпициклі). Транскрипция мен трансляцияның өзара байланысы.

  30. Тірі жүйелердің өзіндік ұйымдасу және өзіндік реттелу процестері.

  31. Гомеостазис жайындағы ілім.

  32. Молекулалық биологияның қазіргі мәселелері. Геннің құрылысына қазіргі түсініктер.

  33. Клеткалық биологияның молекулалық негіздері. Ядроның және хромосоманың ультрақұрылымы. ДНҚ репликациясы. Белок синтезі.

  34. Геннің реттеуші элементтері. Генетикалық информацияның табиғатта көшірілу жолдары. Гендік инженерияда қолданылатын ферменттер. Гендердің функциялық белсенділігін анықтау және алу тәсілдері.

  35. Рекомбинанттық ДНҚ техникасы. Өсімдік гендерін клондаудағы векторлар. Өсімдіктерге гендерді тікелей көшіру әдістері. Генетикалық клондаудың проблемалары мен келешегі.

  36. Қан – организмнің ішкі ортасы. Қанның функциясы. Қанның құрамы мен қасиеті.

  37. Өкпе көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Өкпенің желдетілуі. Физиологиялық өлі кеңістік. Тыныс алудың реттелуі.

  38. Физиологиялық функциялардың гормонды реттелуі. Ішкі секрецияның бездері.

  39. Қозудың клетка аралық берілуі. Синапстар; классификациясы, құрылысы, қасиеті. Синапс арқылы қозудың өтуі.

  40. Нейрон – нерв жүйесінің функциональды бірлігі. Құрылысы, функциясы.

  41. Өсу қимылдары. Тургорлық қимылдар. Кірпікшелер мен талшықтардың көмегімен қозғалу. Бұлшық еттік қимылдар. Бұлшықет активтілігінде өтетін химиялық процестер.

  42. Этология – мінез-құлық туралы ғылым. Туа пайда болған әдеп түрлері. Ішкі жағдайлар және әсер етуші факторлар. Жүре қалыптасқан әдеп. Сыртқы ортаға үйренісу. Биокоммуникация.

  43. Қазіргі кездегі клеткалық және молекулалық биофизиканың проблемалары.

  44. Тұқымқуалайтын өзгергіштік. Плоидтық өзгергіштік. Хромосомалық мутация. Гендік мутация және реперативті процестер. Тұтас хромосомалардың рекомбинациясы. Хромосом ішілік рекомбинация. Бактериялардың рекомбинациясы. Сомалық клеткалардың гибридизациясы. Рекомбинанттық ДНҚ.

  45. Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы. Биоалуантүрлілік туралы түсініктер. Биоалуантүрлілік классификациясы. Таксономиялық биоалуантүрлілік. Таксономиялық алуантүрлілік орталықтары.

  46. Түр байлығының факторлары. Биомдардың антропогендік өзгерістері. Биоалуантүрлілікке адамның әсері. Түр байлығының графигін құру моделі.

  47. Генетикалық инженерия, әдіс-тәсілдері мен жетістіктері.

  48. Адам генетикасының әдіс-тәсілдері. Адам шежіресінің біртектілігіне генетикалық талдау.

  49. Клеткаларды өсіру принциптері мен әдістері. Клеткаларды өсіру биологиясы: дифференциация және каллустың түзілуі; өсірілген клеткалардың гетерогендігі; клетканың өсуі, дифференцировкасы, морфогенезі және регенерациясы.

  50. Клондық көбею әдістері; көбею этаптары; өсімдіктердің клондық көбеюіне әртүрлі жағдайлар мен фактордың әсері; клондық көбеюді қолдану және оның келешегі.

  51. Өсімдіктердің клеткалық селекциясы: клеткалық селекциясының әдістері; тұрақты клеткаларды сұрыптап алу әдісі; сомаклоналдық өзгергіштік, ұлпа мен клетка культурасының самоклональдық өзгергіштігіне әр түрлі себептер мен факторлардың әсері; олардың селекциядағы мәні.

  52. Биогеоценоз – биосфераның элементарлы ұяшығы. Биогеоценоз жүйесінің классификациясы.

  53. Биогеоценоздың функциональдық құрылымы. Биогеоценоздың тұрақтылығы және динамикасы.

  54. Табиғи сұрыпталу - эволюциядағы қозғаушы фактор. Табиғи сұрыптау түрлері.

  55. Микроорганизмдер және қалдық заттарды, мұнай өнімдерін, ауыр металдарды ыдыратуда оларды қолданудың экологиясы.

  56. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі, біріншілік және екіншілік метаболиттер.

  57. Микроорганизмдердегі зат алмасу: ашу, тыныс алу, органикалық қосылыстардың жартылай тотығуы.

  58. Микроорганизмдер – биологиялық активті заттардың (антибиотиктер, ферменттер, аминқышқылдары, витаминдер т.б.) продуценттері.

  59. Микроорганизмдер және ауылшаруашылығы (инсектицидтер, азотфиксаторлар т.б.).

  60. Популяцияға түсінік. Популяцияның критериялары. Табиғи популяциядағы генетикалық өзгергіштік. Популяция түрлері (клоналдық және панмиксикалық).

  61. Эволюциядағы элементарлық процестер: Эволюция - екі сатылы. Кездейсоқ шағылысу. Харди-Вайнберг заңдылығы. Харди-Вайнберг заңдылығын қолдану. Гендер. Жыныспен тіркескендер. Мутация. Миграция. Кездейсоқ гендер дрейфі.

  62. Табиғи сұрыпталу концепциясы. Дарвиндік бейімдеушілік.

  63. Эволюциялық процесстің бағыты (ароморфоз, идиоадаптация, катаморфоз).

  64. Тіршілік үшін күрес - эволюцияның қозғаушы факторы. Тіршілік үшін күрес түрлері.

  65. Мутациялық өзгергіштік – эволюциялық дамудың қозғаушы күшінің бірі.

  66. Эволюцияның мәні. Эволюцияның дәлелдері. Эволюциялық факторлар. Түрлерден жоғары деңгейдегі эволюция.

  67. Прокариоттар эволюциясы. Эукариоттар эволюциясы. Адам эволюциясы.

  68. Эволюция қозғаушы күшінің қазіргі түсініктері.

  69. Бағыттардың қысқаша түсініктері: креационизм, номогенез, витализм, педоморфоз, катастроф теориясы, үзілмелі тепе-теңдік теориясы.

  70. Табиғи сұрыптауға қазіргі түсінік. Қозғаушы және тұрақтандырушы сұрыптаудың түрлері. Жеке және тарихи дамудың арақатынасы. Биогенетикалық заңдылық.

  71. Тіршіліктің пайда болу теориясы. Адамның пайда болуына қазіргі түсінік.

  72. Бағытты эволюцияның түрлері (конвергенция, ортоселекция, параллельді эволюция).

  73. Түрдің пайда болуы және макроэволюция. Анагенез және кладогенез. Түрдің концепциясы. Судың пайда болуы. Түрдің географиялық пайда болуы. Түрдің кванттық пайда болуы.

  74. Энтропия және негэнтропия. Мысалдар.

  75. Термодинамиканың бірінші және екінші заңдары. Тірі жүйелерде олардың қолданылуы.

  76. Тірі жүйелерге Ом заңын қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет