2009 ж. Дайындық бағыты: 6N0701 – биотехнология



бет4/6
Дата13.02.2022
өлшемі153,5 Kb.
#131637
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биология

БАҒДАРЛАМА

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің


дайындық бағыты пәні бойынша магистратурасына түсу емтиханының
Дайындық бағыты: 6N0113 – Биология

«Мақұлданған»
Биология факультетінің Биология факультетінің
әдістемелік ұйымымен деканы, проф.
-------------------------------- ------------Шалахметова Т.М.
«----- » ------------- 2009ж. «----- » ------------ 2009ж.

Емтиханның мақсаты - түсушілердің дайындық деңгейін анықтау, конкурстық негізде зеректерін және магистратурада әрі қарай оқуға мамандықпен дайындалғандарын іріктеу.


Биология факультетінің магистратурасына қабылдау үшін барлық бакалавриатты бітірушілер, білімін жетілдіруге құлшыныс білдірушілер, дайындық бағытындағы фундаменттік пән сұрақтары негізінде түзілген билет бойынша ауызша емтихан тапсыруы тиіс. Аппеляция емтиханнан кейін, келесі күні жүргізіледі.
Қабылдау кезінде, емтихан нәтижесі бойынша бірдей балл жинаған жағдайда, дипломның орташа баллы жоғары, ғылыми еңбегі бар ма, грамота немесе бакалавриатта оқып жүргендегі жақсы жақтары болса және жетім балаларға жеңілдіктер жасалады.

6N0113 - биология (білім ) мамандығы бойынша 2008-2009 жаңа оқу жылына оқуға түсуші магистранттарға арналған бағдарлама



  1. Про- және эукариот клеткаларының кұрылысы. Клеткаға жалпы сипаттама. Цитоплазма. Плазматикалық мембрана. Клеткалық органоидтар.

  2. Клетканың тіршілік циклі. Жануарлар клеткасының митозы. Амитоз. Мейоз.

  3. Өсімдік клеткаларының құрылымдық бірлігі. Олардың кұрылысы мен функциясы.

  4. Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр аймақтары. Функциясы.

  5. Жапырақ. Жалпы сипаттамасы. Мезофилдың құрылысы. Жапырақтың қызметі.

  6. Гүл. Андроцей. Геницей. Құрылысы мен функциясы.

  7. Ұлпалар. Классификациясы. Жалпы сипаттамасы. Функциясы.

  8. Автотрофты мен гетеротрофты клеткалардағы зат жэне энергия алмасуы.

  9. Қоршаған орта және клетка арасындағы зат алмасу: еркін тасымалдану, арнаулы тасымалдаушылар арқылы тасымалдау.

  10. Диссимиляция процесіне кіріспе: тыныс алу, гликолиз, ашу, тынысалу тізбегі.

  11. Ассимиляция процесіне кіріспе: фотосинтез, хемосинтез.

  12. Генетикалық ақпараттың жүзеге асуы: гендердің әсері, гендік белсенділіктің реттелуі.

  13. Генетикалық материалдың репликациясы мен сегрегациясы: ДНҚ репликациясы, бактериядағы клеткалық бөліну, эукариоттағы клеткалардың және ядролардың бөлінуі.

  14. Көбею тәсілдері: жыныссыз, жынысты көбею, ұрықтану процесі, партеногенез, особьтардың клондануы.

  15. Ұрпақтың кезектесуі: біріншілік кезектесу, екіншілік кезектесу.

  16. Зоология – ғылым ретінде. Зоология пәні мен мәселелері. Зоология ғылымының қалыптасу және даму тарихы.

  17. Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі. Олардың құрылысындағы және көбеюіндегі ерекшеліктері.

  18. Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы, классификациясы және оның мәні.

  19. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы, классификациясы және оның мәні.

  20. Моллюскалардың типі. Жалпы сипаттамасы, классификациясы және мәні.

  21. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы мен классификациясы, құрылысындағы және көбеюіндегі ерекшеліктері мен оның мәні.

  22. Хордалы жануарлардың шығу тегі, классификациясы және биологиялық ерекшеліктері.

  23. Шаянтәрізділердің шығу тегі, классификациясы, морфологиясы және физиологиясы.

  24. Қосмекенділердің классификациясы, морфологиясы және физиологиясы.

  25. Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі, классификациясы, құрылысындағы ерекшеліктері және оның мәні.

  26. Балықтардың биологиясы. Олардың систематикасы мен мәні.

  27. Құстардың шығу тегі, классификациясы, құрылысындағы ерекшеліктері мен оның мәні.

  28. Сүтқоректілердің классификациясы, морфологиясы және физиологиясы.

  29. Приматтар отряды, жалпы сипаттамасы мен классификациясы.

  30. Цитология пәні және мәселелері, қазіргі замандағы биологияда алатын орны мен ролі, басқа ғылымдармен байланысы. Цитология тарихынан қысқаша мағлұмат.

  31. Эпителиальды ұлпалар. Шегаралық ұлпалардың морфофункциональды ерекшеліктері мен классификациясы.

  32. Дәнекер ұлпаға жалпы сипаттама. Қан – ұлпа ретінде. Омыртқалы жануарлардың қан клеткалары. Құрылысы мен функциясы.

  33. Омыртқалы жануарлардың тірек-механикалық ұлпалары. Шеміршек ұлпалары.

  34. Нерв ұлпасы. Нейросекреторлық клеткалардың құрылысы мен физиологиясындағы ерекшеліктер.

  35. Қан – организмнің ішкі ортасы. Қанның функциясы. Қанның құрамы мен қасиеті.

  36. Өкпе көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Өкпенің желдетілуі. Физиологиялық өлі кеңістік. Тыныс алудың реттелуі.

  37. Физиологиялық функциялардың гормонды реттелуі. Ішкі секрецияның бездері.

  38. Нейрон. Нейрондардың байланысы. Нерв талшықтарынан берілетін қозудың заңдылықтары. Синапс, синапстардың классификациясы.

  39. Қозудың клетка аралық берілуі. Синапстар; классификациясы, құрылысы, қасиеті. Синапс арқылы қозудың өтуі.

  40. Нейрон – нерв жүйесінің функциональды бірлігі. Құрылысы, функциясы.

  41. Жүрек физиологиясы. Жүрек бөлімдерінің құрылысы мен функциясы.

  42. Үлкен мидың қыртысы. Жоғарғы нерв қызметін жүзеге асырудағы үлкен жарты шарлар қыртыстарының ролі.

  43. 3әр түзілу механизмдері. Нефрон - зәр шығару жүйесінің құрылымдық бірлігі. Реабсорбция процесі.

  44. 3әр шығару мүшелерінің жүйесі. Бүйректің құрылысы мен қызметі. Зәршығару мүшелерінің мәні.

  45. 1шкі секреция бездері. Гормондарға түсінік. Организмнің тіршілік әрекетіндегі гормондардың ролі.

  46. Г. Мендельдің тұқымқуалаушылық заңдылықтары.

  47. Өзгергіштіктің негізгі түрлері: тұқымқуалайтын, тұқымқуаламайтын.

  48. Жыныс, жынысты анықтау типтері. Жыныспен тіркескен тұқымқуалаушылық.

  49. Идеалды популяция. Панмиксиялық популяцияға арналған Харди-Вайнберг заңдылықтары. Гендердің тепе-теңдігін бұзатын факторлар.

  50. Өсу және даму түсінігі. Өсімдіктердегі онтогенез этаптары.

  51. Биологиялық мембрана. Оның құрылымы, қасиеті және оқытудың әдістері.

  52. Түрдің жалпы түсінігі, популяция, биоценоз, биогеоценоз және экожүйелері. Экологиялық қуыс.

  53. Ж.Б.Ламарк теорясы жэне неоламаркизмнің дамуы.

  54. Макроэволюцияның жүйелі концепциясы.

  55. Эволюциялық процестің бағыты (ароморфоз, идиоадаптация, катаморфоз).

  56. Бейтарап эволюция концепцияларының негізгі қағидалары.

  57. Эволюцияга бағытталған түрлері (конвергенция, ортоселекция, параллельды эволюция).

  58. Макроэволюцияның жүйелі концепциясы. Макроэволюцияның редукциялық концепциясы.

  59. Бағыттардың қысқаша сипаттамасы: креационизм, номогенез, витализ,, педоморфоз, үзілмелі тепе-теңдік теориясы.

  60. Эволюциялық прогрес түсінігі.

  61. Биологияны оқыту эдістемесі пәні, мәселелері мен ғылыми зерттеу әдістемесі, қазіргі заманғы қоғамдық өмірде алатын орны мен ролі.

  62. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқыту әдістерінің классификациясы.

  63. Оқыту түрлері: сабақ, семинарлык сабақ, практикалық және лабороториялык жұмыс, факультативтік сабақ.

  64. Оқушының жеке жұмысы. Жеке жұмыстарды ұйымдастыру мен оның түрлері.

  65. Биологияны оқыту әдістерінің дидактикалық принциптері.

  66. Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстары, олардың мәні және ұйымдастырылуы.

  67. Оқыту әдістері және олардың оқу құралдарымен байланысы.

  68. Оқу-тәрбие процесстерін ұйымдастыру түрлері.

  69. Ботаника және зоологиядан сыныптық және сыныптан тыс сабақтары.

  70. Биологиядан факультативтік сабақтарды ұйымдастыру.

  71. Оқытушының сабаққа дайындалуы. Сабақ, сабақтың құрылымы мен этаптары.

  72. Биологияны оқытуда ойын әдістерін қолдану. Оқушының танып білу іс-әрекетін дамыту мен белсендірудегі олардың ролі.

  73. Биологияны оқытудың бақылау нәтижелері. Бақылаудың түрлері мен әдістері.

  74. Биологияны оқыту процесінде бақылаудың ролі. Білімді түсініп қабылдауда бақылауды үйымдастыру.

  75. Биологияны окыту әдістерінің негізгі этаптары. Жаратылыс танудың В.Ф. Зуев жазған бірінші оқулығы.

  76. Сабақ - оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ этаптары.

  77. Ботаникадан экскурсияны дайындау, ұйымдастыру және өткізу әдістері.

  78. Зоологиядан экскурсияны дайындау, ұйымдастыру және өткізу әдістері.

  79. Тірі табиғат бұрышы, оны ұйымдастыру, құрал-жабдықтары.

  80. Мектепте биологиялық білімнің ролі. Оқытудың негізгі принциптері мен заңдылылықтары.

  81. Оқытудың оқу-көрнекілік құралдары: табиғи, бейнелеу. Оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы олардың ролі.

  82. Биологияны оқытудағы материалдық база. Биология кабинеті.

  83. Оқу-тәжірибелік участок және участокте жұмыс ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар.

  84. Биологиялық түсініктердің қалыптасу әдістері мен дамуы.

  85. Сөз арқылы, көрнекілік, тәжірибелік әдістемелер, олардың түрлері және биологияны оқытудағы мүмкіндіктер.

  86. Сабаққа дайындық, сабақ жоспарын құрастыру, сабақты талдау әдістемесі.

  87. Оқушыларды биологиядан білімдерін, дағдыларын және тәжірибелерін бақылау және бағалау.

  88. Әдістемелік тәсілдер және олардың сипаттамасы.

  89. Аллельді гендер. Аллельді гендердің өзара әсерлесуі: комплементарлық, эпистаз, полимер, ген-модификаторлар.

  90. Эволюцияның жасанды теориясының қалыптасуы. Адам мен жануарлардың шығу тегінің біркелкілігіне дәлелдеме.

-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Биология факультеті
Магистратура


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет