2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
2.1. Құрастырушылар:
Мамыров Азамат Ыбырайұлы – қазақ филологиясы кафедрасының
оқытушысы, ф.ғ.к., доцент.
Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы – қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы , филол.ғ.к.
Қазақ филологиясы кафедрасы №4 ғимараттың 4-қабаты, 409-бөлме
«Қазіргі қазақ әдебиеті»
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 4 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (2 дәріс, 2 практика) төрт байланыс сағаттан және 4 сағат СӨЖ, 4 ОЖСӨЖ тұрады.
Аптаға кредит сағат санының бөліну кестесі.
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 4
(2 дәріс, 2 прак)
|
50 мин,
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 минут
|
50 минут
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 минут
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
3
|
6
|
4
|
30
|
30
|
60
|
60
|
120
|
Емтихан
|
2.3. «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні – жоғары оқу орындарында соңғы кездерде оқытылып жүрген пән. Бұл курста ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан күні бүгінге дейінгі қазақ әдебиетіндегі әдеби ахуал, поэзия, проза, драма, әдеби сын, көркем аударма және белгілі қаламгерлердің шығармалары т.б. мәселелер кеңінен қарастырылады.
Курстың мақсаты:
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихи - әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралай отырып, осы дәуірдегі әдебиеттің жалпы хал-ахуалына сипаттама беру;
60-90 ж.ж. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, мәдени өміріне, дәуір басындағы ірі тарихи оқиғалардыңкөркем әдебиеттің дамуына тигізген әсерін, қазақ зиялы қауымының қоғамдық өзгерістерге деген көзқарастарын саралау;
60-90 жылдардағы шығармашылық тұлғалар. Олардың әдебиетте ұстанған бағыттарын, жанрлық-тақырыптық ізденістерін түсіндіру;
60-90 жылдардағы әдебиеттің жанрлық, идеялық-көркемдік жағынан толысуын ұғындыру, кейіпкерлер сипатын ашу;
дәуір әдебиетінің ауыз әдебиеті дәстүрлерімен байланысын ашу;
60-90 жылдарда әдебиетке келген жас талаптар, олардың шығармашылық бағыт-бағдарларын саралау.
Курс міндеті.
ХХ 60-90 ж.ж. әдебиет өкілдерінің көркем шығармаларын, оқу-ағарту, мәдениет саласының түрлі мәселелеріне арналған еңбектерін жан-жақты қамти отырып, бұларды қазіргі заман әдебиетімізде алатын орнын зерделеп байланыстырып оқыту.
Пререквезиттер - халық ауыз әдебиеті, әдебиеттануға кіріспе, ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғ. әдебиеті, поэтика, драма тарихы, тарихи эпос, ХХ ғ. басындағы әдебиет, абайтану, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Постреквезиттер – қазақ әдебиетінің жалпылама курсы, әдебиет теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |