201 – 201 жылдарға арналған Ұжымдық шарт


Қызметкерлерге жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін беру



бет7/7
Дата18.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#10267
1   2   3   4   5   6   7

Қызметкерлерге жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін беру

нормалары, оларды беру шарттары

 




Жуу және зарарсыздандыру құралдарының түрлері

Жұмыстар мен өндірістік факторлар атауы

1 айға беру нормасы

1.

Сабын

Ластанумен байланысты жұмыстар

400 г

2.

Қолға арналған гидрофильдік әрекеттегі қорғаныш кремі

Органикалық ерітінділермен жұмыс кезінде

800 г

3.

Қолға арналған тазарту пастасы


Техникалық майлармен, майлаумен, күйемен, лактармен және бояулармен, шайырмен, мұнай өнімдерімен жұмыс кезінде

100 мл

4.

Қолға арналған қалпына келтіру кремі

Қатты, қиын жуылатын ластанулар туғызатын заттар: майлармен, майлаулармен, мұнай өнімдерімен, лактармен, бояулармен, шайырлармен, желімдермен, битумдармен, силикондармен жұмыс кезінде;

Қалпына келтіру әрекетіндегі химиялық заттармен жұмыс кезінде



200 мл

100 мл

11-қосымша

 

Сабын, жуу және зарарсыздандыру құралдарын тегін алуға



құқық беретін жұмыстар мен кәсіптер

ТІЗІМІ

 




Кәсіптің немесе жұмыстың атауы

1.

Аспаз

2.

Қызметтік үй-жайларды тазалаушы

3.

Мұғалім, оқытушы

4.

Аула сыпырушы

5.

Слесарь-сантехник

6.

Слесарь-электрик

7

Лаборант

8

Қазандық операторы, от жағушы

9

Тәрбиешінің көмекшісі

 

 

12-қосымша


Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және

еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы үлгілі ереже (бұдан әрі – Өндірістік кеңес) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау жөнінде кәсіподақ органдарының, қызметкерлердің, жұмыс берушінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалды.

1.2. Өндірістік кеңес ұйым басшысының және (немесе) кәсіподақ комитетінің жазбаша ұсынысы бойынша құрылады.

1.3. Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдері тең негізде кіреді. Уәкілдік саны тараптар келісімімен анықталады. Тараптардың әрқайсысы өзінің өкілін Өндірістік кеңестің құрамынан орнын ауыстырып шақыра алады.

Өндірістік кеңестің құрамына жұмыс берушінің өкілдерін тағайындау ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылса, қызметкерлердің өкілдерін тағайындау кәсіподақ комитетінің шешімімен іске асырылады.

Өндірістік кеңестің құрамына қызметкерлердің атынан міндетті түрде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қосылады.

1.4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңесті осы кеңестің мүшелері қатарынан кеңес мүшелерімен сайланған төраға басқарады. Кеңес мүшелері хатшыны сайлайды.

1.5. Өндірістік кеңестің жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

1.6. Өндірістік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін, барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерді, ұжымдық шартты, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс берушінің локальдық актілерін басшылыққа алады.

1.7. Өндірістік кеңес мемлекеттік еңбек инспекциясымен, сондай-ақ кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясымен өзара іс-әрекет жасайды.

1.8. Өндірістік кеңес өз қызметін төрағамен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

1.9. Осы Ережемен және кеңес жұмысының жоспарымен көзделген міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі оқудан өту кезінде Өндірістік кеңестің мүшелері жұмыс берушінің шешімі бойынша негізгі жұмыстарын орындаудан жалақыларын сақтай отырып босатылады.

1.10. Өндірістік кеңес еңбек ұжымы жиналысының алдында атқарылған жұмыс туралы жылына кемінде бір рет есеп береді.

 

2. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және өзге де іс-шараларды келісу. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу, еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі болашақ және ағымдағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу.



2.2. Қызметкерлерге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайы, денсаулыққа зиян келтіру тәуекелінің болуы, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін қызметкерлерге тиісті жәрдемақылар, жеке қорғаныс құралдары туралы тараптардың ақпараттар беруіне жәрдемдесу.

2.3. Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру мәселелерін келісу, жұмыс берушіге тексеру нәтижелері бойынша, еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

2.4. Жұмыс берушіге еңбекті қорғауға, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытуды ұйымдастыруға, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша белгіленген тәртіптегі нұсқаулықты өткізуді және еңбекті қорғау талаптарын білуді тексеруді ұйымдастыруға жәрдемдесу.

 


  1. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі нұсқауларды жасау мақсатында жұмыс берушінің, қызметкерлердің ұсыныстарын қарау;

3.2. Қызметкерлерді еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы ақпараттандыру;

3.3. Қызметкерлерді жуу және залалсыздандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оларды сақтауды, жууды, тазалауды, жөндеуді, залалсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтер туралы ақпараттандыру;

3.4. Жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті алдын ала және міндетті мерзімді медициналық тексеруді, медициналық тексерістер нәтижелерін есепке алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға жәрдемдесу;

3.5. Зиянды (қауіпті) еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерге белгіленген тәртіпте сүттің және басқа бірдей азық-түліктің, емдеу-алдын алу тағамдарының уақытында тегін берілуіне жәрдемдесу;

3.6. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселелерін қарауға, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды қысқарту жөніндегі ескерту шараларына бағытталған қаражаттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3.7. Жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және ұсыну, еңбекті қорғау талаптарын адал орындаған қызметкерлерді марапаттау;

3.8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі локальдық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды дайындау, аталған жобаларды әзірлеуге және тексеруге қатысу.

 

4. ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС :

4.1. Жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар туралы, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы мен олардың әсерінен қорғау жөнінде қабылданған шаралар, денсаулыққа зиян келтірудің тәуекелі туралы ақпарат алуға;

4.2. Мәжілістерде қызметкерлерді жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайымен және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, олардың еңбекті қорғауға кепілдіктері мен құқықтарының қадағалану мәселелері бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, жұмыс берушінің және оның өкілдерінің хабарламаларын тыңдауға;

4.3. Мәжілістерде еңбекті қорғау талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді тыңдау, жұмыс берушіге оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4.4. Өндірістік кеңестің құзырлығындағы мәселелер бойынша еңбекті қорғау жөнінде ұжымдық шарттың (келісімнің) бөліміне ұсыныстар дайындауға қатысуға;

4.5. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысқан қызметкерлерді ынталандыру туралы ұсыныстар енгізуге;

4.6. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы қолданумен, еңбек жағдайының өзгеруімен, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге заңнамамен көзделген кепілдіктер мен өтемақылардың берілуімен байланысты еңбек дауларын шешуге қатысуға құқылы.

13 қосымша
Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі

техникалық инспектор туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастырушылық құрылымына кіретін білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы осы Үлгілі ереже ХЕҰ-ның 1971 жылғы 23-маусымдағы «Кәсіпорындардағы қызметкерлер өкілдерінің құқығын қорғау және оларға мүмкіндік беру туралы» №135 конвенциясына, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР-ның «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жасалды.

1.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің өкілі болып, кәсіподақ комитетімен сайланады және ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңеспен бекітіледі.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Бақылаудың мақсаты - қызметкерлерге пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың дұрыс және уақытында тексерілуі мен есепке алынуын, қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттану немесе денсаулықтарына келтірілген басқа зақымдану кезінде толық көлемде шығынның өтелуін бақылау болып табылады.

1.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңестің мүшесі болып табылады.

1.4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар ретінде қажетті білімі мен икемі бар, өздерінің іскерлік қасиетімен білім ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс беруші мен оның өкілдерінің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын тұлғалар бола алады.

1.5. Техникалық еңбек инспекторы өз қызметінде мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара әрекет жасайды.



2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің

негізгі міндеттері мен бағыттары
2.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметіндегі негізгі міндет- кәсіподақ мүшелерінің пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

2.2. Барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кәсіподақтардың құқықтарын орындауға жәрдемдесу.

2.3. Әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты ұсыныстар әзірлеп, енгізуге қатысу.

2.4.Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауды, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен талаптарды орындауын, еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қадағалануын бақылауды жүргізу.

2.5. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануға және еңбекті қорғау туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты еңбек дауларын қарау кезінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда, түрлі инстанциядағы соттарда кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру.

 

3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың негізгі міндеттері



мен құқықтары

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін орындай отырып,

3.1. - еңбекті қорғау туралы заңнаманың қадағалануын;

- ұжымдық шарт (келісім) міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

3.2. - жұмыс берушінің лауазымды тұлғасынан өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар туралы мәліметтер, құжаттар, локальдық құқықтық актілер мен қоғамдық бақылау нысанына қатысты мәселелер бойынша өзге ақпараттарды сұратуға және алуға;

- жұмыс берушіге заңнамада, ұжымдық шартта (келісімде) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қарауға міндетті ұсыныстарды беруге;

- лауазымдық тұлғаларға жұмыс орнына алкогольдық, есірткі және уланғыш заттармен мас болу жағдайында келген, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап ететін жеке қорғаныс құралдарын қолданбайтын, заңнамамен көзделген жағдай мен тәртіпте еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруден, нұсқаулықтан, медициналық тексерістен өтпеген қызметкерлерді тиісті күні жұмыстан босатуды ұсынуға;

- өндірістегі жазатайым оқиғаға, апатқа және басқа ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеліп соққан еңбекті қорғау талаптарын бұзушылық анықталған кезде, ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруді және еңбекті қорғау бойынша кезектен тыс нұсқаулықты жүргізу туралы ұсыныстар беруге;

- лауазымды тұлғалардан қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбекті қорғау жөніндегі бұзушылықтарды шұғыл жоюды, ал олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, бұзушылықты жойғанға дейін жұмысты тоқтатуды талап етуге;

- өндірістік кеңес пен кәсіподақ комитетінің мәжілістеріне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау мәселелерін шығаруға;

- анықталған бұзушылықтар бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге;

- еңбек заңнамасымен, ұжымдық шарттармен, келісімдермен көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы.

3.3. - жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын;

- ауа тазарту және жарық беру қондырғыларының, жабдықтардың, құралдардың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, көлік және жүк көтергіш құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін;

- жұмысшылардың қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен уақытында қамтамасыз етілуін, оларды дұрыс пайдалануды және тиісті күтім жасауды (жөндеу, жуу және т.б.) ұйымдастыруды;

- еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты жүргізу және жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз тәсіліне үйрету сапасы мен уақыттылығын;

- санитарлық-тұрмыстық үй-жай жағдайын, жұмысшыларды сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуді, ауыз су режимін ұйымдастыруды;

- жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнаманың қадағалануын бақылайды.

3.4. - өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге;

- еңбекті қорғау мен еңбек жағдайының санитарлық-техникалық жай-күйлерін төлқұжаттауға;

- ғимараттар мен құрылыстардың пайдалануға дайындығын олардың еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына;

- еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізу жөнінде іс-шараларды дайындауға қатысады.




4. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру

және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
4.1. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз жұмысында заңнаманы, өндірістік кеңес туралы Ережені, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысын, еңбекті қорғау жөніндегі ереже мен нұсқаулықты, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4.2. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор өз қызметін жұмыстың тікелей басшыларымен, мекемедегі (кәсіпорындағы) еңбекті қорғауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен, бастауыш кәсіподақ ұйымымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен байланыста құрады.

4.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбекті қорғау жөніндегі заңнама бұзушылықты, ұжымдық шарттың (келісімнің) орындалмауын анықтаған жағдайда:

- бұл туралы жұмыс берушіге хабарлап, бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдауды ұсынады;

- ұжымдық шарттағы (келісімдегі), заңнамалық актілердегі анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар береді.

4.4. Нұсқаулықтар екі данада жасалады: бір данасы жұмыс берушіге тапсырылады (жіберіледі), екіншісі – бақылауды жүргізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторда бақылау үшін қалады.

4.5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы:

- оларды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен ақпараттандыруды, бақылау нысанына жататын нормативтік құжаттар және нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

- еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөнінде енгізілген ұсыныстарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың болымды жұмыс тәжірибелерін жинақтап, оның таратылуын қамтамасыз етеді;

- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыруды қарастырады.

4.6. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін жұмыс берушінің лауазымды тұлғалары заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

14 қосымша

Еңбекті қорғау жөніндегі келісім
Еңбекті қорғау жөніндегі осы Келісім – білім ұйымдарындағы еңбекті қорғау бойынша шараларды өткізу мен жоспарлаудың құқықтық нысаны.

Еңбекті қорғау бойынша шараларды жоспарлау өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды ескертуге, қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз етуді, еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Осы Келісім ұжымдық шартқа қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және оның ажырамас бөлшегі болып табылады.

Жұмыс беруші Келісімде көрсетілген мерзімде төмендегі шараларды өткізуге міндеттеледі:




Шараның атауы

Өткізу мерзімі

1. Ұйымдастырушылық шаралары

1.1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2007 жылғы 23-тамыздағы «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру Ережесін бекіту туралы» № 205-ө бұйрығына сәйкес еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеру.

Жүйелі түрде, нормативтер бойынша

1.2. Қызметкерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету.

Үнемі

1.3. Жұмыс түрлері мен кәсіптер бойынша бөлек, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар әзірлеу, бекіту және көбейту.

Нұсқаулықты кәсіподақ органдарымен келісу.



Жыл сайын,

1-тоқсан



1.4. Кіріспе нұсқаулықтың және бөлек жұмыс орнындағы нұсқаулық бағдарламасын әзірлеп, бекіту.

Жыл сайын,

10-қаңтарға дейін



1.5. Бекітілген үлгілер бойынша жұмыс орнында және кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету.

Жыл сайын,

10-қаңтарға дейін



1.6. Ұйымдарды еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету.

Үнемі

1.7. Ұйымдағы жұмыс түрлері мен кәсіптер тізімін әзірлеу және бекіту:

- алдын-ала және мерзімді медициналық тексеру қажет қызметкерлер;

- қауіпсіздіктің аса жоғары талаптары қойылатын қызметкерлер;

- арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлер;

- қауіпті және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарына өтемақы тиесілі қызметкерлер;

- сабын және басқа зарарсыздандыратын құралдар тиесілі қызметкерлер.



Үш жылда бір рет

1.8. Ғимараттар мен басқа құрылыстарды қауіпсіз пайдалану сәйкестігіне орай жалпы техникалық тексеру жүргізу.

Жылына 2 рет:

Наурыздың

1-онкүндігі, тамыздың

3-онкүндігі



1.9. Еңбекті қорғау жөніндегі комиссияны ұйымдастыру

Жыл сайын,

1-тоқсан



1.10. Еңбекті қорғау жөніндегі әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және өткізу

Жыл бойы үнемі

1.11. Қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру жөніндегі комиссияны ұйымдастыру


Әр жылдың қаңтары

2. Техникалық шаралар

2.1. Су және газ өндірістік коммуникациялары мен құрылғыларын қауіпсіз қолдану және авариялық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру, қорғау және дабыл қондырғыларын орнату.

2017 жылға дейін

2.2. Қызметкерлердің қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қолданыстағы ұжымдық қорғану құралдарын жетілдіру.

Үнемі

2.3. Жұмыс орындарында, тұрмыстық үй-жайларда, бұқаралық өтетін жерлерде, аумақта жарықтандыру бойынша нормативтік талаптарды орындауды жақсарту мақсатында жарықтандыру арқауларын, жасанды жарықты орнату.

2017 жылға дейін

2.4. Өндірістік жабдыққа, коммуникацияға және басқа да объектілерге дабыл түстері мен қауіпсіздік белгілерін қондыру.

2016 жылдың

1-жартыжылдығы



2.5. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көзі болып табылатын өндіріс қалдықтарын уақытында жою және зарарсыздандыру, өндірістік үй-жайлардың жұмысын механикаландыру, ауа өткізгіштер мен желдеткіш қондырғыларды тазарту.

Үнемі

2.6. Нормативтік санитарлық талаптар, құрылыс нормалары мен ережелерін орындау мақсатында ғимараттарды (өндірістік, әкімшілік, қойма және т.б.) жаңарту.

Үнемі

2.7. Қауіпсіз пайдалану сәйкестігіне ғимараттардың электр жүйелері сымдарын оқшаулау және жерге тұйықтау қондырғыларын сынаудан өткізу.

Нормативтерге сәйкес

3. Емдеу-алдын- алу және санитарлық-тұрмыстық шаралар

3.1. Қызметкерлердің алдын ала және мерзімдік медициналық тексерістері.  

Жылына 1 рет, қызметкерлердің жеке санаттары үшін жылына

2 рет


3.2. Қызметкерлердің демалатын бөлмелерін жасақтау.

2016-2017 жылдар

3.3. Санитарлық бекеттерді жабдықтау және оларды алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишаларымен қамтамасыз ету.

2016 жылдың

1-жартыжылдығы



3.4. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қайта жасау және жабдықтау (киім ілетін жер, санитарлық торап, арнайы киім сақтау және беру орны).

Шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде

4. Жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

4.1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2007 жылғы 31-шілдедегі «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» № 184-ө бұйрығына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру.

Нормативтерге сәйкес

4.2. Қызметкерлерді бекітілген нормаларға сәйкес сабынмен, жуу зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету.

Нормативтерге сәйкес

4.3. Электр тогымен зақымданудан жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету (диэлектр қолғап, диэлектр кілемшелер, айырғыш сабы бар құралдар)

Нормативтерге сәйкес

4.4. Көру органдарын қорғауды қамтамасыз ету (қорғау көзілдірігі, бетке арналған қорғау қалқандары)

Нормативтерге сәйкес

4.5. Тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету (респираторлар, газтұтқыштар)

Нормативтерге сәйкес

4.6. Есту органдарын қорғауды қамтамасыз ету (қосымша-беруштар, наушниктер)

Нормативтерге сәйкес

4.7. Басты қорғауды қамтамасыз ету (каскалар, шлемдер, телпектер, береттер, қалпақтар және т.б.)

 

5. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар

5.1. Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту.

2016 жылдың

1-тоқсаны



5.2. Өртке қарсы кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналдарымен, жұмыс орындарындағы өртке қарсы нұсқаулықты тіркеу журналдарымен, сондай-ақ өрт сөндірудің алғашқы құралдарын есепке алу журналдарымен қамтамасыз ету. 

Әр жылдың 10-қаңтарына дейін  

5.3. Өрт шыққан жағдайда адамдарды көшірудің жоспар-сызбасын және нұсқаулықтар әзірлеп, ұйымдарды қамтамасыз ету.   

Жыл сайын,

1-тоқсан


5.4. Өрт шкафтарын орнату және оларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау.

2016 жыл

5.5. Ұйымдарды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз ету (құм, өрт сөндіргіштер және т.б.)

Үнемі

5.6. Жұмыскерлерді, тәлімгерлерді, тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына оқытуды ұйымдастыру және барлық персоналды көшіру жөнінде жаттығу шараларын өткізу.

Оқыту жоспарына сәйкес

5.7. Ағаш құрылымдарды оттан қорғауды қамтамасыз ету.

2016 жыл

5.8. Запастағы көшіру жолдарын жарамсыз жиһаздар сақтаудан босату.

Үнемі

5.9. Терезелерде құлыппен жабылатын «кеңінен ашылатын» металл торлар орнату.

2016 жыл

 
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет