1. X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалалардың шоғырланған жері:
A) Қуаңдария мен Жаңадария аралығы
B) Талас пен Ертіс бойы
C) Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсы
D) Арал маңында
E) Іле бойында
|
2. «Қазақ-өзбектер» деп аталған тұрғындар мекендеген мемлекет:
A) Моғолстан
B) Ақ Орда
C) Ұйғыр мемлекеті
D) Монғол мемлекеті
E) Ноғай Орда
|
3. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде:
A) Түрлі діни ағымдар пайда болды
B) Қазақ хандығы құрылды
C) Бөкей ордасы құрылды
D) Ішкі феодалдық тартыстар өрши түсті
E) Моғолстан мемлекеті құрылды
|
4. Орта ғасырлардағы эпостық жыр:
A) «Айман-Шолпан»
B) «Қыз Жібек»
C) «Оғызнама»
D) «Құтты білік»
E) «Ер Қосай»
|
5. А.Маслов экипажының құрамында болған Халық Қаһарманы атағын алған қазақстандық:
A) Т.Тоқтаров
B) И.Карпов
C) В.Клочков
D) М.Габдуллин
E) Б.Бейсекбаев
|
6. КСРО кезіндегі Қазақстан аумағындағы ең үлкен ядролық сынақ полигоны:
A) Капустин Яр
B) Маңғыстау
C) Семей
D) Возрождение
E) Балқаш
|
7. Сұлудан кейін билікке келген Түргеш қағаны:
A) Тұқарсан Құтшар
B) Сақал
C) Жыпыр
D) Үшлік
E) Қапаған
|
8. Мауараннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше жорық жасаған Алтын Орда билеушісі:
A) Мамай
B) Жәнібек
C) Тохты
D) Тоқтамыс
E) Өзбек
|
9. 1598 жылы Қазақ хандығының билігін қолына алған Тәуекел ханның інісі:
A) Шығай хан
B) Тұрсын хан
C) Жалым сұлтан
D) Есім хан
E) Жәңгір хан
|
10. Қазақстанның солтүстігінде 1735 жылы салынған бекініс:
A) Семей
B) Обск
C) Омбы
D) Қызылжар
E) Ор
|
11. Исатай әскерімен жазалаушы отряд арасында Тастөбе жерінде шайқас өтті:
A) 1980 ж. қарашада
B) 1836 ж. қарашада
C) 1838 ж. қарашада
D) 1837 ж. қарашада
E) 1839 ж. қарашада
|
12. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісінің басшылары өтіп кетті:
A) Иранға
B) Ресейге
C) Қытайға
D) Кавказға
E) Хиуа хандығына
|
13. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Шыңғыс тұқымы сұлтандарға берілген жеңілдік:
A) Әскери міндеттен босатылды
B) Тегін көлік берілді
C) Салықтардан босатылды
D) Тегін баспанамен қамтамасыз етілді
E) Тегін азық-түлікпен қамтамасыз етілді
|
14. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары жерінің біраз бөлігі Ресей қарамағына өткен хандықтар:
A) Иран, Бұхар, Хиуа
B) Қоқан, Иран, Бұхар
C) Бұхар, Ауғанстан, Иран
D) Хиуа, Бұхар, Жоңғар
E) Қоқан, Хиуа, Бұхар
|
15. XX ғасырдың басында қазақ кітаптарын басып шығару ісі қолға алынған қаланың бірі:
A) Баку
B) Ашхабад
C) Ташкент
D) Екатеринбург
E) Пішпек
|
16. 1926 жылғы халық санағы бойынша Республика халқының саны:
A) 6 млн. 500 мың
B) 4 млн. 800 мың
C) 5 млн. 750 мың
D) 5 млн. 230 мың
E) 4 млн. 600 мың
|
17. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді:
A) Кәсіпорындарды жекешелендіруге
B) Шетелден жұмыс күшін әкелуге
C) Еңбек міндеткерлігіне
D) Жеке партия құруға
E) Жалдама еңбекті қолдануға
|
18. «Хрущев жылымығы» аталған саяси термин тән уақыт:
A) Ұлы Отан соғысы кезеңі
B) КОКП ХХVІІ съезінен кейінгі кезең
C) КОКП ХХ съезінен кейінгі кезең
D) Қайта құру кезеңі
E) 30-жылдардағы репрессия кезеңі
|
19. 1992 жылы маусымда бекітілді:
A) Сайлау туралы кодекс
B) Ту мен Елтаңба
C) Тіл туралы заң
D) Білім туралы заң
E) Қазақстан Республикасының әнұраны
|
20. Қола дәуірінің Петровка қонысы орналасқан аумақ:
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
|
21. Ғалымдардың пайымдауынша савромат, сарматтардың б.з.б. 2-1 ғасырдағы саны:
A) 14 мың
B) 18 мың
C) 10 мың
D) 12 мың
E) 15 мың
|
22. ХІХ ғасырда шетелдіктерге сатылған Қазақстан жеріндегі кәсіпорын:
A) Құмкөл мұнай кені
B) Майқайың алтын кені
C) Қаражыра көмір кені
D) Қарағанды көмір кені
E) Созақ уран кеніші
|
23. 1905 жылы М.Дулатұлы қазақтың зиялылары белсене қатысқан саяси шеру өткен қала:
A) Ақмола
B) Орал
C) Перовск
D) Қарқаралы
E) Қостанай
|
24. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді» деп жазды:
A) Ә.Бөкейханов
B) А.Байтұрсынов
C) С.Сейфуллин
D) М.Жұмабаев
E) М.Дулатов
|
25. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған құжат:
A) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы
B) Қазақстан Республикасының егемендік туралы Декларациясы
C) Ядролық қаруды таратпау туралы келісім
D) ТМД-ы құру туралы Декларация
E) Қазақстан тәуелсіздігі туралы конституциялық Заң
|