Кіріспе Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің стандарты- мектепке дейінгі тәрбие мен балалардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мазмұнында екі топқа біріккен ойыншылар жол ережелеріне қатысты білімдерін танытады. Жарыста балаларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылып, жол жүру ережесінен толыққанды мәлімет беретін қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Бағдарламаның мақсаты: Жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның мақсаты туралы түсінік беру. Көшеде бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Көшедегі көліктер қозғалысымен таныстыру. Көше туралы білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегімен таныстыру .
2. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілермен таныстыру.
3. «Жол білмейтін Бауырсақ» ертегісінен үзінді көрсетіп, жол қауіпсіздігі белгілерінің атқаратын қызметтері туралы мәліметтермен қатар, көше тәртібі туралы өлеңдер оқу,
суреттер салу,көрме ұйымдастыру.
Қойылған міндеттерді шешудің әдіс-тәсілдері:
*Сабақта:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік ,ойын, ертегіні сахналау, өлең оқу, үлкендердің еңбегін көрсету арқылы балаларға ұғындыру.
Қорытынды: Балалар үлкендердің көмегімен, жолда жүру ережесін толық мегереді.
Алған білімдерінен альбомдар, көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтижелер:
1.Үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтауды білу.
2.Балалардың жол бойында көліктер тарапынан болатын оқиғалар, жол апаттарының салдарынан балалардың жарақаттануы, тіпті баланың өміріне қауіп төнуін болдырмау;
3.Жолда жүру ережесін барлық топ педагогтарын тарту;
4.Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларын ата-аналардың тарапынан қайырымды көзқарас тудыру.
«Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» бағдарламасы мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға, ата-аналарға , ортаңғы және ересек топарға арналған.
Тақырыптық жоспар
Айы
Сабақ тақырыбы
Сағаты
Қыркүйек
1. «Қонжыққа жолда жүру ережесін үйретейік»
2. «Қала көшесі» сурет бойынша әңгіме.
1 1
Қазан
1. «Жолдағы қауыпсіздік тәртібі»
2.Сюжеттік-ролдік ойын: «Жол полициясы»
1 1
Қараша
1.«Нұсқау берер - бағдаршам
Егер назар - аударсаң»
2.Серуен: «Көшеде қалай жүреміз»
1 1
Желтоқсан
1.«Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік»
2. Ойын: «Автомектеп»
1
1
Қаңтар
1. «Жол ережесін білесің бе?»
2. Ата-анаға кеңес «Сіздің балаңыз көшеде»
1
1
Ақпан
1 «Қай жерде ойнауға болады?»
2. Байқау: «Біздің көше» балалар суреттерінен
1 1
Наурыз
1.«Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
2.Дамытушы ойын: «Көше мен жолдың заңы»
1 1
Сәуір
1«Жол білмейтін Бауырсақ»
2. Викториналық сұрақтар: «Жүргінші көшеде»
1
1
Мамыр
1.Сөздік ойын: «Не? Қайда? Қайдан?»
2. «Жол тәртібін жадыңда ұста»
1 1
Перспективалық жоспар
Айы
Сабақ тақырыбы
Бағдарлама мазмұны
Әдіс-тәсілдері
Қыркүйек
1.«Қонжыққа жолда жүру ережесін үйретейік»
2.«Қала көшесі» сурет бойынша әңгіме
Балаларға көшелер, көше қиылысы, өтілетін жол, жол жиегі туралы мағұлмат беру.
Тыңдау, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жолда жүру ережесін сақтауға, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сұрақтарға жауап беруге үйрету, жолда жүру ережелерін одан ірі дамыту, жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу.
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Ертегі арқылы
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Қазан
1.«Жолдағы қауіпсіздік тәртібі»
2.Сюжеттік-ролдік ойын: «Жол полициясы»
Балаларға көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, бағдаршам қызметін негізге ала отырып, жолда жүру тәртібіне тәрбиелеу.
Балаларды жол полициясы, бағдаршам қызметтерімен таныстыру, есте сақтау қабілетін дамыту, жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Ойын арқылы түсіндіру. Сұрақ-жауап
Қараша
1.«Нұсқау берер-бағдаршам
Егер назар-аударсаң»
2.Серуен: «Көшеде қалай жүреміз»
Бағдаршам туралы алған білімдерін бекіту, жолда жүру ережесін толық меңгерген жағдайда, көшеде жүру қауіпсіз екендігіне көздерін жеткізу, аңғарымпаздыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.
Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту, Қиын жолда дұрыс шешім қабылдауға, көше мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Түсіндіру, өлең тыңдау, сұрақ-жауап
Балалармен серуенге шығу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Желтоқсан
1.«Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік»
2.Ойын: «Автомектеп»
Балаларға жолда жүру ережесі туралы түсінік беру, жол белгілерімен таныстыру. Ұқыптылыққа, батылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Арақашықтықты бағдарлай білуге, көшеде және жолда жүру заңдылықтарын қадағалау, жолда жүру ережелер қолданысының дағдыларын дамыту, көше мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруге, жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу
Ата-аналарға ескерту: Балалардың жол көліктерінен жарақат алып қалмауын, жол қауіпсіздігін сақтауын.
Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Кеңес беру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Ақпан
1.«Қай жерде ойнауға болады?»
2. Байқау: «Біздің көше» балалар суреттерінен
Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Балаларды сақтыққа тәрбиелеу.
Жолда жүру ережесін басшылыққа ала отырып, балаларды жол белгілерімен таныстырып, жол тәртібіне қатысты сауаттылығын ашу.
Түсіндіру, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап
Түсіндіру, суреттер салу.
Наурыз
1.«Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
2.Дамытушы ойын: «Көше мен жолдың заңы»
Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту, жол белгілерін, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдармен терминдерді білу, адам үшін қажеттілігін түсіндіру.
Балаларға ойын арқылы көше мен жолдың заңдылықтарын меңгерту.
Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап
Ойын арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап
Сәуір
1«Жол білмейтін Бауырсақ» ертегісін сахналау
2.Викториналық сұрақтар: «Жүргінші көшеде»
Балалрдың ойлау қабілетін дамыту,ертегі арқылы қауіпсіздік ережесін үйрету.
Балаларға ойын-сауық ұйымдастыру арқылы жолда жүру ережелерін үйрету, жолда жүру ережесі туралы білімдерін бекіту.
Сахналу, түсіндіру
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Мамыр
1.Сөздік ойын: «Не? Қайда? Қайдан?»
2.«Жол тәртібін жадыңда ұста!»
Балаларға сұрақтар қою арқылы жолда жүру ережесін қайталау және пысықтау.
Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Балаларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сөздік ойын, сұрақ-жауап.
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Сабақтың тақырыбы: « Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік» Сабақтың мақсаты: Балалардың жол жүру ережесі туралы түсінік беру, жол белгілерімен таныстыру. Ұқыптылыққа, батылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі : Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ? Балалар : Үлгілі, тәртіпті бала . ІІ. Негізгі бөлім: Тақтадағы жұмбақтарды шешу: Жұмбақтар 1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды, Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды. Өміріңді күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ? Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балалар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. 2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. 3. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол . 4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. Тақтада Қызыл – Тоқта! Сары – Сақтан! Жасыл – Жол ашық! Нұрай: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! Диана: Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға! Заманай: Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Сен өзіңді сау сақтап Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары» Инспектор : Медбике апамыз бәрімізді емдейді , Ауырса адамды, аңды да емдейді . Отырған мынау Медбике апаға Айтыңдаршы, кане кімдер келмейді ? (Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады) Инспектор: Апа, қараңыз мына сұмдықты, Маймақты кім қыңжылтты? Мед.бике: Маймағым, не болған өзіңе, Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде? Аю: Айтайын мен жасырмай шынымды – ай, Сақтап қал, апа жанымды шыбындай. Жармасып бал тасыр машина үстіне Домалап түсіп шыңғырдым құлындай. Мед.бике: Бір асар тәтті бал үшін, Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін. Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ, Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін! Аю. Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені! Тәрбиеші: – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз? Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\ Дильназ қалай өтетінін көрсетеді.
Инспектор Рақымжан: Көреген, дәу қырағы. Көшемізде тұрады. Оның аты – бағдаршам, Жол сілтейді әрқашан. Ол бергенде команда, Бағынамыз әмәнда. Бағдаршам Қалдымұрат: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан. Бағдаршам Дәурен: Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін. «Тоқта, сақтан, жол ашық!» Жүрме жолға таласып. Диана: Төрт топтан құралған, Белгілер туыстай. Жол сілтеп тұрады. У-шусыз ұрыспай. Сақтандыру, ескерту белгісі Манар : Қып – қызыл үшбұрыш, Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған. Аман – сау жүреді жаяу да, көлік те, Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. Тыйым салу белгісі Қасымхан: Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты, Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты . Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар, бағдарла көз салып жан – жақты. Міндеттеу белгісі Томирис : Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті. Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол, шартыңды міндетті орында! Ңұсқау белгісі Ислам: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын, Үн – түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым. Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік. Қорытындылау : Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе: Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Сабақтың тақырыбы: «Қай жерде ойнауға болады?» Сабақтың мақсаты: Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Балаларды сақтыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы. Сабақтың барысы: Балаларды екі топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі, ақпан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек. І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі? ІІ - бөлім: Балалардың білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Балалар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі? ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады. ІҮ - бөлім:.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам) Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.
Тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау.
Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица, суреттер, нақыл сөздер.т.б.
Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Тәрбиеші: Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Альфия: Бәріміз көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Арсен: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді.
Тәрбиеші: Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды?
Дильназ: Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тәрбиеші: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір бала көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Қуандық: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп)
Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді. Бұдан да жүруге болмайды. Сарыдан кейін жасыл.
Жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады. Тәрбиеші: Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңнен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Көрнекілік көрсетіледі.
Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
Берік: Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
- Бала қалай өтетінін көрсетеді.
Тәрбиеші: Балалар, сендер Дұрыс және Бұрыс атты екі баланың көшеде қалай жүретінін көресіңдер. Екеуінің қайсысы көшеде жүру тәртібін білмейді, аңғарып отырыңдар! Екі бала жиек жолмен жүріп келеді. Бұрыстың түймелері салынбаған, қалай болса солай киінген, Дұрыс таза, тап-тұйнақтай, жиек жолдың оң жағымен келе жатыр. Жолда қария әжейді қағып кетеді, кешірім сұрауды да ұмытады.
Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?
Саяжан: Бұрыстың үсті-басы кір, киімі алқам-салқам, өзіне мән бермейді екен, қарияны қағып кетіп, кешірім сұраған жоқ.
Тәрбиеші: Не себепті кісіні қағып кетті?
Серік: Көшеде жүру тәртібін білмеді. Жиек жолда дұрыс жүрген жоқ.
Тәрбиеші: Ал жиек жолда қалай жүру керек?
Ақжол: Жиек жолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
Тәрбиеші: Онда тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
Ислам: Аялдамада тұрған автомобиль, автобус тек сырт жағынан айналып өту керек.Сонда біз оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көреміз.
Тәрбиеші: Жарайды, балалар сендер көптеген көше қиылысында кездесетін қауіп-қатерлерден аман-сау құтылып шығады деген сенімдемін. ІІІ.Қорытындылау
Жолда жүру ережесін әр кез жадымызда сақтауымыз керек.
Жол тәртібін жадыңда ұста, балақай!
Сабақ тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз»
Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін кеңейту, жол белгілерін, жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу, адам үшін қажеттілігін түсіндіру.
Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас балдырғанбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, балдырған,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік. Заманай: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Тыйым салу:
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Тәрбиеші: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік. 1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол) 2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай) 3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам) Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
Сюжеттік-ролдік ойын: «Автомектеп» Мақсаты: Арақашықтықты бағдарлай алуды, көшеде және жолда жүру заңдылықтарын қадағалау. Балалардың жолда жүру туралы ой-өрісін бекіту. Жолда жүру ережесінің дағдылырын дамыту. Жолда жүру және көше мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.